3. Қорытындылау.
114
Тақырыбы: Қазақтың баспанасы - киiз үй
Мақсаты: Халқымыздың ежелден дәрiптеп келген салт-
дәстүрлерi мен тағылымдарын бойына сiңiрiп өскелең
ұрпақты iзгiлiкпен парасаттылыққа баулып тәрбиелеу.
Көрнекiлiгi: Киiз үйдiң моделi, жиһаздары, отау, шаңырақ
жөнiнде даналық сөздер жазылған плакаттар.
Тәрбие сағатының барысы:
І жүргізуші:
Ертеде мал баққан көшпелi халықтардың қысы-жазы
отыратын баспанасы киiз үй болған. Ол тез жығып, түйеге
артып жүре беруге, шапшаң тiгуге ыңғайлы, көшiп-қонуға
лайықтап жасалған. Киiз үй заманымыздың VII ғасырында
кеңiнен пайдаланылып, киiз басу белгiсi бiр еңбек кәсiбiне
айналған. Оған Алтай, Сiбiр, Қырым таулы-тастарындағы
сурет таңбалар айғақ бола алады. Ұзақ жылғы тәжiрибе
негiзiнде халық киiз үйдiң ұйтқып соққан желге
жығылмайтынына,
нөсерлеп
құйған
жаңбырды
өткiзбейтiнiне көзi жетiп, оны баспана етудi әдетке
айналдырған.
Киiз үйдiң көшiп-қонуға ыңғайлылығымен бiрге жазда
ауасы таза, салқын болады. Қос қабаттап киiз жапқан үйде
ертеде ата-бабаларымыз қыста да қыстап шыққан.
Балшықтан соққан там үйлер бертiн келе тұрақтанып
егiншiлiкпен айналыса бастаған кезде пайда болған.
Қазақтың киiз үйi сыртқы жабуына қарай «Үзіктi»,
«Көтерме туырлықты», сүйегінiң уақ-iрiлiгiне қарай: «Ақ
орда», «Ақ отау», «Алтын орда», «Хан орда», және
«Қараша үй», «Қара лашық», «Абылайша», «Ұраңқай»,
«Жолым үй» сияқты түрлерге бөлiнедi.
Киiз үйдiң сүйегi дегенiмiз, ол-кереге, сықырлауық,
уық, шаңырақ. Ендi осыларға жеке-жеке тоқталайық.
Кереге-киiз үйдiң қабырғасын құрайды. Кереге жасау үшiн
шыбық талды кептiрiп, оны қоламтаға төсеп балқытып,
арнаулы үлгiмен ырғақта қатырады. Үлгiге келген талды
115
жонып бояйды, түйенiң мойын терiсiнен жасаған таспамен
көктейдi. Бұл жөнiнде мынадай тақпақ бар.
Гүлбақыт –
«Мықты болса iргемiз,
Бәрiмiз де бiргемiз.
Сонда құт пен береке», -
Деп жатады ел неге?
Үй тұрмайды орнығып,
Керiлмесе кереге.
Уық та керегеге ұқсас әдiспен даярланады. Уықтың
керегеге жақын бүгiлiсiн «иiнi», ал шаңыраққа байланысар
бөлiгiн «қары» дейдi:
Достарыңызбен бөлісу: |