122
1-оқушы:
Ұлыстың ұлы күні қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде,
әдет-ғұрпында
ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп
келе жатқан мейрам! «Наурыз»
парсы сөзі, қысқаша
айтқанда «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн
Наурыздың
22-жұлдызында мерекеленген. Яғни бұл күн мен түннің
теңеліп, көктің шыға бастайтын кезі, Наурызда жеті түрлі
заттан жасалатын Наурыз көже пісіріліп, дастарғханға жеті
түрлі дәм қойылады.
2-оқушы:
Халқымыздың рухани мұраларының бірі салт-дәстүрлер
арқылы ұрпаққа адалдық, имандылық, ақыл, еңбек, отбасы
тәрбиесіне байланысты тәлім берілетіні ежелден белгілі.
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем,
Жарығыңмен, шуағыңмен күн анам
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
3-оқушы:
Жыр сыйлаған,
нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік те,
Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
Достарыңызбен бөлісу: