30
Әдістемелік
нұсқау: Бекітілген
класта тәрбие
шараларын ұйымдастырып өткізу. Өткізген шараның
жоспар-конспектісі
студент-практиканттың
портфолиосында болуы тиіс.
4) Тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарларын
жоспарлау.
Әдістемелік нұсқау: Пән
мұғалімінің әдістемелік
жоспары негізінде бекітілген класқа екі сабақ конспект-
жоспарын құрып, студент-практикант өткізуі тиіс және
өткізген сабағы студент-практиканттың
портфолиосында
болуы тиіс.
ІІ. Жеке тұлғаның психикалық процестерінің даму
диагностикасы.
Диагностика (грек сөзі: диа - ашық,
айқын және
гнозис - білу) - зерттелетін объект немесе үрдіс туралы
алдын- ала ақпарат алудың жалпы тәсілі.
Оқу-педагогикалық
практикада
оқушының
даму
деңгейіне байланысты жетістіктерді дер уақытында
зерттеп тұру қажеттігі күннен-күнге үлкен
маңызға ие
болуда. Бұл қажеттік тұлғаның қалыптасу процесін тиімді
басқару үшін, ондағы жүріп жатқан өзгерістердің
тереңдігін, қарқыны мен ерекшеліктерін білу керектігінен
туындаған. К.Д.Ушинский: «Егер
педагог адамды барша
тараптан тәрбиелегісі келсе, онда ол сол адамды ең
алдымен жан-жақты білуі шарт»
- деп өз уақытында
диагностиканың нақты оқу тәрбие процесіндегі маңызын
баса
көрсеткен.
Сондықтан
да,
даму
желісін
диагностикалау жоғары мамандық пен жауапкершілікті
талап ететін өте маңызды практикалық іс болып табылады.