58
сабақтарды талдау үшін жоғарыда айтылғандарға қоса
келесі жағдайлар ескерілуі қажет:
- берілген жұмысты орындау үшін оқушылардың жұмыс
орнының дайындығы (қажетті жабдықтармен қамтамасыз
етілуі);
- кіріспе нұсқаулықтың сапасы және толықтығы, оны
оқушылардың қабылдауы. Оқушылардың теориядан алған
біліміне сүйену;
- мұғалімнің сабақтағы іс-әрекеті (нұсқауды талдау,
тәжірибені өткізу тәртібі мен жүйелілігінің нұсқауға сай
келуі, тәжірибелік әдістерге жаттығулар орындау, нақты
бұйымдар жасау, оқушылардың орындалатын жұмысты
түсініп орындауы, өмір қауіпсіздігінің сақталуы, өз пәніне
байланысты
оқушылармен
жеке
жұмыс
істеу,
қорытындылау және т.б.);
- оқушылардың іс-әрекеттері (белсенділігі, тәртіп және
жұмысты орындау жүйелілігі жөніндегі нұсқаудың
сақталуы, өмір қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы және
т.б.);
- мұғалімнің қорытындылау нұсқаулығы, оқушы өз
бетінше орындаған жұмыстар, қателіктерді көре білуі,
олардың себебі, олардың алдын алу және жөндеу.
жолдары.
Кез келген сабақты талдау кезінде оның танымдық
мағынасын ғана емес, сонымен бірге тәрбиелік жағын да
көрсету қажет, өйткені болашақ маман бойында келесі
қасиеттерді тәрбиелеу керек: жұмыста ұқыпты болу,
нақтылық, жылдамдық, жұмыс орнындағы жинақтық,
жабдықтарға жанашырлық.
Сабақты талдаудың бұл үлгісін толығымен немесе
жартылай, түрін өзгертіп те қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: