Тақырыптық 1 сынып сағатының сценарийі
Сынып сағат жоспары
Пән
|
Тарих
|
|
Мұғалім
|
Жаксыгалиева Гүлназ
|
Мектеп, сынып
|
Құлсары қаласы, 8 мектеп
8-сынып
|
Сабақ тақырыбы
|
Әлемдік театрлардың тарихы
|
Сабақтың тақырыбы
|
Әлемдік театрлардың тарихы
|
Даму мақсаты
|
Проблемалық оқыту әдісі арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту
|
Оқу мақсаты
|
Оқушылар өнерсүйгіш болуға, отандық және әлемдік мәдениетке құрметпен қарауға машықтанады.
|
Оқу критерийлері
|
– Әлем театрларының пайда болуы туралы сипаттайды, көзқарастарын білдіреді.
– Театрдың пайда болуын ауызша немесе жазбаша түсіндіреді.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Грек театры туралы ауызша немесе жазбаша түсіндіреді.
Пән лексикасы және терминология:
Қазақша
|
Русский
|
English
|
Дионис
|
Дионис
|
Dionysus
|
Афина
|
Афина
|
Athena
|
Амфитеатр
|
Амфитеатр
|
Amphitheater
|
Драма
|
Драма
|
Drama
|
Диалог құруға/жазылымға қажетті пайдалы сөздер топтамасы:
Ежелгі... ...Құдайының құрметіне арнап, ән және бимен байланыстырылған... пайда болды.
Алғашқы тұрақты театр ғимараттары – ...деп аталды.
Гректер… делінетін қойылымдар қойды.
|
Дағдылар
|
Білу және білімді қолдану.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс істей алу дағдысы, академиялық шынайылық қалыптастыру.
|
АКТ-ны қолдану дағдылары
|
АКТ-да мәліметтер алу, деректермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
|
Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жұмыс
|
Ресурстар
|
0 - 5
|
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Шеңбер бойымен тұрғызылып, көңіл күйлері сұралады.
Оқушылардың әрқайсысына әріптерінің орындары ауыстырылған сөздер беріледі.
|
Сергіту сәті
|
6– 10
11-15
16 -25
26-30
31-- 37
38-43
43-45
|
Сыныппен жұмыс. «Ой қозғау».
Оқушылардың ой-пікірлерін білу.
Бұл сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай. Жауабы: ТЕАТР.
Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларды «Тәттіге толы сандық» арқылы топқа бөлу. Оқушылар жеке-жеке келіп сандықтың ішіндегі 3 түрлі конфеттерді алу арқылы топтарға бөлінеді.
1-топ: Амфитеатр.
2-топ: Драма.
3-топ: Театр.
ІІ Жаңа оқу мақсатын түсіндіру
«Кел, ойланайық!» белсенді оқыту әдісі жүргізіледі. Оқушылар берілген тапсырмалармен ізденіс жұмыстарын жүргізеді.
1-топ: Афина және қазіргі заман тарихы
2-топ: Грек еліндегі театрлар
3-топ: Актёрлер мен амфитеатрлар
Топтық жұмысты бағалау.
р/с
|
Критерийлер
|
Талпынды
|
1
|
Топ мүшелерінің ынтымақтастығы
|
|
2
|
Мақсатты аша алуы
|
|
3
|
Тапсырманы бүгінгі оқу мақсатымен байланыстыруы
|
|
4
|
Мысалдар келтіру, өмірмен байланыстыру
|
|
Келесі кезекте оқушыларға жұптық жұмыс жүргізу тапсырылады, жұмыс мақсаты түсіндіріледі:
Сілтемеде берілген суреттерге сәйкес келетін сөздердің дұрыс жауабын ұяшықтан тауып қой.
Жұптар бірін-бірі бағалайды:
Сұрақтар
|
Жетті
|
Талпынды
|
1
|
|
|
2
|
|
|
ІV Қорытынды
Сабақты қорытындылау мақсатында сілтеме арқылы тест жұмысын орындау.
Кері байланыс
«Бағдаршам» арқылы алған білімдері бойынша кері байланыс орнатады.
Қызыл түс – түсінген жоқпын;
Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар;
Жасыл түс – барлығы түсінікті.
Үйге тапсырма беру
Қаламызда қандай театрлар бар? Онда қазір қандай қойылымдар болып жатыр?
|
Проблемалық сұрақтар
Презентация көрсетіледі.
Постер жасау, маркер, таратпа мәтін,
Абайдың 17 қара сөзі
Бағалау парақшаларымен жұмыс
Сілтеме
Таратпа қағаздар
Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау.
«Бағдаршам» әдісі
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциация – Көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарламақшысыз?
|
Пәнаралық байланыстар
Денсаулық және қауіпсіздік
АКТ-менбайланыс
Құндылықтармен байланыс
(тәрбиелейтін элемент)
|
Барлық оқушылар: Театр туралы сипаттай алады
Оқушылардың көпшілігі: Әлем театрларын салыстыра алады
Кейбір оқушылар: Ежелгі Афиналық және қазіргі замандағы театр арасындағы айырмашылыққа өз көзқарасын білдіреді.
|
Оқушылардың түсінгендігін анықтау үшін келесі сабақта оқушыларға сұрақ қою қажет.
|
Тәжірибе жасау барысысында қауіпсіздік ережесін сақтау. Сабақта АКТ қолдану.
Қазақ әдебиеті, информатика, дүние жүзі тарихы
|
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма?
Оқушылар бүгін нені үйренді?
Сыныпта қандай атмосфера болды?
Мен жүргізген дифференциация іске асты ма?
Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен?
|
Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).
Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?
1
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?
1:
2:
Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?
|
Топпен дайындап 1 сынып сағатын сабақта онлайн немесе оффлайн өткізу жайында ақпарат
(Іс-шараның тақырыбы, фотосуреттер)
“Сыныпқа мінездеме”
Құлсары қаласы Абай атындағы №5 орта мектептің 5 «А» сыныбына 2009 – 2010 оқу жылының басында 28 оқушы қабылданды. Оның «18» - қыз, «10» - ұл.
Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепшілік, сынып аралық іс – шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан. Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған.
Сыныптық дәстүрлі мерекелері: күнтізбелік мерекелер, әрбір оқушының туған күндері болып саналады. Бұл күндері барлық ұжым мүшелері ұйымшылдықпен мерекелік ертенгілік түрінде өткізеді.Мерекелік жалпы қалалық дәстүрлі жиындарға, айлық, жарыстық конкурстарға қатысып отырады.
Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып,танымдық қабілеттерін ұштап отырады.
Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады.
Оқушыға мінездеме
Серикова Айгерим Асхатқызы 2010 жылдың 10 айында дүниеге келді. Айгерим осы мектепте 1 сыныптан бастап оқиды. Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Айгерим сынып старостасы. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай сурет салғанды ұнатады. Айгерим толық отбасында тәрбиеленеді, ол ата – анасына үй шаруасымен көмектеседі. Жалпы, Айгеримде сырлы мінез, оның мінезі ашық, жүрегі кең – пейілді оқушы деуге болады, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі Айгерим көп кітап оқығанды ұнатады, өз білімін жан – жақты жетілдіреді.Айгерим мектепте оқып жүрген уақыт ішінде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды, мектепте өтетін іс – шараларға белсене араласады, берілген қоғамдық жұмыстарға жауаптылықпен қарайды. Сынып ішінде, оқушылар арасында беделді, өзінің білімімен жан-жақты оқушы екенін көрсетіп, кішілерге қамқор көрсетіп, үлкендерге құрмет көрсетеді.
Айсәуле, осы мектепте 5 – сыныптан бастап оқиды. Айсәуленің мінезі ашық, жүрегі кең – пейілді оқушы деуге болады. Айсәуле 1 сыныптан бастап оқу екпіндісі болып келеді. А. Айсәуле мектепте оқып жүрген уақыт ішінде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды, мектепте өтетін іс – шараларға белсене араласады, берілген қоғамдық жұмыстарға жауаптылықпен қарайды. Сынып ішінде, оқушылар арасында беделді, өзінің білімімен жан-жақты оқушы екенін көрсетіп, кішілерге қамқор көрсетіп, үлкендерге құрмет көрсетеді. Айсәуле әдеби кітаптар оқығанды ұнатады, үйінде ата – анасына үй шаруасы жұмыстарын жасауға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |