Шетелдердегі музыкалық тәрбие беру жүйесі



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі22,25 Kb.
#19039
  1   2

Тақырыбы: Музыкалық тәрбие берудің авторлық жүйелері мен әдістемелері: шетелдік және отандық.

Жоспар:

  1. Шетелдердегі музыкалық тәрбие беру жүйесі.

  2. Отандық музыкалық тәрбие беру жүйесі

  3. Бастауыш мектептегі музыкалық білім берудің мазмұны.


Мақсаты: Балаларға музыкалық тәрбие берудегі шетел және отандық жүйелермен және әдістерімен таныстыру.
1. Музыкалық тәрбие беру жүйесі жалпы педагогикалық жүйенің кез келген саласы тәрізді сан қырлы және күрделі болып келеді. Бұл жүйеге музыкалық тәрбие беретін ұстаздың қызметі, ол тәрбиені белсенді түрде қабылдауға тырысатын баланың іс-әрекеті, тәрбиелеу құралы, бәрінен де бұрын музыка өнері және баланың музыкалық қызметін ұйымдастыру формалары жатады. Музыкалық тәрбие беру жүйесіне көптеген мемлекеттердің музыкант-ұстаздарыныңң, музыка зерттеушліренің, композиторларының көзқарасы әр түрлі болып келеді. Оны халықаралық музыкалық тәрбие беру қоғамы (ИСМЕ) материалдарынан байқауға болады. Бұл қоғам өткен ғасырдың 1953 жылы құрылған және ол екі жылда бір рет конгресс өткізіп тұрады. Әр конгресстің өз тақырыбы болады. Мысалы, Мәскеуде өткен конгрессте (1970ж). «Баланың жеткіншектердің, жастардың жастардың өміріндегі музыканың ролі» тақырыбы талқыланса, 1980 жылы Варшавада өткен конгрессте «Музыкалық тәрбие негізі – ұлттық мәдениет» тақырыбы қарастырылды.

Сөз жоқ, шетелде де музыкалық тәрбие беру жүйесімен айналысатын алдыңғы қатарлы прогрессивті көзқарастағы музыка қайраткерлері аз емес. Олардың бірі – Зальцбургте институт ашқан Австрияның белгілі музыка қайраткері, композитор Карл Орф өзінің педагогикалық қызметінің ең негізгі мақстаы – ол тұлғаның бойындағы шығармашылық потенциалды дамыту деп біледі. «Кейін ол бала мейлі музыкант болсын, мейлі дәрігер болсын, ғалым немесе жұмысшы болсын бәрібір», - деп жазады Карл Орф. Өзінің «Шульверк» деген әдістемелік құралында, - «ұстаздың мақстаы бала бойындағы шығармашылық қасиеттерді, шығармашылық ойлауды тәрбиелеу. Мына индустриялық өмірде адам бір жақсы нәрсемен айналысқысы, бір нәрсе жасағысы келеді, біз оған көмектесуіміз керек».

Карл Орфтың музыкалық тәрбие жүйесі музыканың қарапайым түрімен айналысу барысында жүзеге асырылады. Оның мәні – музыка мен сөздің, оның ырғағы мен әуенінің синтездеу. Музыка сондай-ақ қимыл-қозғалыстармен, пантомимомен, театрландырылған ойындармен де байланыстырылады. Міне осыдан-ақ, оның синтетикалық және шығармашылық әркетінің сипаты анық байқалады.

Карл Орф балаларға арнайы музыкалық аспаптар жасады (металлофон, соқпалы ксилофон, үрлемелі аспаптар) және олардың сапасы өте жоғары болды, сондай-ақ халық әндері кеңінен қолданылған жинақ құрастырды. Автор өзінің осы дидактикалық жүйесінің басқа елдерде де жалғасын табатынына сенімді болды. Шынында да көптеген мемлекеттерде К.Орфтың принциптеріне негізделген, бірақ өз елдерінің халық музыкасын қолданған «Шульверктің» ұлттық нұсқалары пайда болды.

Музыкалық тәрбиенің ірі теоретигі, атақты Венгрия композиторы Золтан Кодайдың да бұл істе өзіндік орны бар. Ол музыкалық тәрбие беруді жалпры мемлекеттік тұрғыда қарастыруды ұсынды. Оның жүйесі балар бақшасынан бастап, мектеп, педагогикалық училищелер және ЖОО-да бірдей жалғасуы тиіс болды. Ол хормен ән айтуға үлкен мән берді. З.Кодайдың пікірінше – «Ең жақсы аспап – ол адамның дауысы, тек сол ғана жалпыға міндетті мәдениеттің гүлденуі үшін құнарлы негіз бола алады». Сондықтан да З.Кодайдың жүйесі бойынша аспаптық музыка тек 3-4 сыныптарда ғана енгізіледі, басқа ұлттардың әндерімен де сол кезде таныса бастайды.

З.Кодай әнді нотамен айту үшін релятивті жүйеге негізделген арнайы жүйе құрастырды. Ол жүйе бойынша әр дыбыстың әріптік аты, ырғақты буындар арқылы түсінудің шартты белгілері («ти» - сегіздік нотаны, «та» - төртік нотаны білдіреді) және әр дыбыстардың жүруын қол арқылы көрсететін белгілер бар. Осы белгілерді қолдана отырып, музыканың сазын, дыбыстың биіктігін, әнді жақсы, сапалы айту үшін біраз жетістіктерге қол жеткізуге болатын. Венгерлік зерттеуші К.Форраидың мәліметі бойынша балалар бақшасында З.Кодайдың жүйесімен тәрбие алған балалардың 80-89 пайызы мектепке барғанда әнді таза айтатын болған.Музыкалық тәрбие теориясына елеулі үлес қосқан белгілі музыка қайраткері және композитор Д.Б.Кабалевский. Оның жүйесі балаларды музыканы тыңдап қана қоймай, оны ести білуіне, қабылдап қана қоймай оның мазмұнына, сипатына назар аударуына қол жеткізу керек екендігін айтады. Ең алғашқы күннен бастап балалардың назарына ұсынылатын музыкалық шығармалар музыканың үш жанрының төңірегіне топтастырылуын қажет деп тапты ол – ән, марш, би. Д.Б.кабалевский ол туралы өзінің құрастырған бағдарламасында былай деп жазады: Үш кит – ән, би, марш – музыканың ең негізгі үш саласы. Осыларды меңгере отырып бала бірте – бірте музыканың күрделі жанрларын да білетін, ұғынатын болады.

Э.Жак– Далькроз (1865-1950ж) 18 жыл бойы Женева консерваториясында музыкалық– теориялық пәндерден сабақ берді. Ол өзінің бүкіл педагогикалық қызметін ырғақ феноменін зерттеуге арнады. Оған түрткі болған мына жағдай болатын: Алжирде болған кезінде ол жергілікті тұрғындардың қимыл– қозғалыстарының тамаша координацияларына, өте күрделі ырғақтық құрылымдарды аса дәлдікпен орындайтындықтарына қайран қалады. Бұл оның әрі қарай ырғқты үйретудің жаңа жолдарын табуға итермелейді, сөйтіп бірте–бірте оның авторлық жүйесі қалыптасады. Алдыңғы кезде ол ырғақтық гимнастика деген атпен белгілі болады.

1909-1910 оқу жылында оның класында 359 оқушы сабақ алады, сол жылы оның алдынан ғажайып перспективалар ашылып, шетелдерде оның ырғақтық жүйесі қанатын кең жая бастады.

Э.Жак–Далькроз жүйесінің мақсаты («Дененің рухани жаттығулары») адамды өзін–өзі тануға жетелеу, өзінің күші және шығармашылық мүмкіндігі туралы анық білу, дене және психологиялық комплекстерден арылу, өмірге қызығушылық таныту. Ол туралы Э.Жак–Далькроз былай деп жазады: «Жеке тұлғаны дамытудың ең негізгі тұтқасы – ол сезу мүшелерін тәртіпке келтіру мен жаттығу импульсі».\Шиничи Сузуки әдісінің ең негізгі қағидасы – баланың бойында өте ерте кезден бастап музыкаға қызығушылығын ояту. Егер бала аспапқа қызықса, ол сіз күтпеген жағдайларға қол жеткізуі мүмкін. Бұл тек музыкаға қатысты емес. Әрбір ата–ана мынаны ескеруі тиіс: егер біз балаға бір нәрсені үйреткіміз келсе алдымен оған қызықтыруымыз керек.
2. Отандық музыкалық тәрбие беру жүйесіне келер болсақ, қазақстандағы музыкалық тәрбие берудің қалыптасуы мен дамуы ресейдің білім беру жүйесінің құрылымына сәйкес жүзеге асты. 1920 мен 1930 жылдар аралығында музыкалық–эстетикалық тәрбие негізінен мектептердің жанынан және мектептен тыс мекеме ұйымдастырған әртүрлі көркемөнерпаздар үйірмелерінің жұмыстары арқылы жүргізілді. Сонымен қатар, Верный, Ақмола, Оренбург қалаларында музыкалық мектептер, музыкалық техникумдар ашыла бастады. Оларға сабақ беру үшін педтехникумда және арнайы курстарда музыка мұғалімдері даярланды. Дегенмен бұл кезде Қазақстандағы музыкалық тәрбие беру жұмысы өте күрделі жағдайда болды. Өйткені мамандар жоқтың қасы еді, оқу–әдістемелік құралдармен қамтамасыз етлмеген, материалдық база да тапшы.

1930-1940 жылдар арасында арнайы музыкалық білім беруге назар аударылды. Алматыда қазақ музыкалық техникумы, музыкалық хор мектептері ашыла бастады. Онда музыкант–орындаушылар, музыка мұғалімдері даярланды. Негізінен оқыту Ресей бағдарламасымен жүруі себепті бұл кезде де қажетті оқулықтар, оқу құралдары, хрестоматиялар тапшы болды.

1940-1950 жылдар арасында музыкалық тәрбие беру ісінің алға жылжуына Ұлы Отан соғысының зардабы тиді. 1943 жылдан бастап Қазақстанға көптеген мәдени мекемелердің эвакуацияланғанына байланысты Республиканың орталық қалаларында музыкалық мектептер ашылып, музыканттармен, ұстаздармен қамтамасыз етіле бастады. 1944 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясы ашылды, кейбір педагогикалық ЖОО–да музыкалық–педагогикалық бөлімдер ашылып, музыкалық білімнің дамуына жағдай туа бастады.

1950-1960 жылдар арасында алға қойылған мақсат – оқу–әдістемелік материалдық базаны толықтыру болды. Осы жылдар аралығына Б.Ғизатовтың «мектептегі ән–күй сабағы» оқу құралы, 1 сыныптарға арналған «Музыкалық әліппе», 2-4 сыныптарға арналған «Мектептегі ән–күй сабағы» оқулықтары шықты.

1960-1970 жылдар аралығында музыкалық тәрбие беру саласында үлкен өзгерістер болды. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты жанынан арнайы музыкалық–педагогикалық факультет ашылды. Қазақстан композиторлары балаларға арналған әндерді көптеп шығара бастады. Ө.байділдаевтың оқулығы шықты.

1970-1980 жылдар аралығында Д.Б.Кабалевский бастаған бір топ музыканттар, ұстаздар, ғалымдар мектепте музыка сабағын өткізудң жаңа концепциясын ұсынды. Бірақ та сол жылдары мектептерде музыка сабағына бөлінген сағаттардың қысқаруына байланысты біраз қиындықтар болды.

1980-1990 жылдар аралығында Д.Б.Кабалевскийдің басшылығымен құрастырылған бағдарлама қазақстанда кеңінен ендіріл бастады.

Қазақстанда «музыка» бағдарламасын құрастыру үшін Б.Ғизатовтың басшылығымен авторлық ұжым құрылды. Оның құрамында белгілі ғалымдар, ұстаздар Р.Жәрдемалиева, Г.Қарамолдаева, Л.мамизерова, Т.Саматокиналар болды.

1991 жылдан бастап бастауыш сыныптарда музыка пәнін оқыту мәселесі ұлттық негізде жүргізілуіне үлкен бетбұрыстар жасалды. Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменова т.б. басшылығымен бастауыш сыныптарда музыка пәнін оқытудың мемлекеттік білім беру стандарттары, бағдарламалары, әдістемелері дайындалып, мектептің оқу–тәрбие үрдісіне енгізілді.

Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменовалар құрастырған «Музыка» бағдарламасының басты мақсаты – мақсаты музыка өнері арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны сүйе білетін, халқымыздың әдет–ғұрыптары мен салт–дәстүрлерін қастерлейтін, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу. Ал осы тұлғаны тәрбиелеу – мектептегі музыка сабағы арқылы жүзеге асырылады.


3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім стандартында» жоғары кәсіптік білім беруге ерекше назар аударылған. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға қойылатын талаптар күрделі де сан-салалы бойып отыр. Себебі бастауыш сынып мұғалімі – жас ұрпақ бойына ең алғашқы білім негіздерін сіңіретін, олардың дағдылары мен машықтарының дұрыс бағытта қалыптасуын қамтамасыз ететін, ізгілікті және отаншылдық қасиеттерге баулитын тұлға.

Бұл ретте оқытылып отырған пәннің алатын орны ерекше. Мақсаты – студенттердің музыкалық-педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау.

Қазіргі уақытта музыка пәні бойынша мемлекеттік стандарттың негізінде жасалған Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Р.Сүлейменовалардың бағдарламасы мектептерге енгізілді.

«Музыка» бағдарламасының басты мақсаты – музыка өнері арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны сүйе білетін, халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу.


Ән-күй бағдарламасының мазмұны




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет