Тоқсандардың мазмұны
|
Музыкалық іс-әрекет түрлері
|
1 сынып
Сырлы да сазды әуен
Күмбірлеген күміс күй
2 сынып
Ән мен күй – халық үні
Аңыз – ертегі әлеміндегі ән мен күй
3 сынып
Эпос сарыны
Ақыл, нақыл, өсиет
Айтыс өнері
Күй тартыс
4 сынып
Қос арна
Халық музыкасының әлемдік арнаға ұласуы
|
Ән айту, музыка тыңдау,
Музыкалық сауаттылық,
Шығармашылық тапсырмалар
|
Бағдарламадағы «Музыка тыңдау» бөліміне енген қазақтың халық аспаптық музыкасы төмендегідей міндеттерді басшылыққа ала отырып жасалған:
1) баланың қызығушылығын қалыптастыруда күйлердің тәрбиелік мүмкіндіктерін толығымен пайдалану;
2) күйлердің мазмұнын ашуда музыкатану, өнер саласында жарық көрген еңбектерді негізге алу;
3) күйлерді тыңдату барысында балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі қызықты әдіс-тәсілдерді пайдалану;
4) күйлер туралы берілетін жалпылама түсініктемелерге баса назар аудару (күйлердің топтастырылу ерекшеліктері, шығарманың қысқаша мазмұны, композитор жөнінде мәлімет, күйдің шығуына себеп болған тарихи-әлеуметтік жағдайлар, күйшілік мектептер, орындаушылар жөнінде мағлұматтар т.б.).
5) күйлердің мазмұнын, мақам-әуенін баланың эмоционалдық тұрғыда қабылдауына көңіл бөлу;
6) баланың тыңдаған күйден алған әсерін айтқызып, қолдап отыру және т.б.
Бастауыш сыныптарда халық аспаптық музыкасына оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру ісі педагогика, психология және оқыту әдістемелерінің жетістіктеріне сүйене отырып, жан-жақты түрде, мұғалімнің шығармашылық деңгейіне, шеберлігіне сай, оқушының қызығушылығын дамыту мақсатын көздеу ыңғайында жүзеге асырылған.
2. Музыка өнері сабағында мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылады:
Музыка тыңдау
Халқымыздың музыка тілін терең түсінетіндігі ел арасында артеден-ақ аңыз болып таралған. Оған мысал ретінде халық күйі «Ақсақ құлан», Саймақтың «Сары өзені» т.б. көптеген аңыз-күйлерді алуға болады. Бүгінгі таңда музыка мамандарының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі – осы ата-бабаларымыздай музыканың құдіретін терең түсініп, оны өзінің рухани азығы етіп, адам өмірін нұрландыруға ат салысатын музыкалық білімді азамат тәрбиелеу. Ал оның түп-тамыры, негізі музыканы тыңдай, қабылдай білуде жатыр.
Хормен ән айту
Әнді хормен айтуға тәрбиелеп, әншілік өнерге баулу үшін, музыка мұғалімі балалар даусының даму ерекшелігін, соған орай оқыту барысында қойылатын талаптарды жақсы меңгеріп, әрі қарай тәрбиелеудің барлық шарттарын сақтауы тиіс. Балалр даусын тәрбиелеуге қойылатын талаптар олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып іске асырылады.
Бала даусы өте нәзік. Организмнің өсуіне байланысты оның дауыс шығару аппараты да өзгеріп отырады. Егер бала кішкентай кезінен дауысына зақым келтіріп алса, бұл бұдан былайға дауыс аппаратының дұрыс дамуына мүмкіндік бермейді.
Музыкалық аспаптарда ойнау
Бастауыш сыныптарда қарапайым музыкалық аспаптарды (даңғыра, дабыл, асатаяқ, тұяқтас, шаңқобыз, ксилофон, металлон, румба, маракас, үшбұрыш т.б.) қолдану, балалардың сол сабаққа деген ынтасын, сүйіспеншілігін, белсенділігін, жауапкершілігін арттыруға, олардың музыкалық қабілетін дамытуға, шығармашалық дербестігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Шығармашылық әрекет кезінде музыканы сергек қабылдау, бірігіп орындау (ансамбль) сезімі және дағдысы дамиды.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар
Мұғалім өз сабағында балалардың шығармашылығын музыкалық-ырғақты қимылдар арқылы жүзеге асырғысы келсе, алдын-ала сабақтың тақырыбы мен мақсатына сай, түрлі қимыл-қозғалыстар жасауға мүмкіндік туғызатындай музыкалық материалдарды таңдап ала білуі керек. Балаларға ұсынылатын шығармада бейнеленуі тиіс музыкалық-ырғақтық қимыл—қозғалыстарды алғашқыда мұғалім өзі жасап көрсеткені жөн. Балалардың орындауына ұсынылатын әрбір қимыл өте мәнерлі, әдемі, әсем болуы шарт. Музыкалық шығарманың мазмұнына орай, белгілі бір аспапта ойнау қимылын, түрлі ұлттық би қимылдарын балалар өздері ойлап табуы тиіс. Сабақта қандай қимылдар жасалынса да, олар балалардың талғамын қалыптастыратындай өте мәнерлі орындалғаны мақұл.
Оқушылардың музыкалық шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушылары қиялшыл болып келеді. Мысалы, ертек айтқанда олар көз алдында сол оқиғаны елестетіп отырады. Сондықтан ән айтқанда да, музыка тыңдағанда да, музыкалық-ырғақтық қимылдар жасағанда да даусы, интонациясы, дене қимылы арқылы сол шығарманың сипатын дәл жеткізуге тырысады. Бұл қасет балалардың бойындағы шығармашылық қабілетті дамытуға игі ықпалын тигізеді. Шығармашылық балалрдың ойын ұштап, қиялын қанаттандырады, сезімталдық қабілетін, байқампаздығын арттырады.
«Музыка өнері теориясы мен әдістемесі» пәні ана тілі, бейнелеу өнері, дүнетану т.б. пәндерімен тікелей байланысты. Тек осындай өзара сабақтастық болғанда ғана жас жеткіншектерді биік мәдениетті, жан дүниесі бай, ой-парасаты кемелденген, білімді маман етіп тәрбелей аламыз. Сабақта белгілі бір нәтижеге жету – ғылымның музыка саласындағы жетістіктерін пайдалана білуге тікелей байланысты. Егер оқытушы педагогикалық ғылымның жетістікерінен, филология, психология саласынан хабарсыз болса, сабақ өз деңгейіне көтеріле алмайды. Мысалы, хормен жұмыс істеудің дәрежесін көтеру үшін мұғалім ән айту аппаратының анатомиясы мен физиологиясын, әр жасқа байланысты рның даму ерекшеліктерін білуі қажет.
Өзіндік бақылау үшін сұрақтар:
Типтік бағдарламалар мен авторлық бағдарламалардың айырмашылығы.
ҚР музыкалық тәрбиенің жүзеге асырылу жағдайы
Музыка өнері сабағындағы қолданылатын іс-әрекеттер
Достарыңызбен бөлісу: |