36. Орталық және шеткері салданудың айырмашылығын жазыңыз. Орталық салдану. Қыртыста прецентральді иірімде орналасқан денесі немесе аксоннын бойлап жаткан жерінін кез келген жерінде закымдалуы кезінде пайда болады. Бұл жағдайда екінші нейрон езінін қызметтік кабілетін толық сактайды. Бұнда тек бірінші нейроннын тежегіш қызметі бұзылады. Сонымен қатар орталык салданутерге закымдалған жакта құрсак рефлекстерінін жойылуы, салдану жағында синкенизиялардын және сау жақтын бұлшық етінін жиырылуына байланысты достық қимылдардын пайда болуымен сипатталады. Осынын нәтижесінде орталық салдану екі нейроннан тұратын кимылдаткыш жолдын, орталык нейроннын езі немесе аксоннын кез-келген жерде закымдалуымен байланысты болып келеді. Ол гиперрефлексиямен, бұлшық еттін гипертонусымен, бүгілгіш жэәне жазылғыш типтес патологиялык рефлекстермен, оральді автоматизм белгілерімен, құрсақ рефлекстерінін жойылуымен синкинезиялардын пайда болуымен сипатталады.
Шеткері салдану. Бұл салдану екі нейронды жолдын бұлшық етті жұйкелендіретін екінші нейроннын закымдалуы нәтижесінде пайда болады. Екінші нейрон ол жулыннын алдынгы муйізшесінде орналаскан улкен альфа мотонейроны болып табылады. Аяк пен колдын сінірлері мен периостальді рефлекторлы шенбердін құрамында альфа мотонейрондардын, болуына байланысты онын кез-келген бойында закымдалуы, сінір рефлексінін жойылуына немесе арефлексияга алы келеді. Арефлексия шеткері салданутердін негізгі белгісі болып саналады. Бұлшық еттін трофикасы да альфа мотонейрондармен камтамасыздандырылады, сондыктан онын закымдалуы кезінде кептеген бір топ булшык еттердін қоректенуі бузылады. Булшык ет атрофиясы кезінде бір топ булшык еттердін фасцикулярлы тартылуы байкалады. Жиі түрде олар патологиялык жуйенін жулын тубіршігінін тусында немесе оған жакын орналаскан кезде, янғи нейроннын денесінін тусында орналасканда байкалады.
37. Мишық зақымдануының симптомдары. 1) Егер мишықтың жарты шарының біреуі зақымданса сырқат сол зақымданған жаққа қарай теңселеді немесе құлап кетеді (атаксия). Мишықтың табаны зақымданған болса кез келген жаққа, көбіне шалқалап құлайды. Көзбен бақылау атаксия құбылысына айтарлықтай әсер етпейді.
2) Мишығы зақымданған науқас аяғының арасын ашып, сақтанып, шайқалып жүреді “мас кісінің жүрісі”. Мишықтың табаны зақымданса, сырқат екі жағына шайқалып жүреді, жарты шары зақымданса, зақымданған жаққа қарай қисая кетеді, көлденеңінен қырындап жүре алмайды.
3) Мишығы зақымданған адамда мынадай симптомдарпайда болады:
a) науқас саусағын мұрнының ұшына дәл тигізе алмай, мишығының зақымданған жағына қарай ауытқып иегіне, ерніне тигізуі мүмкін;
b) қолы дірілдеп, саусағы мұрнының ұшына таяған сайын ол діріл күшейе түседі (интенциялық діріл);
c) саусағын мұрнының ұшына жеткізе алмайды (гипометрия) немесе саусағы одан әлде қайда ауытқиды (гиперметрия);
4) Мишықтың екі жарты шары бірден немесе оның табаны зақымданса, сырқат отыра бергенде екі аяғын бірдей жоғары көтеріп қалады. Ал отыруға әрекеттенгенде бір аяғы көтеріліп қалса, онда оның мишығының осы жағындағы жарты шары зақымданғаны.
5) Егер мишық зақымданған болса сөздер бұзылып, созылып, буын-буынға бөгеленіп, іркіліп-іркіліп айтылады және жазуы бұзылып, түзу шықпайды, иректеліп, әріптері мүлде ірі болып кетеді (мегалография).
6) Бұлшықеттердің тонусы (күш қуаты) мишықтың зақымданған жағында кемиді. Кейде сіңір (пропроиорецептивтік) рефлекстер бәсеңдейді.
7) Көлденең нистагм мишық зақымданғанда науқастың көз алмасы екі жағына кезекпен-кезек ырғақты түрде тітіркенгендей болып дірілдейді (көздің өзіндік интенциалды дірілі).
Жоғарыда аталған симптомдардын бәрі мишық атаксиясына тән. Алайда бұдан баска да атаксия түрлері бар. Олар сенситивтік, вестибулярлык және мандай атаксиялары.
Сенситивтік атаксия сыртқы нервтердін көптеп немесе жұлыннын арткы түбірлері мен арткы бағаны, көру төмпешігі зақымданған кезде терең сезімділіктін жойылуына байланысты. Науқас жүріп келе жатканда аяктарын жоғары көтеріп, тізесін немесе жамбас-сан буынын бүгіп, бар салмағымен жерге тастап жібереді (штампалап журу). Атаксиянын бұл түрінін мишық атаксиясынан айырмашылығы, ол караңғыда немесе көзді жұмғанда күшейеді де, жарықта немесе көзді ашқанда азаюы, тіпті білінбеуі де мүмкін.
Вестибулярлык атаксия (кіреберіс атаксиясы). Ми бағанындары кіреберіс нерві немесе онын ядросы закымданғанда тепе-теңдіктін бұзылуымен қатар науқастың үнемі басы айналады, құсады, көлденең нистагм пайда болады, кан тамырлар соғуы бәсендейді.
Мандай атаксиясы - ми қыртысы мандай бөлігінін алдынғы полюска жакын тұсы көп мөлшерде зақымданғанына байланысты тепе-тендіктін бұзылуы. Сырқат түрегеп тұра алмайды (атаксия), дұрыс журе алмайды (абазия). Сонымен бірге сыркаттын мінез-құлкы өзгереді, жан-жағына сын көзімен карау кемиді, салақтык, ұкыпсыздык пайда болады.