Шеткері мотонейронның зақымдану симптомдары


Бет-жақ аймақтағы іріңді-қабыну процесі кезіндегі екіншілік менингиттер-диагностикасы, емі



бет41/45
Дата26.12.2023
өлшемі145,55 Kb.
#143912
түріТопик
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
неврология эталон полный-2

33. Бет-жақ аймақтағы іріңді-қабыну процесі кезіндегі екіншілік менингиттер-диагностикасы, емі.
Екіншілік ірінді менингиттер созымалы ірінді отит, бетке шыккан шиқан (фурункул), бронхоэтазия ауруы, іріңді пневмония, сепсистік эндокардит, ашык бас суйек-ми жаракаттары, т.6. аскынуына байланысты пайда болады. Екіншілік ірінді менингиттер клиникалык белгілері мен ми-жулын сұйығындағы өзгерістер жөнінен менингококктық менингиттен айырмашылығы болмайды. Ми-жұлын суйығын бактериялык зерттеу кезінде қоздырғыштарды (стрептококк, стафилококк, пневмококк немесе баска да бактериалдык коздырғыштарды) аныктауға болады. Екіншілік ірінді менингиттерді емдеу үшін антибактериалдык емдік шаралармен қатар, іріндік үрдістін алғашкы ошағына ерекше мән берген жөн. Мысалы, созылмалы ірінді отитті операция көмегімен емдеу керек.
Диагностика. Диогнозды клиникалык суретіне жене мижулын суктыгын тексеру нетижелеріне карап кояды.
34. Қатерлі (ядролы) шизофрения: клиникасы, диагностикасы, шизофренияның басқа түрлерінен айырмашылықтары.
Жеткіншек жаста пайда болады, катерлі ағыммен сипатталады. Аурудың алғашкы белгілерінің пайда болуынан оның түпкілікті дамуына дейін 2 -3 жыл өтеді. Бұл наукастарда бірінші кезекге негативті бұзылыстар пайда болады, одан кейін ғана позитивті бұзылыстар косылады. Позитивті өзгерістер психопатологиялык синдромдардың полиморфизмімен ерекшеленеді. Ядролы шизофренияның болжамын нашарлататын факторларға оның терапияға аса резистенттілігі де жатады. Аурудың басталуы бұрмаланған пубертатты кризді еске түсіреді және екі нұскадан тұрады: энергетикалык потенциалдың төмендеуі және эмоциялык дефициттің пайда болуы. Энергетикалык потенциалдың төмендеуі ең алдымен, үлгерім нашарлауымен, сабакта өнімділіктің төмендеуімен, кейде үй тапсырмаларына жұмсалатын уакыттың ұзаруымен көрінеді. Мұндай наукастар кейін келе кластар калдырады, оки алмағандыктан мектепті тастап кетеді. Энергетикалык потенциал төмендеуі жиі метафизикалык интоксикация жағдайымен бірге жүреді: наукастар глобальды философияны, ғылыми проблемаларды (тұрмыс мәні, тіршілікгің шығу тегі және т.б.) зерттеумен айналысады, бірак бұл еңбектері олардың арнайы білімінің болмауына және наукастар өнімділігінің күрт төмендеуіне байланысты ешкашан нәтиже бермейді. Наукастар бұл зерттеулерге көп уакыттарын жұмсайды.
Эмоциялык дефициттің дамуы ең алдымен ата-анасына деген катынастың бұзылуымен, жиі тітіркенгіштік пен агрессивтілікке бейімділік көріністерімен эмоционалды салкындыктың пайда болуымен көрінеді. Кейіннен наукастарда өз тұлғасына немкұрайлылык пайда болады: олар күтінбейді, жуынбайды, ештеңе істемейді және т.б
Клиникалык көрінісінде интеллектуалды белсенділіктің кұлдырауы, эмоционалды жетіспеушілік, энергетикалык потенциалдың төмендеуі және т.б., яғни негативті бұзылыстардың басым болуы ядролык шизофренияның қарапайым вариантына тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет