Шұғаның белгісі


Дауыс. Неге қамайсың бізді? Есенгелді құсатып өлтірмексің бе? Соғыспай көнбейміз! Жақып



бет13/25
Дата15.02.2023
өлшемі450 Kb.
#68147
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
Б.Майлин Шығармалар жинағы

Дауыс. Неге қамайсың бізді? Есенгелді құсатып өлтірмексің бе? Соғыспай көнбейміз!


Жақып. Ойбай, бар!.. (Шоңмұрын жүгіреді.) Өшір үндерін!.. ( Үй ішінде ерсілі-қарсылы жүгіріп.) Не болдық, батыр-ау? Бүлінбесе игі едік!.. Жалғыз ғана үміт – Қәртайда, Кәртай көндіре алса, көз ашқанымыз. (Басын шайқап.) Шіркін бақыт! Бір күнге жетпейтін болған соң қонбай-ақ қойса қайтетін еді... (Айбалаға.) Жүсіппен сөйлес, Сергеевтің маңынан жүретін болса, менен жақсылық күтпесін! Осы жұмысқа сені жауапты қылам!


Айбала (кекетіп). Өте бір құрметті жұмысты тапсырдың! (Телефон шылдырлайды. Айбала шығады.)


Жақып (жүгіріп барып). Кім? Кенжеғарамысың? Түрмедемін? Ә?.. Жоқ, жоқ... Осында кел, тез, тез!.. (Тастайды. Тарыпжан кіреді.)


Ғарыпжан. Шаң көрінді, келе жатыр білем...


Жақып (сасқалақтап). Ия, құдай, сәтін бере көр! Тез қақпаға қызыл жалау байла! Бір-екі солдаттың білегіне қызыл байлап қақпаға қой! Шоңмұрынға айт: солдаттарын тез осында алып кірсін!.. Өзің орныңа бар!.. (Тарыпжан тез шығады.) Я аруақ!

Қаз дауысты Қазыбек!


Қорғайтын жерің келді!


(Үстін қағынып, жөнделеді. Жүгіріп Шоңмұрын кіреді.)




Шоңмұрын.Не бұйырасыз?


Жақып (тез). Солдаттарыңды тез осы үйге орналастыр, сезіп қалса терезеден жай қармыз!


Шоңмұрын (терезеден). Офицер Сергеев! Үйге алып кір солдаттарды! (Сергеев бастап солдаттар кіреді: жалаңаш-жалпы, жүдеу, біреулері жалаң аяқтың аз-ақ алдында. Мылтықтарын зорға сүйретіп кіреді.)


Жақып. Былжырамай, жиналыңдар! Жау көргенде ширайтын ер қазақтың тұқымынан садақа кеткірлер!.. Смирно!.. (Солдаттар қатарласқан болады.) Вольно!.. Былайғы екеуің ана Антоновты көрші бөлмеге апарып жатқыз.


Сергеев (күлімсіреп). Офицер Антонов ерлігіне булығып жатыр ма?!.


Антонов (солдаттар көтергенде сандырақтап). Арда қазақтар!.. Сволоч!.. Шагім!.. Арыш!.. (Солдаттар әкетеді.)


Шоңмұрын (кейіп, теріс айналып). Кәдімгі ақымақ, маскүнем. Бірақ тек біз сияқты сорлы жұрттың жауырын шұқитын сауысқан, көзіне үймелейтін қара шыбын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет