Шұғаның белгісі


Сергеев (зілді дауыспен). Бұл айтқандарыңыздың ішінде мен де бармын ба? Шоңмұрын



бет14/25
Дата15.02.2023
өлшемі450 Kb.
#68147
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
Б.Майлин Шығармалар жинағы

Сергеев (зілді дауыспен). Бұл айтқандарыңыздың ішінде мен де бармын ба?


Шоңмұрын (жалт қарап, қызарып). Офицер Сергеев, ғапу өтінем!.. Кейігеннен... (Асығып Ғарыпжан кіреді.)


Ғарыпжан. Жалау ілінді. Күзетші қойылды. Қызылдардың бастықтарын Кәртай ертіп, қалаға кірді...


Жақып. Шоңмұрын. Әй, ерім-ай!


Жақып (телефонмен). Түрме... Кенжеғара!.. Қызылдың бастықтары он минутте қолға түседі. Қарауылды күшейтіп, әзір тұр!.. (Телефонды үзіп, қайта алады.) Казарма. Төреғазы! Әскерді әзір ұста, он минутте қызылдың бастықтарын ұстаймыз... Ә?.. Солдаттың жартысы да жоқ? Таптыр тез! Шаптыр жан-жаққа!.. (Телефонды тастайды. Далада дабыр, дүрсіл. « Түсіңіздер!» – деген дауыс.)


Жақып. Сергеев, әзірле! (Солдаттар әзірленеді. Есіктен Кәртай, Күлән, оған таяу екі командирімен Таран кіреді, қарауылшы солдаттарды алып Әбіш кіреді. Кәртаймен Күлән жалт беріп екінші жаққа шығады.)


Жақып (шаңқ етіп). Солдаттар! Көзде дұшпанға! (Солдаттар мылтығын көздеп тура қалады. Жақып Гаранта.) Көтер қолыңды! (Тарандар состиып тұрып қалады.)


Таран (Кәртайға). Ой, «Алаштың» жалданба жансызы! Қызыл жалауды, большевиктің билетін, ар-иманыңды арзанға сатпаған екенсің!


Жақып. Тоқтат сезінді! Көтер қолыңды! (Көтереді.) Кәртай, Әбіш, Сергеев, алыңдар құралын! (Кәртай, Ғарыпжан, Әбіш олардың құралдарын алып жатады. Кәртай Таранның қонышын сипай берем дегенде, Таран оны теуіп-теуіп жібереді. Кәртай шалқасынан түседі.)


Таран. Жауыздар!.. Қан майданда кездессең, көрер едім!.. Арам иттер, алдап түсіргенге есіріп... Күні ертең-ақ көреміз!..


Жақып. Айдандар түрмеге!.. (Бес-алты солдат Тарандардың қолын артына байлап, айдап шығады. Қалған солдаттар да тегіс шығады.)


Жақып (Кәртайдың қолын қатты қысып). Осы сағаттан бастап «Алаштың» айбынды ерінің атын берем саған!.. (Кәртай басын иеді.) Ал, қалай түсірдіңдер?.. (Кәртай күлімсіреп, айтып жатады.)


Сергеев (Күләннің жанына кеп). Әйел басыңызбен майдан жұмысына араласқаныңызды құттықтаймын! Қолыңыздан сүюге рұқсат етіңіз!.. (Күләннің қолынан сүйіп, күлімдесіп, сөйлесіп тұрады.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет