Шұғаның белгісі


Ғарыпжан (Әбішті оңашалап). Жұрттың бәрі еңбегіне қарай сый алып жатыр, біз екеуіміз... Әбіш



бет15/25
Дата15.02.2023
өлшемі450 Kb.
#68147
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
Б.Майлин Шығармалар жинағы

Ғарыпжан (Әбішті оңашалап). Жұрттың бәрі еңбегіне қарай сый алып жатыр, біз екеуіміз...


Әбіш (күліп). «Апаш» қанатын жайса, Сарыарқада бұрынғыдай сайрандап, өзіміз хан, өзіміз би болсақ... (Есіктен Жүсіп кіреді. Бұлар оған қарай қалады. Жүсіпті көріп Күлән теріс айналып, Сергеевті терезеге таман әкетеді.)


Жүсіп (тақпақтап).

Бір жыл болды сені сүйдім уландым.


Бауырына алдың, неге мені қумадың?


Ессізбін мен: айрылуды ерте ойлап,


Қанды жаспен көзім неге жумадым?!.


...Білдім бүгін: мені тастап кетесің!


Күміс көбік Ақ Еділден өтесін.


Бота көзім, өлтіріп кет қолыңнан!


Тірі тастап кетіп мені нетесің?!


(Қолын соза түсіп.)


Көріскенше қош бол енді, бер қолды!


Қалтырайсың қолым саған не болды?


Жан сүйген жар жат қолында тұрған соң


Көзше жас, жүрегіме у толды!..


(Сергеев бір нәрсе айтып күледі. Күлән тыржыңдап иығын көтереді. Ғарыпжан мен Әбіш ымдасып, Жүсіпті ортаға алады.)




Әбіш (Ғарыпжан екеуі Жүсіпті қақпалап оңаша апарып). Жүсіп! Сен ақылыңа кел!.. Сөз шығаратын кез емес...


Жүсіп (мысқыл түрінде). Рас, сөз шығаратын кез емес. Біз елім мен өмірдің арбасқан кезеңінде тұрмыз... (Қамыққандай.) Бірақ өлім сағатында сүйген жарыңды құшып өлсең... Шұбар жылан боп жат араңа кірмесе... Неге есіртеміз осынша, қазан бетінің кілегейіне шейін сыпырып беріп?.. (Жақып ала көзімен қарап, сөйлесе береді.)


Сергеев (күліп). Ақынның ардақтысы Пушкиндей-ақ болар, орыс жұртының сұлуын о да жалғыз иемдене алмаған...


Күлән (тыржың етіп). Ақын емес, ақымақ! Мәдениетсіз! Сүймеймін өзін... (Күлімсіреп, Сергеевпен сөйлесе береді. Әбішпен Ғарыпжан Жүсіпті басуға азаптанып жатыр.)


Кәртай (күлімсіреп). Сонымен, әйтеуір сендірдік-ау. Әскеріңіз пәтер әзірленгеннен кейін кірер, өзіңіз бірге жүріңіз, деп бөліп алып жөнелдім.


Жақып (жайраңдап, Кәртайды иықтан қағып). Жарайсың жігітім, ақ сүтіңді адалдадың! Сенің еңбегіңді «Алаш» тарихына алтынмен жазамыз... Енді тұрмау керек: жыланның басы ғана қырқылды, бөксесі әлі тірі. Сонау жүз елу солдатты жайластырмай бізге тыным жоқ! Біреу білдіріп, бүліншілікке ұшыратып жүрмесін. Осы жұмысты өзің аяқтап шық: солдаттарды әр үйге үшеу-төртеуден кіргізіп жасырындыр да, Таран әскерін солардың үстіне бөліп-бөліп түсір, үн шығартпай бір минутте жұмысын бітір. Мен саған сендім!

Кәртай. Бұл тапсырмаңыз сөзсіз орындалады деп біліңіз. «Алаш» жолынан аяған жан құрысын!.. (Кәртай кете бергенде шымылдық түсе бастайды. Жүсіптің зарланған даусы.)


«Айрылам деп алып па едім есіме?


Амал қанша әйелдегі кесімге?


Тәңірі мен! Маған мәңгі ұйқы бер,


Жан жарымды бір сүйейін түсімде...»


Жақып, Кенжеғара, Айбала, Өмірбек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет