Шиелi ауданыныѓ ћоѕамдыћ саяси газетi
№66
(8220)
10 қыркүйек
сәрсенбі
2014 жыл
osken_onir@mail.ru
osken_onir@mail.ru
osken_onir@mail.ru
Газет 1939 жылдыѓ 19-наурызынан бастап шыѕып келедi
2013 жылдың 11 науры з ын -
да ғы Қазақстан Республи ка сы -
ның Қорғаныс ми
нис тр лігінің
№96 бұйрығына сәйкес Шиелі
ауданындағы 2014 жыл дың күзгі
мерзімді әскери қыз метке ша -
қырылуға жататын әскерге ша -
қы рылушыларын ҚР ҰҚК Ше -
кара қызметінің өкіл дерімен кез-
дестіріп, алдын-ала зерделеу
және іріктеу жұмыстарына бай-
ланысты жиын қыркүйек айы -
ның 2 жұлдызында Бидайкөл
ауы лында, 4 жұлдызында Бала
би ауылында болып өтті. Атал-
мыш қос ауылда өткен бас
-
қосуларға Қазақстан Рес
пуб-
ликасы ҰҚК шекара қызметі
№2019 әскери бөлімінің штаб -
тың саптық және кадрлар бөлім -
шесінің аға офицері, майор
Құлахмет Бақытжан Оңдасын -
ұлы, аудан әкімі аппаратының
ұйымдастыру және инспектор -
лық жұмысы бөлімінің бас инс -
пекторы - «ҚАЗБАТ» жа
уын-
герлік іс-қимылдар және бітім-
гершілік операциялары қоғам -
дық бір
лес тігінің мүшесі
Бер кімбаев Нұр жан Кенже бек -
ұлы, Шиелі ау
даны ның қор
-
ғаныс істері жө нін дегі бөлімінің
әскери қыз мет шілерді жинақтау
және әскерге шақыру бө
-
лімшесінің бастығы, аға лейте-
нант Бекназаров Марат, ҚР ҰҚК
Шиелі ауданы бойынша бөлім -
шесінің қызметкері Телеуов Мұ -
рат, Талаптан ауылдық округінің
учаскелік полиция инспекторы,
полиция лейтенантты Даулет-
баев Нұрлан, Бала би ауылдық
округі әкімі Нарымбетов Темір-
бек және Бала би ауылдық округ
әкімі аппаратының жетекші ма-
маны Оспанов Нұрланбек, Ги-
гант ауылдық округі әкімі
ап па ратының шаруашылық есе-
бін жүргізу және әлеуметтік са-
ланы дамыту жөніндегі бас ма -
маны Қосжанова Раяш Кө
-
шек қызы және 2014 жылғы күзгі
мерзімді әскери қызметке ша -
қырылуға жататын әскерге ша -
қырылушылар мен олардың
ата-аналары қатысты. Күн тәр -
тібіндегі мәселе бойынша Шиелі
ауданы әкімі аппаратының ұй -
ым дастыру және инспек тор лық
жұмысы бөлімінің бас инспек-
торы, «ҚАЗБАТ» жауынгерлік іс-
қимылдар және бітімгершілік
операциялары қоғамдық бірлес -
тігі нің мүшесі Беркімбаев Нұр -
жан Кенжебекұлы Қазақстан
Республикасы ҰҚК шекара қыз -
меті өкілдерімен таныстырып,
Қазақстан Республикасы ҰҚК
шекара қызметі №2019 әскери
бөлімінің штабтың саптық және
кадрлар бөлімшесінің аға офи-
цері, майор Құлахмет Бақытжан
Оңдасынұлына сөз берді. Қа -
зақс тан Республикасы шекара -
сының қауіпсіздігін қамтамасыз
етудің маңыздылығын, әскери
оқу орындарына түсетін үміт -
керлерге қойылатын талаптар
және мерзімді әскери қызметке
әскерге баратын әскерге ша -
қырылушыларды Отанды қор -
ғау ға шақырып, қойылған
сұ рақ тарға жауап берді. Соны-
мен қатар, Қазақстан Респуб -
ликасының Қарулы күштеріне
әскери қызмет атқарудың ерек-
шелігі, маңыздылығы, жасала-
тын жеңілдіктер, әскери оқу
орындары жайлы мәліметтер
берді. Отан алдындағы қасиетті
борыштың маңыздылығы, әскер
қатарында болу ер балалар
үшін таптырмас мектеп екені,
баламды қинайды деген сөздің
жалған екендігі, бала Отанына,
туған жеріне, ата-анасы мен ба -
уырларының қасиетін түсінуі
жайында, сонымен қатар, келі-
сімшарт бойынша қызмет жа -
сауға ниет білдірген аза
-
мат тарға қойылатын талаптар,
олардың ары қарай оқуға түсіп
қызметін жалғастыра ала
-
тындығы және мерзімді әскери
қызметке әскерге баратын әс -
керге шақырылушыларға Отан
қорғауға шақырып, ата-аналар -
дың қойған сұрақтарына жауап
берді. Сондай-ақ, Шиелі аудан -
ы ның қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің әскери қызметшілерді
жинақтау және әскерге шақыру
бөлімшесінің бастыгы аға лейте-
нант Бекназаров Марат Қазақс -
тан Республикасы Қарулы Күш -
терінде әскери қызмет ат қару -
дың ерекшелігі, маңыз ды лығы,
әскер тектері жайлы мағ лұмат
беріп, ҚР ҚМ әскери қызмет
атқаруға үгіт-насихат жұмыс та -
рын жүргізді. Жиынға қатысушы
ата-аналар Қазақстан Респуб-
ликасы ҰҚК шекара қызметі
өкілдеріне түсіндірме жұмыс та -
ры, жалпы жиынның мақсаты
бойынша мерзімді әскери қыз -
мет, келісімшарт негізіндегі әс -
кери қызмет, ҰҚК шекара әс-
кер леріне офицерлер дайын-
дайтын оқуға шақыру, ҰҚК ака-
демиясына оқуға байланысты
толық мағлұмат беріп, жүздесу
өте әсерлі болғандығы жайлы
ризашылығын білдіріп, жиынға
қатысушылар атынан алғыс
-
тарын айтты. Кездесудің соңы
әскери қызметке баруға ниет
білдірген әскерге шақы
рылу -
шылар, ҰҚК шекара қызметі
№2019 әскери өкілдеріне тір-
келді.
Е.БАЛТАБАЙҰЛЫ.
Отан алдындағы
қасиетті борыш
Отан - оттан да ыстық
“Нұр Отан” тынысы
Партия жетекшілері ауыл
тұрғындары арасында
Қыркүйек айының 8 жұл ды -
зында «Нұр Отан» партиясы
Шиелі аудандық филиалы мен
«Жас Отан» ЖҚ-ның Шиелі
аудандық филиалының ұйым -
дастыруымен «Біздің ауыл»
жоба сы бойынша Тартоғай елді
мекенінде кездесулер өткізді.
Алғашқы кездесу «Стоп-қыл
-
мыс» жобасы аясында ЗК №169
түзету мекемесінде бас бос
-
тандығынан айырылған азамат-
тар мен азаматшалар арасында
өт кізілді. Кездесу өткізер ал-
дында «Нұр Отан» партиясы
Қызылорда облыстық филиалы
төрағасының бірінші орын
-
басары Өлмесхан Болатбеков
пен "Нұр Отан" партиясы Қы -
зылорда облыстық филиалы
төрағасының ор ын басары Жан-
дос Базартай жеке қабылдау
өткізіп, сот талу шылардың ой-пі-
кірін тыңдады. Жалпы, жиын ба-
рысында «Нұр Отан» партиясы
Қызылорда об лыстық филиалы
төрағасының бірінші орынба-
сары Өлмесхан Болатбеков
түзету мекемесінің жалпы жағ -
дайымен танысқанын, ондағы
жағдайдың көңіл тол ты ратын -
дығын жеткізсе, "Нұр Отан" пар-
тиясы Қызылорда об
лыстық
филиалы төрағасының орынба-
сары Жандос Базартай ертеңгі
күнде мынау сотталушылар бос -
тан дыққа шық қанда көкіректе рі -
нен итермей бар лық қолдаулар
жасалатыны жайында сөз
өрбітті. Ал келесі кез десу №153
Ш.Есенов атын
дағы мектеп-
лицейінің мә жі ліс залында «Ар-
дагерді ар
дақ тайық» жобасы
аясында кезінде әр түрлі салада
қажыр лы еңбек еткен ардагер-
лермен өтті. Мұнда ардагерлер
ауыл дың қазіргі қал-жағдайын,
күн көрістерінің жақсы екендік-
терін қуанышпен жеткізді. Ашық,
еркін түрде әңгіме жалғасып, ар -
да гер лердің ой-пікірлері ортаға
салынды. Ал, соңғы «Жастар
Отан ға» жобасы ая
сын дағы
кез десу ауылдық клуб ғима
-
ратының алдында, жалын даған
алаудың айналасында Тартоғай
ауылының жастарымен өтті.
Келген қонақтар сөз сөйлеп, ті-
лектерін тілеп, алауды "Нұр
Отан" партиясы Қы зылорда об -
лыстық филиалы төрағасының
орынбасары Жандос Базартай
мен Тартоғай ауылының «Жас
Отан» ЖҚ-ның белсенді мүшесі
Жарас тұтатып, өлеңдер айты-
лып, жастар шексіз қуанышқа
бөленді. Барлық жерде өт
-
кізілген кездесулерде ауданы -
мыз ға белгілі Әлмырза Но
-
ғайбаев, Нұртілек Ақтаев тағы
басқа өнерпаздар қа
тысушы -
лардың қошеметіне ие бола
білді. «Нұр Отан» партиясы
Шиелі аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынба-
сары Патима Маханбет пен
«Жастарды қолдау орталығы»
Шиелі аудандық бөлімінің
меңгерушісі Айдана Маманова
ыстық ықыластары мен жылы
лебіздерін жеткізіп, жос
пар -
ланған шара қорытындыланды.
Ерұлан ДАТКЕНОВ.
“Невада-Семей” халықаралық қозғалысына-25 жыл
Естеріңізде болса, мұнан
ширек ғасыр бұрын, яғни 1989
жыл дың ақпанында Семейдегі
сынақ полигонын жабу үшін елі-
мізде ұлы күрестің алғашқы
қадамы жасалған болатын. Та-
нымал ақын, мемлекет және
қоғам қайраткері Олжас Сүлей -
меновтың бастауымен “Невада-
Семей” ан тия дролық қозғалысы
құр ыл ды, елімізде. Қозғалыс
әрекеті кеңі нен етек алып, бұл
күресті күллі әлем қоғамдық
қауым өкілдері қолдады. Еліміз-
дегі етек алған қозғалыстан Сыр
бойы азаматтары да қалыс
қалған жоқ, аудандарда ұйым -
дары құрылып, қолдау жа-
салды. Себебі, Сыр өңірі де
түрлі апаттардан кенде емес
еді. Өзіміз де қолдау үшін
Семей қаласы, Абралы, Пол-
ковничий аралы, Курчатов қала -
ла рына бірнеше дүркін барып
қайттық. Семей полигонында
қыз мет еткен шиеліліктер “Се -
мей-Невада” қоз
- ғалысын
құрды. Оның жетекшісі Мэльс
Тоқ ты баев болды. Кейін бұл
ұйым “Семей-Шиелі” қо ғамдық
ұйымы болып қайта құрылып,
көптеген мүшелер тартып, әлі
күнге дейін белсенді қызмет
атқарып, өз дері де мемлекет
қам қор лы ғына алынды, түрлі
же ңілдіктерін ал ып келеді, тегін
емдерін алып, дема
лыстарға
барады.
Қозғалыстың күші, мәрте бе -
сі, 1991 жылдың 29 тамызында
еліміздің тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Семей ядро -
лық полигонын жабу туралы
Жарлығы күшіне енгеннен кейін
мүлдем артты. Президенттің
бұл ерлігі кейін ядролық қару -
сыз әлемге қарай қадам басқан
жаһандық қозғалыстардың да
бастауы болды, көптеген поли-
гондарда сынақтар тоқтады,
тарихқа енді, ЮНЕСКО-ның ше-
шімімен “Әлем естеліктері ” ті -
зімінің құрамына енгізілді, енді
олар ядролық қарудан бас
тарту идеясын жүзеге асыру ба -
ғытында жұмыс жасауда.
Тамыздың 29-ы күні Шығыс
Қазақстан облысында өткен
“Ұлт тық қасіреттен-ұлттық мақ -
та нышқа” халықаралық конфе-
ренциясына әлемнің әр түк-
пі рінен делегаттар келсе, Сыр
өңірінен облыстық қозғалыстың
төрағасы Сәбит Абишев, шиелі-
ліктер, қозғалыс төрағасы
Мэльс Тоқтыбаев, мүшесі, жер -
лесіміз Ысқақ Әлайдаров қа -
тысып қайтты. Форумда Семей
қасіреті жайлы бейнеролик көр -
се тілімінен соң облыс әкімі Бер-
дібек Сапарбаев кіріспе сөз
сөйлесе, мұнан соң ҚХА төраға -
сының орынбасары Е.Тоғ
жа -
новтың, “Невада-Се
мей” ХАҚ
президенті О.Сү
лейменовтың,
стратегия мә селелері бойынша
атом энергиясы жөніндегі Ха -
лық аралық агенттігі бас дирек -
торының арнайы көмекшісі Зеф
Мазидың, “Мэрлер бейбітшілік
үшін” ұйымының Бас хатшысы
Я Суеши Комизоның, АҚШ Не-
вада штатының өкілі Бонни Эб-
хардт Боббтың әлемдік ядролық
қару ға қарсы әйелдер ассо ция -
сы ның атқарушы директоры Ур-
сулла Геллистің баяндамалары
тыңдалып, тал қыланды. Сонан
кейін “Невада-Семей” ХАҚ –25
жыл” медальдары табысталды.,
оған үш жерлесіміз де ие болды.
Форумның аясында Абай ес-
керткіші, облыстық-тарихи өл -
кетану мұражайында болып,
қала жастарымен кездесулер
ұйымдастырылды, театр қойы -
лымы тамашаланып, ядролық
медицина орталығы жұмы
сы -
мен танысып, оншақты күн тек -
се руден өтіп, ем алып, де ма-
лып, елге оралды.
Алтай НУРИДДИНҰЛЫ.
Шиелі-Семей-Шиелі.
Ұëòòûқ қàñ³ðåòòåí–ұëòòûқ ìàқòàíûøқà
Сүйінші хабар!
Á È Á À É Ø À Í Û ң Á È ² Ê Á Å Ë Å Ñ ²
Бибайша Мамышова ауданымыздағы танымал, белді кә сіп кер -
леріміздің бірі және бірегейі деп те айта аламыз. Себебі, автокөлік
қызметі, оның ішінде жолаушылар тасымалы қызметімен айналысып
жүрген қыз-келіншектер арасында жалғыз өзі. Ер адамның өзі ебін таба
бермейтін кәсіп, бұл керек десеңіз... Ал Бибайша 15 жылдан бері осы
кәсіпті шыр айналдырып, дөңгелентіп келеді. Оның қарамағында
Қызылорда бағытына қатынайтын 10 автокөлік, Түркістанға жүретін 7
көлік, Шымкентке баратын 1 жарамды көлік бар. Жолаушылар тасы-
малдау бағытында үзіліс болған емес.
Жуырда Көлік және коммуникация министрі Ж.Қасымбектің қолынан
саладағы мінсіз қызметі, қол жеткізген табыстары үшін Бибайша Ма-
мышова “Үздік автокөлікші” төсбелгісін алып, омырауына қадады. Айта
кетелік, мұндай марапатқа облыстан үш адам ғана ие болған. Біз Би-
байша ханымды құттықтай отырып, мұнан да биіктерден көріне беруіне
тілек қостық.
Ә.МОЛДАҚАРАЕВ.
Сурет автордікі.
ҚҰДІРЕТ
немесе Тілеубергеннің
тілеуі қабыл болған жылдар
Ой құшағында отырмын – Құдайдың құдіретіне таңқаласыз. Құдірет демей не
деуге болады? Аудандағы 25 мешіттің жетеуін бір адам соғып беріп жатса. Мұндай
іске оның күш-қайраты, құдіреті қалай жетті екен? Бұл қарапайым халыққа жасап
жатқан қайырымдылық іс-әрекеті ме, әлде, атақ-даңқын, байлығы мен мансабын
көрсеткісі келіп жүрген адам ба? Сұрастырдық. “Ой, анау, “Жөлектегі” Шаутай дей-
тін соқпанның Құдайберген деген баласының Тілеуберген атты ұлы “Құмкөлде”
басшы қызметте істейді. Сол екен мешіттердің бәрін бірінен соң бірін салып беріп
жатқан”, деді, ауданның тыныс-тіршілігін статистика басқармасындай біліп жүретін
ағамыз саспастан. Онысы рас болып шықты.
2-бетте
3
Тағылымға толы тағдыр
Бұл жолғы әңгімеміздің басты тақырыбы болып отырған техника
ғылымдарының кандидаты, профессор Базарбек Қашқынбаев өмірін
ғылымға арнаған, ғылым арнасында жүріп шәкірт тәрбиелеген, саналы
ғұмырын осы жолға бағытталған жан. Оның тағылымға толы тағдыры
кімге болса да өнеге. Әсіресе, ғылымға енгізген жаңалығын методикада
қолданып, сол арқылы алдындағы шәкіртін ғылымға бағыттай білуі екінің
бірінің қолынан келе бермейтін шаруа. Профессор Базарбек
Қашқынбайұлы тыңғылықты еңбегінің арқасында СССР және Қазақ ССР
оқу ісінің үздігі атанған.
3-бетте
Қàëàñûңäàð ìəңã³ë³ê åë åñ³íäå
Уақыттың есте қалар белгісі – ол тарих. Уақыт өктемдігі жүр мейтін жағдайлар
болады. Ұлы Отан соғысы – солардың бірі. Соғыс –күйретуші күш. Дәл со лай!
Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағыш талған. Адам адам болғалы
осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Ары ға бармай-
ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соң ғы соғысты, яғни Ұлы Отан со ғысын
алайық. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді, сол соғыс?
4-бетте
Адам өміріндегі ең игі
істердің бірі – мұқтаж жан дар -
ға қамқорлық жасау. Адам дар
бір-біріне қайы рымдылық, ме-
йірімділік таныту арқылы жақ -
сылық жасайды. “Қа йы рым ды -
лық жа сасаң, қайы рымын өзің
көресің” - деген да
на хал
-
қымыз.
Ауылымызда “Мектепке
жол” акциясы өтіп, онда әлеу -
меттік көмек көрсеткен жандар
- Б.Түлкібаев, А.Ор
ал баев,
М.Оразалиев балаларға оқу
құралдарын сыйласа, “Тар
-
тоғай” кірпіш зауыты ЖШС –
нің директоры Қыдырәлиев
Серік 1-сыныптан 9 оқушыны
мектеп формасымен түгел
қамтыды, ал, “Тартоғай қой
шаруашылығы” қожалығының
иесі Аңламасов Наурызбай
жиырма мың теңге көлемінде
қаржылай әлеуметтік тұрмысы
төмен отбасыларына көмек
берді. Білім ордасындағы
“Мек тепке жол ” атты акцияға
байланысты жүргізілген игі
істер жалғасымын таба бер-
мек. Жүрегінде қайырым ды -
лық оты бар ағайындарды
акцияға белсене қатысуға ша -
қырамыз.
Г. БАШАРОВА,
№153 Ш.Есенов
атындағы
мектеп-лицейі
директорының
орынбасары.
Тартоғай ауылы.
Мейірімділікті балаға сыйла
Құрметті аудан тұрғындары және қонақтары! 1-қыркүйек пен 1
қазан аралығында - өрт қауіпсіздігін сақтау айы өткізілуде. Өрт-
тілсіз жау екендігін ұмытпаңыз. Балаларды қараусыз қал дыр -
ма ңыздар. Өрт қауіпсіздігін сақтау - өзіңіз бен жа қын дары-
ңыздың өмірі мен денсаулығын, қоғам мүлкін, қоршаған ортаны
қорғау екенін естен шығармаңыз.
Ж Љ Г I Р Т П Е Ж О Л :
2
2
№66 (8220) 10.09.2014 жыл
Тілеуберген бауыры мыз дың
бұл ісіне қалай таңыр қа масқа?
Кеңес тұсында мешіт тер қатаң
қадағаланып, атеистік үгіт-наси-
хат күшейді, діндарлар, ірі бас -
ты молдалар барынша қу
да-
ланды. Несін жасырамыз, өзіміз
де марксизм-ленинизм универ -
ситетін де оқып, атеистік білім
алдық. Ол кездегі көзқараспен
Тілеуберген ініміздің қайда бо-
ларын ойласаң жүрегің мұз-
дайды. Әлбетте. Халықты дін-
нен ажырату мақсатында сол
кездері облысымызда атеистік
насихат жұмыстары қарқынды
жүргізілді. Республика көле мін -
де дінбасылар мен діни қоғам -
дардың Кеңес өкіметі заңдары
мен өкімет қарар ла р ын орында-
уын қатаң бақылау
ға алып
қадағалады. Рухани жұтаң дық -
қа бастайтын бұл шаралардың
зардабын біздің замандастар
басынан кешіріп, оған қарсылық
көрсете алмай, шарасыздық та-
нытты. “Оқшы ата” мазара тын -
дағы “Есабыз ата” кесенесін
қалпына келтірмек болған бір
топ тар тоғай лық ағалары мыз -
дың сотты бо луы, “Жөлектегі”
белгілі Кісенбай молданың қу -
ғынға ұшы рауы, “Бәйгеқұмдағы”
Зә кір қожаға балаларды сүндет -
теуге тиым салуы әлі күнге
аудан тұрғындарының есінде.
Еліміз Тәуелсіздік алмаған -
да, қазақ халқы діннен қол үзіп,
дінсіз, имансыз, мұсыл мансыз
бір тобырға айналып та кетер
ме еді? Құдай
сақтап, Тәуел -
сіз елімізге дініміз жыл құсын -
дай қайта орал ды. Біз ислам діні
Тәңірдің күллі адамзатқа жібер-
ген ең соңғы дін екенін, ол – бей-
бітшілік, тыныштық, татулық,
бітімгершілік, ізгілік, ықылас, игі-
лік пен мейірім діні екенін енді
түсініп жатырмыз. Дін әр адам -
ның ерікті сенімі. Ол – оның
ақылы, жүрек-ұжданы. Бұл тұр -
ғыда Тілеуберген нақ ты ұс таным
жасаған. Елбасы Н.Назарбаев
үнемі біздің келешек жастары-
мыз білімді болуы керек деп жа-
тады. Ал Тілеуберген оған және
“иманды бо лып өсуі тиіс” дегенді
қосар едім деп отырады екен.
Шыны на келсек, сол иман ды -
лыққа ұйытатын , жастарды тәр -
биелейтін Алланың үйі са
на-
латын мешіттер. Осы мешіттер
арқылы үлкендеріміздің сана-
сын қозғап, болашақ ұрпағы -
мыз дың миына құю арқылы
имандылықтың ізгі қасиеттерін
ұл-қыздарымыздың бойына сіңі -
ріп, рухани жетілу жолына түсу -
ге тиіспіз. Өркениетті, дамыған,
зайырлы Қазақстанның бо ла -
шағын арыдан ойлаған Тілеу -
бергеннің ойлағаны да, мақсаты
да осыған келіп тіреледі. Құдай
берсе, тілеуі орындалса, Шаутай
атасының аруағы риза болма -
ғанда қайтеді? Құдайберген ба-
ласы Тілеуберген немересі
ата сы Шаутайдың басына мешіт
тұр ғызып, атын шығарып жат -
қан жоқ, ол имандылыққа бет
бұрған ақсақалдары, қара
са -
қал дары, жастары бар ауыл дар -
ға, елді мекендерге ту
ыс қан-
дыққа, рулыққа қарамастан ме-
шіттер соғуда. Бұл оның өзі біле-
тін, өзі ғана аңғаратын тылсым
дүниенің құдіретті күшін қара -
ңыз. Қырықтың қырқасындағы
жас жігіт 2006 жылы “Жөлектегі”
“Шүленбай молда” мешітін
жаңартып, сәулетті, архитек ту -
ра лық сәні келіскен жаңа мешіт
үйін соқтырады. Мұндайды дау-
дамайсыз жбермейтін ауыл
тұрғындары “Жаңа мешітке өз
әкесінің атын береді екен,
Шүленбай енді атаусыз қалатын
болды” деп шала бүлінеді. Бұны
естіген Тілеуберген “Олай де -
меңіздер. Маған сеніңіздер. Мен
мешіт арқылы әкемнің атын
шығарғым жоқ. Мұны сауап үшін
жасадым. Мешітке кімнің атын
берсеңіздер де өздеріңіз білесіз-
дер” деп төрелігін жасап, мешіт
“Шүленбай молда” атымен қайта
аталған екен. Өзі қызметінде
болған. Мешіт құрылысын жүр -
гізген, басы-қасында басқарған
“прораб” онда осындағы мек-
тепте мұғалім болып істейтін
кластас (сыныптас) жан досы,
кішкентайынан бірге өскен Бе-
гімтай Сатаев болса, құрылыс -
шылары - өріп жүрген өзбектер
бо лыпты. Бұрынғы “Сырдария”
кең шарының ескі асханасын
жөн деп ауыл мешітіне айнал -
дырған Шүленбай молданың ең -
бегі де зая кетпепті. Жасында
ауылда бақша еккен, мұраб,
бри гадир болып қызмет жасаған
Шүленбай ақсақал ауылдаста-
рын дін жолына бұруға аянбай
еңбек сіңірген. Сол тұста “ПЧ-56”
мекемесінің басшысы болып
тұрған баласы Әбдірахманның
арқасында ешкімге керексіз ескі
асхананы қалпына келтіріп ме-
шітке айналдыру – екінің бірінің
қолынан келмес еді. Мұны Ті-
леуберген білмей қалған жоқ.
Оның үстіне елдегі “елшісі”, се-
німді досы Бегімтай бар бола-
тын. “Мешітке әкеңнің атын
қой мадың” деп ренжіген қария -
лар, бүгінде Тілеубергеннің
ұстанымына алғыстарын білді-
руде. Ағайын арасы да бү
-
лінбей, Шүленбай атындағы
ме шіт “Жөлектің” сәнді, келісті
ғимаратына айналды. Екіге
бөлінген теріс пікір бір жұдырық
болып қалды. Жаңа мешіттің
има мы басында Әділхан Доса-
нов болса, бүгінде Ғалым Са -
ғын дықов діннің діңгегін ұстап
отыр. Тілеуберген балалары екі
көкесін де Меккеге қажылыққа
жіберіп алды. Бұл Шаутай Тілеу-
берген Құдайбергенұлының ау -
ылға ат басын бұрған алғашқы
құт ты қадамы болатын. Әлқис -
са, сонымен Тілеубергенге тағы
бір жасампаз ой келді. “Оқшы
атаға” зиярат етіп келіп-кетіп
жүргенде имамға соғылған қа -
зақы қоржын үй, үлкен талдың
көлеңкесінде күнге қақталып
жатқан құлшылық етуге келген
адамдар көз алдынан кетпей
қояды. Осы жерге неге “Иман -
ды лық үйін” (“Қонақ үй” есебін -
де) салмасқа?.. Сұранып тұр ған
сияқты. Бұл ойын аудан әкі мі
Нұрлыбек Нәлібаевқа жеткіз-
генде пышақ үсті қолдауға ие
болады. Жергілікті жұртқа,
сырт тан келген қонақтарға, мей -
мандарға қызмет көрсетіп жат -
қан “Имандылық Үйі” көрікті
салынды. 20 адамға жатын де-
малыс орны, 250 адамға ар -
налған асханасы, діни және
әдеби кітаптармен жабдық тал -
ған кітапханасы, имам бөлмесі
көпшілікке арналған керемет дү -
ние болып қалды. Ел-жұрт жал -
ғыз Т.Шаутай салды демесін
деген оймен дос-жарандарына
да құлаққағыс жасаған. Мыса -
лы, Берік Қыдырбаев крандары-
мен жәрдем берсе, Оразәлі
Байділда көліктермен кірпіш та -
суға көмектесті. Ал Нұрлыбек
Нәлі баев, Мұрат Үдербаев,
Сүлеймен Атаниязов, Мұратбек
Тілеулиев, Айман Үдербаева,
Бағлан Манарбаев, Алексей
Мыл тықбаев, марқұм Әбді ма -
нап Шорабаевтар ортақ қазанға
ақшалай үлестерін қосып, аза -
мат тықтарын танытқан. Мұнда
да бастаушы, ұйымдастырушы,
дем беруші, мешіт құрылысын
уақтылы бітіруші тағы да Тілеу-
берген Құдайбергенұлы болып
шықты. Келер жылы Т.Шаутай
осы жерден “Есабыз ата” меші-
тін тұрғызып, киелі топырақта
мәңгілік тыныстап жатқан жеті
әулиенің Оқшы ата, Асан ата,
Есабыз ата, Ғайып ата, Қыш
ата, Бала би, Досбол би ата -
ларының әруақтарына бас иген-
дей, “Оқшы ата” әулилер
мазаратын бүгінгі заман архи-
тектурасымен “Есабыз ата” ке-
сенесін салып, жұртшылықтың
назарын өзіне аударғандай бол -
ды. Шыны керек, осы Т.Шау тай -
ды мың орап алатын кә сіп кер
жігіттер мен қыз-келіншік
тер
жетіп жатыр. Не пайда! Өз
-
дерінен артылар емес. Ол ар ға
Тілеубергендей
дар хан дылық,
кең пейілділік,
қара пайым ды -
лық, се
зім тал -
ды лық, Отан
сүй гіштік, ұлт
-
жандылық, туған
же рін, хал
қын
сүйе білетін, ол -
ар ды жан дүние -
сімен, ақ жү
-
ре гімен жақ
сы көретін қа
-
сиеттердің жетіспей жат
қан -
дығы аңға рылады. Ия, жі гіт бір
сырлы, сегіз қырлы болсын.
“Имандылық Үйі” мен “Есабыз
ата” мешітіне иелік еткен имам
Ғани Мақұлбекұлы көпшілік
көңілінен шыға білді. Өзінше
қажылық парызын да өтеп
оралды. Қазіргі имам Қал
-
көзқажы Өтемұратов та дін
саласының Пайғамбарға беріл-
ген мұсылманның үмметі екенін
көрсетіп жүрген діндарлардың
бірі.
Т.Шаутай қалың тұяқтылар
жайлаған “Тартоғай” ауылын,
туыс-ағайындарын да естен
шығармады. Онда “Әбдімәулен
мешітінің” құрылысын бастап,
2012 жылы қыркүйек айында
пайдалануға берді. Мұнда Ті-
леуберген қажылыққа жіберген
Сер жанқажы Базарбекұлы же-
місті еңбек етуде. Ал “1-ші
мамыр” атындағы ауылда тұр -
ғызылған М.Шоқай атындағы
мешіт жалынды күрескер, ұлт
мақтанышы Мұстафа Шоқай
-
дың қайтыс болған күніне орай,
2013 жылдың желтоқсан ай ын -
да ашылды. Оның ашылуына
бұрынғы Парламент мәжілісінің
екі дүркін депутаты болып сай -
ланған, қадірменді ағамыз Жә -
лел Бәкір, бүгінгі сенатор, қоғам
қайраткері Мұрат Мұхаммедтер,
аудан әкімі Мұрат Ергешбаев-
тар қатысып, сөз сөйледі. М.Мұ -
хаммед мешіттің қысқы бір
жыл дық отынын көтеремін деп,
ер тесіне 6 тонна көмірді жеткізіп
берген. Ал мешіт соғып берген
Т.Шаутайға халықтың мінгізген
жылқысын “мен бұл тұлпарды
имамның айлық ақысына бер-
дім” деп өздеріне қайта сыйлап
кеткен. Не деген азамат?! Мұны -
сымен тұрмай Тілеуберген Қал -
көзді, Сержан мен “М.Шоқай
мешітінің” имамы Маймақов тар -
ды да Меккеге қажылық сапарға
аттандырып, дін өкілдерінің бе-
делін көтеріп отырды. Мұнан
соң туған жері “Қызылқайыңда”
мешіт үйін көтеріп, сонымен
қатар 2013 жылы “Бестам” ауы-
лында да мешіт соғуға кірісті.
Көп ұзамай, 2014 жылдың мау-
сым айының 27 жұлдызы күні
“Бестамдағы” “Досман қажы”
атындағы ескі мешіт үйі жаңа
мешітке көшіп, қасиетті Рамазан
айының тарауық намазы осын -
да оқылып, 28-і күні Ораза бас -
талған еді. Мешіттің ашылу
сал танына ауданға жаңа келген
әкім Қайратбек Сәрсенбаев,
Жә лел Бәкірлер қатысып, тұ р -
ғындар мен қонақтарды Алла -
ның жаңа Үйімен, мұсыл-
ман дардың нұрлы айы Рамазан
айының Оразаның басталуымен
құттықтаған еді. Бұл салтанатқа
Т.Шаутай науқастығына байла-
нысты қатыса алмады. Ел жүгін
арқалау оңай емес, нәзік жүрек
сыр берген көрінеді. Қазіргі
дамыған медицина жүректің де
қыр-сырын меңгеріп алған. Сәтті
шыққан отаны, ел тілегінің же-
місі деп түсіндік. “Қызыл қайың -
дағы” мешіт бір себептермен
тоқтап қалып, жуырда пайда -
лануға беретін күн де жақын. Бі -
лім күні Т.Құдайбергенұлы Жан-
сейіт әулие елді мекенінде
мешіт құрылысының тас іргесін
(фундаментін) қалады. Т.Шау-
тай құдды имам-қажыларды
даяр лайтын кадр бөлімінің бас-
шысы сықылды. Өз қаража ты -
мен мешітін соғып, имамын
Мек кеге жіберіп қажы атандыру
– бір адамның құдіреті жетпей-
тін дүние емес пе? Тілеу
-
бергеннің мықтылығы да
осын да болып тұр. Ойланасың
да қаласың. “Жөлек” – киелі елді
мекен. Қоқан хандығының “Жө -
лек” қаласын Орынбор генерал-
губернаторы Перовскийдің әс -
ке рі жеңіп алған соң, айналасы
өзен, көл, тамылжыған табиғаты
бар “Жөлек” орыстарды қатты
қызықтырған. Лезде орыс әс кер -
лерінің казармасы орнап, Сыр-
дария өзенінен форт ашып,
“Ханқожа” көлін айнала орыстар
кө шіп келіп иеленіп, “Жөлекте”
кір піш зауыты, наубайхана,
пош та, тағы басқа құрылыстар
салынып, орыстар поселкесіне
айналады. Ең бастысы, мұнда
орыс-бұратана халықтар мек-
тебі (русско-туземная школа)
ашылады. “Жөлек” – тарихи ау -
ыл. Осы орыс – бұратана халық -
тар мектебін бітіріп, тарихи
тұлғаларға айналған ағайынды
Жорабек Есенов, Бабабек Есе-
новтер, ағайынды Балмұхам
-
бетұлы Әбу мен Палмұхамедов
Әлилер “Жөлектің” атын респуб-
лика аймағына шығарған аза-
маттар. Онан бері де бұл
ау ыл дан қаншама белгілі аза-
маттар шығып, “Жөлектің” шам -
шырағына айналған. Ал бүгінгі
таң да сол аталары мен ағала -
ры ның жолын жалғаған шам шы -
рақ – Тілеуберген Шаутай болып
тұр десек, мысқалдай жаңы лыс -
пайды екенбіз. Тілеуберген
Құдайберген Шаутай 1962
жылдың 25-і тамызында Шиелі
ауданы, “Қызылқайың” елді ме-
кенінде дүниеге келген. Сырда-
рия өзенінің арғы жағалауына
қоныстанған ауыл алпысыншы
жылдары “Сырдария” кеңша ры -
ның орталығы болды ма екен?
Әйтеуір, әлеуетті ауыл болатын.
Ол жерде үлкен аурухана, зың -
ғырлаған клуб үйі, Жданов
атын дағы орысша-қазақша мек-
теп жұмыс істейтін. Орыстар көп
болушы еді. Сондай-ақ, гректер
көп тұратын. Дария жағалауы
сыңсыған тоғай болса, дария
жағалауындағы су шайған та -
қыр ларға сонда тұратын әке -
лері міз қауын егіп, оның тәттілігі
сондай, бал та
-
тыған қауынды
жей алмайтынбыз.
Т і леу б е р г ен г е
туған жері бүгін де
ыстық болу керек.
Өйткені, әркімнің
туған же рі – тірегі,
қасиетті топырағы,
кіндік қаны тамған
киелі мекен болып
саналады. Ата-
ана сы “Жө лекке” көшіп келсе де
“Қы зылқайың” ыстық көрініп,
мен мұндалап тұратын. Жөлек
ауылдық округінде 2006-2007
жылдары әкім болған, одан
аудандық бі лім бөлімінің бас-
шысы қызметін атқарып, одан
“Сыр ұланы” оқу
шылардың
тынығу лагерінің директоры, ал
8 тамыз күні 2013 жылға ауыл
әкім дері нің сайлауында өз ауы -
лы на қайта әкім болып сай
-
ланған Т.Шаутайдың бала күнгі
серігі, мектепте парталас-сы-
ныптас, студенттік шағында ара-
лас-құралас болған жолдасы,
өмірде сыйлас, айрылмас дос
атанған Бегімтай Сатаев былай
деп сыр шертті.
-
Біз Тілеубергенмен “Жө -
лекте” бірге өстік.
Отбасында
арқа сүйер әкеден ертерек
айрылған елгезек бала анасы
Дәлхан Уәлиханқызының қас-
қабағына қарайлап, ерте есейді.
Осы анамыздың әкесі Уәлихан
“Жөлектегі” орыс-бұратана ха -
лықтар (туземная школа) мек -
тебінің 1912-1916 жылғы түлегі
болған. Өте сауатты кісі көрінеді.
Оны қазір Төкең дейміз. Ол жа-
сынан уәдеге берік болды.
Әрбір тапсырмаға мән беріп,
іске жауаптылықпен қарайтын.
Сабақта сыныптастарынан оқ
бойы озып отыратын. Ал
-
ғырлығымен, зеректігімен, зейіні-
мен ерекшеленетін. Есепке
мәшинедей жүйрік еді. Жақсы
оқимыз деп жүрген біз жеті есеп
шығарғанда, Төкең он бес есеп
шығарып тастайтын. Математи-
кадан Оралбек Тұрлыбеков
деген ағай сабақ берді. Ол кісі
Тілеубергенге қарап “ғажап,
ғажап!” деп, басын шайқап от-
ыратын. Ол достыққа берік
болды. Ақты-ақ, қараны-қара
дейтін, әділсіздікке төзбейтін.
Әлі күнге сондай. Төкең та-
лантты өнер иесі. Ол гитараға
қосылып әдемі тенор дауысы-
мен ән салғанда, оны қоршалап
отыра қалатынбыз. Тілеу
-
бергенұлы озат оқушы болумен
қатар, ұйым
дастырушылық
қабілеті зор-тын. Ол маған үнемі
әкесін ойлап отыратындай сезі-
летін. Отбасында қанша
таршылық, жоқшылық болса да
оны сыртқа білдірмейтін. Кері-
сінше, оның өрлігі мен қай
-
сарлығы жігіттік жігерін жани
түсетін. Ол мектепте оқушылар
ұйымын басқарды. Баламыз
ғой. Бірде бір топ бала төбелесп
қалдық. Директорымыз ұла
-
ғатты ұстаз Мақұлбек Рүстемов
ағай. Кеңсесінде алдында
тұрмыз, басымыз салбырап.
Сонда ол кісі Тілеубергенге
қарап: “Ет сасыса тұз себет, тұз
сасыса не себет?!” – деп, оған
зілсіз ұрысқаны әлі есімде. Қазір
ойласам, қайран Мақұлбек ағай
Тілеубергенді сол кезде-ақ
таныған екен, бағасын берген
екен. “Ей, сен тұз емессің бе?
Мыналармен неғып жүрсің?” де-
гені” екен ғой. Бір қызығы, досы-
мыз екеуміздің студенттік күн -
деріміз де бір қалада, Шым-
кентте жалғасын тапты. Жа
-
ныңды терең түсінетін, ақыл
-
дасуға да, сүйенуге де, жарай-
тын досымның қасымда болуы
мен үшін қайталанбас қуаныш
еді. Ол қиындықта жол тауып
кететін. Бірде студент қыз дар -
ды, оның ішінде қазіргі сүйген
жарым Гүлшара да бар, киноға
шақырдық. Кинодан соң қыздар
жатақханаға таксимен қайтқысы
келетіндерін білдірді. Шіренгені-
міз болмаса, қалтамызда көк
тиын ақша қалмаған. Сас
қа -
нымнан Тілеубергенге қарадым.
Ол түк болмағандай, “Қыздар,
қаланың біз көрмеген әдемі
жерлері көп екен, сол жерлерді
жаяу жүріп араласақ қайтеді?
Үнемі таксимен жүріп бай
-
қамайды екенбіз” деп, қыздарды
ертіп жүре берді. Сөйтіп, қы -
зықты әңгімелер айтып, жатаха-
надан бір-ақ шығарған. Тап
-
қырлығы арқасында, ұялыстан
құтқарды. Ол студенттік шақта
да достары мен ұс таздарының
арасында сыйлы болды. Оның
келешек бір айтулы тұлға
болатындығы сол кезде-ақ бел-
гілі еді, - деді, досына деген
ризашылығын, ықыласын, жан
дүниесін жасыра алмаған Бегім-
тай күлімсіреген күйі.
Т.Шаутай 1979-1984 жыл-
дары Шымкент Қазақ химия-
технологиялық институтында
инженер-құрылысшы маман ды -
ғы бойынша білім алды. 1997-
2000 жылдар аралығында
Қызылорда мемлекеттік универ-
ситетінде оқып, тау-кен инженері
мамандығын алып шықты. 1984-
1986 жылдары “Ақтюбнефть”
өндірістік бірлестігінің жылжы-
малы механикаландырылған
колоннасының (ПМК) құрылыс
шебері болып қызмет атқарды.
Қажымас қайратты, еңбек десе
ерінбейтін Тілеуберген Құдай -
бергенұлы 1986 жылдан бастап
“Құмкөл” мұнай кенішін игеретін,
бұрынғы “Мангышлакнефт” өн -
дірістік бірлестігінің “Кумколь-
нефть” мұнай-газ өн
ді ру
бас қармасының, қазіргі “Петро -
Қ а зақстан Құмкөл Рессорсиз”
Акционерлік қоғамының күрделі
құрылыс бөлімінде қа тардағы
инженерден бөлім бас
тығына
дейін көтерілді. Ширек ғасыр
уақыт осы мекемеде үз
діксіз
қызмет етіп келеді. Ол өзінің
ұйымдастырушылық қабі
леті
мен жаңашыл идеяларын іске
асыруда шеберлік таныта біл-
гені үшін Үкімет тарапынан
жоғары бағаланып, көптеген ме-
рекелік медальдармен, Қазақс -
тан Республикасы Прези
ден-
тінің Алғыс хатымен, облыс
әкімі, облыстық мәслихаттың
Құрмет Грамоталарымен мара-
патталды. Т.Шаутай “Қазақс
-
танның Құрметті құрылыс-
шысы”, “Даңқты құрылысшы”
құрмет белгісінің иегері. Шиелі
ауданының “Құрметті азаматы”,
оның портреті “Шиелі ауданы -
ның Даңқты азаматтары аллея-
сына” қойылған, лайықты орнын
тапқан. Т.Шаутай қатарынан
екінші рет №24 Жақаев сайлау
округінен облыстық мәслихат
депутаты болып сайланған
халық қалаулысы. Сайлаушы-
лар алдында қабылдаған мін-
деттемесін абыроймен атқарып
жүрген белсенді депутат. “Нұр
Отан” ХДП Қызылорда облысы
бойынша партиялық бақылау
комиссиясының төрағасы. “Нұр
Отан” ХДП облыстық филиалы
Саяси Бюросының мүшесі.
Тілеубергеннің депутаттық қыз -
метінен бір мысал, Жақаев
ауылындағы балабақшаға об -
лыс тық бюджеттен 32 млн ақша
бөлінді, күрделі жөндеуге деп.
Облыстан комиссия келіп,
балабақша авариялық жағ дай -
да, жөндеуге келмейді деп ке-
теді. Бұны естіген Т.Шаутай
өзінің білімділігі, іскерлігі ар
-
қасында, құрылысқа қатысты
бөлім басшысын облыстан
әкеліп, мән-жайды түсіндіріп,
есептеп, 32 млн-ға тағы 40 млн
қостыртып, 72 млн теңгеге
жөндеу жұмысын жүргізіп бе-
ріпті. Тілеуберген Құдайберген
әкесі мен Дәлхан шешесінен
төрт ағайынды. Үлкен ағасы
Қадырберген, апалары Дүй сен -
күл, Қалима, үйдің кенжесі
Тілеубергеннің өзі. Ағасы Қадыр -
берген Құдайбергенов те қоғам
үшін еңбек еткен танымал аза-
мат, қоғам қайраткері. Кеңес
және партия органдарында
қызмет етті. 1990-1992 жыл-
дары Қадекең Шиелі аудандық
атқару комитетінің төраға
лы -
ғына сайланып, ауданда абы-
ройлы, құрметті басшы болды.
Тілеуберген үйлену тойын осы
ағасының үйінде өткізді. Қос
ғашық Тілеуберген мен Пери -
заттың ұланасыр тойы кеше
ғана өткендей. Жұбайы Перизат
жоғары білімді, банк саласының
қызметкері. Ұлы Бақберген мен
қыздары Әмина, Айзерелер әлі
мектеп, балабақша жасында.
Папасы мен мамасының сағы -
нышы, отбасының көз тоймас
гүліне айналған. Әр адам өз
өмірінің суретшісі. Қаншама тір-
ліктермен жүрсе де мейірман
әке отбасына асығады. Өзі де
әкесі Құдайбергенді жақсы көре -
тін. Онда әкесі мектеп дирек -
торының шаруашылық жө
нін-
дегі орынбасары еді. Орта
бойлы, Буденный мұртты,
қабағы қалың, сұсты кісі бола-
тын. Кешке мектепті бір аралап
шығатын. Тәртіпке қатты
қарайтын. Өнегелі әкесінің кел-
беті күні-бүгінге көз алдымда.
Ұлының өкініші - өзі шыққан би-
іктері мен жетістіктерін сүйікті
әкесінің көре алмай кеткендегісі.
Әйтпесе, бәрі жақсы.
Кәсіпкер Т.Шаутай өзінің
байлығын сауапты іске жұмсап
келеді. Ауданда сегіз кісінің
қажылыққа баруына демеушілік
жасады. Рухани жан-дүниесі
терең азамат ақын-жазушы
-
лардың кітап шығаруына, та-
лантты оқушылардың елге
та нылып, сара жолының ашы-
луына да қаражатын аяған
емес. Жатахананың жоғарғы
қабатынан құлап, орнынан тұра
алмастай болып қалған Сапа-
рымбетова Ақмаралды шетелге
екі рет емделуге көмектесті. Мү -
гедек қыздың өмір сүруге деген
құлшынысын туғызды. Оның
елге жасаған жақсылықтарын
айта бергің келеді, айта бергің.
Төкең өте мейірімді, жылы
жүректі жан. Орта бойлы, әдемі
кел ген жігіт ағасы жан-жағына
нұ рын шашқан күндей көрінді
маған. Тілеубергенді “Оқшы ата”
мазаратында жатқан жеті әу -
лие нің құдіретті күші желеп-
жебеп тұрғандай. Ия, солай!