Шығармашылық білім беру саласы Аппликация



бет10/12
Дата06.01.2022
өлшемі0,62 Mb.
#11957
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Күтілетін нəтижелер:

Мектеп алды даярлық (5 жастан 6 жасқа дейін)

І жартыжылдық



Сəндік аппликация.

1) түрлі пішіндегі қағазда таныс геометриялық элементтерден өрнек құрастыруды үйрету;

2) ұлттық кілемдерді, ас тақтайшаларын, сүлгілерді, қуыршақтарға арналған ыдыс-аяқтарды, ыдыс-аяқ сақтайтын сөмкелерді, қымыз құятын ыдыстарды (торсық), бұйымдарды, шырша əшекейлері мен ойыншықтарын, жаңа жылдық құттықтау ашық хаттарын, топ бөлмесін безендіруге, қыс тақырыбындағы ұжымдық панно жасауға үйрету.

Заттық аппликация.

Дағдыларды қалыптастыру:

1) екіге бүктелген қағаздан, түрлі қатпарлы бейнелерді қиюды;

2) қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді жəне екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қиюды;

3) елестету бойынша бірнеше бөліктерден заттар жасауды;

Сюжеттік аппликация.

Балаларға қағазға заттарды орналастыру дағдыларын үйрету. Жапсыруларды құрастыру барысында объектілердің көлемі бойынша қатынасын, заттардың бөліктерінің пішінін, құрылымын, қатынастарын көре білу іскерліктерін меңгерту.

Дағдыларды қалыптастыру:

1) əлеуметтік жағдайлар мен балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу;

2) үлгілер жəне трафареттермен, дайын киім үлгісімен жұмыс істеу;

3) өзінің жұмысын композиция, перспектива ережелеріне сəйкес құру;

4) қайшыны, желімді дұрыс қолдану;

5) екі бүктелген қағаздан симметриялық пішіндер қию;

6) геометриялық элементтерден (шеңберлер, шаршылар, сопақшалар) өрнектер құрастыру;

7) заттарды қазақ ою-өрнектерімен безендіру;

8) еңбек қауіпсіздігі жəне жеке гигиена ережелерін сақтау.



Күтілетін нəтижелер:
  • жұмыс тəсілдерін таңдайды жəне негіздейді; қағаздан симметриялық пішіндерді қия алады; бірнеше бөліктерден өрнек құрастырады;
  • дайын үлгілермен, шаблондармен, трафареттермен жұмыс жасайды; геометриялық элементтерден өрнек құрастырады, заттарды қазақ өрнектерімен безендіреді;
  • еңбек қауіпсіздігі жəне жеке бас гигиенасы ережесін сақтайды.

Мектеп



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет