Шығындар есебін басшылық толықтай негізделген іскери шешімдер қабылдау үшін қолданады


Шығындарды бөлу базасы-жұмыстар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін



бет2/3
Дата26.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#143903
1   2   3
Байланысты:
баскару есебі экзамен

Шығындарды бөлу базасы-жұмыстар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін

Шығындарды бөлу базасы-жұмыстар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін

өндіру процесіне тікелей қатысты көрсеткіш, оған пропорционалды түрде осы жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнына үстеме шығыстар жатады.

Бөлу базасы ретінде өндіріс процесінің үстеме шығындарына сәйкес келетін фактор

таңдалуы керек:

1. өндірістік персоналдың жұмыс істеген уақыты;

2. жабдықпен жұмыс істеген уақыт;

3. өндірістік персоналға еңбекақы төлеу қоры;

4. өндірілген өнім, жұмыс және қызмет бірліктері;

Калькуляция түрлері, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау Калькуляция - өнімнің және жартылай фабрикат бірлігінің өндіріс шығынын есепке алу обьектісі бойынша барлық өнімнің өзіндік құнын немесе жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнын анықтау бойынша есептеулер.


Алдын-ала калькуляциялау - өнімді дайындамас бұрын құрылады. Ол:
1. Жоспарлы
2. Жобалық ( сметалық )
3. Нормативті болады
Жоспарлы калькуляциялау – қазіргі заманғы технологияны, қолда бар ресурстарды ескере отырып, материал, отын, энергия,еңбек ақы т.б.
Шығынның жоспарлы кезеңдегі прогрессивті нормалардың орташа мәні бойынша өнімге ( жұмыс, қызмет ) және өнім бірлігіне жұмсалған мүмкін шығындарды анықтайды.
Жобалық (сметалық ) - жоспарлы калькуляциялаудың бір түрі болып табылады, негізінен қайта жобаланған, қайта құрылған өнімге немесе бір рет орындалатын жұмыстарға құрылады.
Нормативі калькуляция – ағындық жоспарлы калькуляцияның бір түрі, өнімнің өзіндік құнының калькуляциялау мен шығындарды нормативті есепке алу әдісін пайдаланатын кәсіпорында қолданылады.
Кейінгі калькуляция – бухгалтерлік есеп берілгендері бойынша өнімді шығарғаннан кейін құрылады және фактілік шығындар бейнелейді.
1. Есептік ( фактілік )
2. Болжамды немесе уақытша
Есептік – кәсіпорын жұмысына байланысты немесе оған байланыссыз себептерге байланысты жоспардан ауытқыған нақты шығындарды сипаттайды.
Болжамды – фактілік шығындар және келесі кезең немесе 9-айда алынған өнім негізінде шығын бойынша 4-тоқсан және басқа кезеңдегі өнімнің күтілетін өндірісі бойынша есептеулер негізінде құрылады.
Калькуляциялау кезінде шығындарды есепке алу обьектісі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы дұрыс құрылу керек. Шығындарды есепке алу обьектісі кәсіпорынның өндіріске кететін шығынның аналитикалық есебін ұйымдастыратын обьект.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет