Шығынды өтеу арқылы жатақханадан тұрғын үй-жай беру шарты



бет2/4
Дата04.02.2023
өлшемі215,63 Kb.
#65117
1   2   3   4
Байланысты:
document 13

3.2. «Университет» құқылы:
1. «Білім алушыдан» жатақханада белгіленген ішкі тәртіп ережесінің, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі қағидасының сақталуын талап етуге.
2. «Білім алушының» мүліктерді пайдалану шарттарын орындауын бақылау мақсатында «Білім алушыға» алдын ала ескерту арқылы оның қатысуымен, тұрғын үй-жайды (бөлмесін) тексеру, сондай-ақ ондағы санитариялық-техникалық және басқа да жабдықтардың жағдайын тексеруге.
3. Студенттік жатақхананың ішкі тәртіп ережелері, «Жатақхана туралы» ереженің, жатақханаға орналасу және тұру ережелері, жатақханадағы қауіпсіздік ережелері бұзылған жағдайда, «Білім алушыны» шығаруға құқылы.
3.3. «Білім алушы» міндетті:
1. Осы шартта көзделген мөлшерде және мерзімде тұрғын жайды пайдаланғаны үшін ақы төлеуді.
2. Жатақхана туралы ереженің талаптарын, жатақханаға орналасу және тұру қағидасын сақтауд.
3. Тұрғын жайды пайдалану талаптары мен қағидасын сақтауды,жатақхананың бөлмесі мен аумағын тазалықта ұстауды.
4. Бөлмені мақсатына сай пайдалануды, бұл ретте оның бұзылуына немесе бүлінуіне әкеліп соқпауын, мүлікті бүлдірмеуді, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауды, қоршаған ортаға залал келтірмеуді.
5. Тұрғын және қосалқы бөлмені, балконды, баспалдақ алаңын тазалықта және тәртіпте сақтауды.
6. Тамақ қалдықтары мен қоқыстарды арнайы белгіленген орындарға шығаруды, санитариялық тораптарға кәріз жүйесін бітеп тастайтын қоқыстар мен қалдықтардың түсуінен сақтап, қоқыс құбыры мен кәріз жүйесіне сұйық тағам қалдықтарын құймауды.
7. Электр және басқа да аспаптарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды, қолдан жасалған сақтандырғыш электрлік құрылғылар қондыруды, дәлізді, кіре берісті, баспалдақ торларын, қосалқы есіктерді қажетсіз заттармен толтыруға жол бермеуді, өрт қауіпсіздігінің басқа да талаптарын сақтауды.
8. Егер көрсетілген бүлінулер «Білім алушының» немесе «Білім алушыға» қатысы бар басқа тұлғалардың кесірінен болған жағдайда тұрғын үйдің, мүліктің бүлінуін, сондай-ақ бүлінген санитариялық-техникалық жабдықтарды жөндеуге немесе ауыстыруға 5 күн ішінде толық көлемде өз қаражаты есебінен төлем жүргізуді қамтамасыз етуді.
9. Тұрғын және қосалқы үй-жайды «Университет» алдын ала берілген жазбаша рұқсатынсыз өзгертуді, реконструкциялауды, қосымша санитариялық-техникалық және басқа да жабдықтарды қондыруын немесе қайта құруын жүргізбеуді.
10. Тұрғын үй-жайдың техникалық және санитариялық жағдайын тексеру үшін тұрғын бөлмеге және ондағы бар санитариялық-техникалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын «Университет» өкілдерінің тұрғын үй-жайға (бөлмеге) кіруін қамтамасыз етуді.
11. Шартты бұзған жағдайда тұрғын жайды босатуды қабылдау-тапсыру актісі бойынша 5 күнтізбелік күннің ішінде тиісті күйде тұрғын үй жайды, жиһазды, құрал-саймандарды, жабдықтарды және төсек-орын жабдықтарын «Университетке» тапсыруды.
12. Бөлмені қосымша жалға бермеудіміндетіне алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет