3.4. «Білім алушы» құқылы: 1. Қажетті санитариялық-тұрмыстық жағдайға.
2. Әкімшілік белгілеген қағидаға сәйкес санитариялық-техникалық, тұрмыстық және басқа да құралдарды пайдалануға.
3. Жатақханада өткізілетін мәдени-бұқаралық және ұйымдастыру шараларына қатысуға құқылы.
4. Тұрғын үйге қол сұқпаушылық туралы. Университет басшылығының өкілдері студентке хабарламай оның бөлмесіне университет мүлкінің бүліну қаупі болған кезде немесе көршілердің шағымына байланысты кіре алады. Бұл жағдайда себебін көрсете отырып, тиісті акт жасалады.
5. Университет басшылығына тұрғын үй жағдайларының сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу.
4. Тараптардың жауапкершілігі 1. Осы шарттың ережелерін бұзғаны үшін тараптар ҚР заңнамасында және осы шартта көзделген жауапты.
2. Жатақханаға орналасу және тұру қағидалары бұзылған жағдайда, «Білім алушы» Университет жатақханасында орын беру шарты бұзылғанға дейін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
3. Жатақханада тұрғаны үшін белгіленген мерзімде төлем жасамаған жағдайда (2.1-тармақ),осы шарт біржақты тәртіпте бұзылады.
4. Тараптар шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауап бермейді, егер мұндай орындалмаулардың себебі тараптар келісім жасасқан кезде немесе басқа еңсерілмейтін күш туындаған жағдайларда елеулі өзгерістер болса.
5. Жатақхананың жалпы алаңдарында орналасқан жиһаз, жабдық пен құрал-саймандар үшін барлық тұлғалар бірдей жауапты.
6. Жеке бөлмеде орналасқан жиһаз, жабдық пен құрал-саймандар үшін тұрғындардың қайсысы осы мүлікке зиян келтіргеніне немесе бүлдіргеніне қарамастан, осы бөлмеде тұратын барлық тұлғалар бірдей жауапты.
7. Зиянды өтеу «Білім алушының» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартудан босатпайды.
5. Шартты өзгерту және бұзу жолдары 1. Осы шарт Тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа 10 күн бұрын ескертуге міндетті.
2. Шарт келесі жағдайларда біржақты тәртіппен бұзылуы мүмкін:
2.1. Оқу жылы ішінде «Білім алушыны» университеттен шығару, оқудан шығару негізіне қарамастан; академиялық демалысқа кеткен кезде;
2.2. Басқа тұлғалардың (көршілердің) құқықтары мен мүдделері жүйелі түрде бұзылған жағдайда;
2.3.Осы Шарттың талаптары орындалмаған жағдайда.
2.4. Жатақханада тұрғаны үшін көрсетілген мерзімде төлемеген жағдайда.
3. Осы шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалып, тараптардың қолы қойылуы тиіс.
4. Осы шартты орындау барысында тараптардың арасында туындаған даулы мәселелер заңнамада белгіленген тәртіпте шешіледі.
5. Осы шарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалып, екі тарапқа бір данадан беріледі.
6. Осы шарт қол қойылған сәттен бастап заңды күшіне енеді.