Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет108/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   125
Байланысты:
1514000-Геоморфология-каз

"exaratіo" - жырту) деп аталады, яғни экзарация деген мҧздық қозғалысы нәтижесінде оның астында жатқан 
тҥпкі тау жыныстар бҧзылып уатылған материалдардың (ірілігі әр тҥрлі сынықты тастардың) мҧздың жиегіне 
қарай тасымалдануы. Экзарация әрекетінен шатқал немесе аңғар бойымен тӛмен жылжыған мҧздық 
олардың кӛлденең қимасын кеңейтіп астау тәріздес аңғарға айналдырады. Жоғарыда айтып кеткендей мҧндай 
мҧздық аңғарды трог (нем. trog - астау) деп атайды. Олар расында да астау пішінді екі жақтары тік, тҥ6і тегіс, 
план бойынша кӛбіне тҥзу бағытта, ҧзындығы оншақты км-ден аспайтын бедердің ерекше теріс пішіні. Трогтык 
екі жақ беткейінің ҥстіңгі тҧсында иығы деп аталатын шығыңқы беткейлердің иіні байқалады. бӛлігінде 
цирктермен шектеліп, тӛменгі бӛлігінде шеткі меренамен бітеді. Одан тӛмен қарай трогтық аңғар эрозиялық 
аңғарға ауысып, ӛзен бастау алады.Олар бҧрыңғы мҧз басу кезеңіндегі мҧздықтық аңғарының деңгейін 
кӛрсетеді.Трогтың бастау алады. 
 
Жамылғы мҧз басқан аймақтардың бедер пішіндері 
Жамылғы мҧздықтар таулық мҧздықтарымен салыстырғанда әлдеқайда кӛп, ауқымды. Олар тіпті кей тҥста 
бҥтіндей бір аралдар мен қҧрлықтарды алып жатыр. Мәселен, Гренландиядағы сірескен мҧздықтардың 
қалындығы 3 км-ден асса, Антрактидада ол 4 км-ге дейін жетеді. Міне, осындай ғаламат қалыңдығына 
байланысты мҧз астындағы бедер пішіндері мҧздықтың таралуына пәлендей әсер ете алмайды. Жамылғы 
мҧздықтардың ҥстіңгі беті әдетте дӛңестеу, жазық келеді, яғни қалқанға ҧқсас болады. Олар Арктикалық және 
Антрактикалық климат белдеулерінде таралған, ал бҧлардағы қардың шегі теңіз деңгейіне дейін жетеді немесе 
одан сәл биігірек орналасады. 
Жамылғы мҧздықтардың жылжуы қысымның айырмашылығына байланысты пайда болады да, мҧздық 
"қалқанының" ортасынан басталып, жан-жағына жылжып тарамдала тарайды. Мҧздықтың қоректену аймағы 
"қалқанның" кіндік тҧсында орналасқан. Ондағы мҧздың жыл айынғы еруі оған тҥсетін қар мӛлшерінен кем 


152 
болады. Қоректену аймағынан қашықтаған сайын абляция арта тҥседі де, мҧздың қалындығы кеми бере, 
мҧздықтың шет-шеті мҧз астындағы бедеріне бейімделе бастайды (мәселен, Гренландияның оңтҥстік- 
шығыс бӛлігінде осыңдай қҧбылыс айқын байқалады). Мҧздық балансының артуы мен кемуінің арақатынасына 
байланысты оның жиегі бір қалыпта тҧрмайды, осциляция қҧбылысы болып тҧрады. 
Мҧздықтардың ҥстіңгі бетін әдетте сан тарау жарықтар шимайлап жатады. Олардың пайда болу себептері де 
алуан тҥрлі: біресе мҧз астындағы бедердің әсерінен, енді бірде мҧздықтардың жекелеген бӛліктерінің әрқилы 
(әркелкі) жылжуынан болуы ықтимал. Бҧл жарықтар мҧздық бетінің жазда еруінен пайда болатын судың 
әсерінен кеңейіп тереңдей тҥседі. Тереңдігі ондаған, тіпті жҥздеген метрге жететін мҧз ҥсті каналдары осылай 
қалыптасады. Мҧз ішіндегі және мҧз астындағы каналдар мен ҥңгірлер де осындай сулардың ағу нәтижесінде 
пайда болады. Бҧл ҥңгірлерде су қатты қысымның әсерінде болады және тегеурінді кҥштің ықпалымен ағып, 
аса зор эрозиялық-аккумуляциялық жҧмыс атқарады. Тӛрттік кӛзенде мҧз басқан алаңның аумағы талай рет 
елеулі тҥрде ӛсіп отырған. Солтҥстік Америка мен Евразия аумақтарындағы орасан зор алқаптарды мҧз басты. 
Тӛрттік кӛзенде мҧз басудың ең кең тараған шағында ол 40 млн. шаршы километрден асты, (қҧрлықтың 30% 
алып отырды), яғни ол қазіргі мҧз басқан алаңнан 3 еседей артық болды. Бҧрынғы КҤО-ның еуропалық 
бӛлігінде алты мәрте мҧз басу болды делініп жҥр. Атап айтқанда, олар: (кӛне кезендерден бастап) березиндік
окалықднепрлікмосквалықкалининдікосташковтық деп бӛлінеді. Мҧның ҥстіне, бес тҥрлі мҧз аралық 
кезендер болды, олар: беловежьелік, лихвиндік, одинцовтық, микулиндік, молого-шексниндік. Кейбір ғалымдар 
біртҧтас валдайлық мҧзбасу кезеңі болып оның екі (калининдік және осташковтық) сатысы болған дейтін 
пікірді ҧсынады және осы екеуінің молого-шексниндік мҧз аралық сатысы ӛтті деп есептейді. 
Еуропада тӛрттік кезенде ӛткен мҧзбасудың негізгі орталығы Скандинавия болған, мҧндағы мҧздықтың 
қалындығы 5 км-ге дейін жеткен. Жаңа жер мен Солтҥстік Орал орталықтарындағы мҧздықтың қалындығы 
бҧдан сәл кемдеу болған. Сірә, Еуропадағы ең аумақты мҧздық днепрлік мҧздық болғанға ҧқсайды. 
Кӛне мҧз басу жамылғысының шеңберіндегі мҧздық қалқанның динамикасына сәйкес, геоморфологиялық 
процестердің белгілі бір белдемдері қалыптасып, тҥбінде соның сипаттары әр тҥрлі аймақтардың қазіргі 
пішіндеріне әсер еткен болуы керек. Әйтеуір, жер-жердің бедеріне назар аударсақ, мҧздықтық денудация 
(экзарация) да, мҧздықтық аккумуляция да басым болған аймақтар айқын кӛзге шалынады. Әрине, мҧндағы 
"басым" сӛзі бекер қолданылып отырған жоқ, ӛйткені денудация аймағында аккумуляциялық пішіндер 
кездесетін болса, дәл сол сияқты аккумуляция аймағында денудациялық пішіндер де кездесе береді. 
Еуропалық мҧздық жамылғысының шығыс еуропалық бӛлігін мысалға ала отырып, осы аталған аймақтардың 
қҧрылымын қысқаша сипаттап кӛрелік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет