Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет103/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   125
Байланысты:
1514000-Геоморфология-каз

Аңғарлық террасалар (долинные террасы) климаттың ғасырлар бойы ауытқуларына (жауын-шашынның 
кӛбеюі, мҧз басу кезеңдері) немесе тектоникалық қозғалыстарға байланысты. Ӛзен ағыны ӛтетін аймақтың 
тектоникалық кӛтерілуі сол жердің еңістігінің ҧлғаюына әкеліп соғады да, ӛзеннің тҥпкі эрозиясы соған 
бейімделіп, кҥшею қабілетіне иемденеді. Ӛзен ӛзінің аңғарын тереңдете тҥседі, оның бҧрынғы жайылмасы 
бірте-бірте кемерден биік жайылма ҥсті террасасына айналады. Осыған байланысты аңғарлық террасалар әр 
аймақтың палеографиялық жағдайларын, яғни ӛзеннің ағып ӛткен аумағының даму тарихын бейнелейді. 
Жергілікті террасалар (локальные террасы). Ол кӛп жерге таралмай, жергілікті қҧбылыстар, яғни жақпарлы 
кӛтерілу (блоковое поднятие) жылжыма (оползень) нәтижесінде пайда болады. Сондықтан олар бҥкіл 
аңғардың даму тарихына сипаттама бере алмайды. 
Ӛздерінің қҧрылған тау жыныстарына немесе геологиялық қҧрылысына байланысты террассалар – мүсіндік 
(эрозиялық), аккумуляциялық және аралас болып бӛлінеді [Сурет-76]. 
Мүсіндік немесе эрозиялық террасалар – тҥгел тҥпкі тау жыныстарынан тҧрады. Мҧндай қҧрылым ӛзеннің 
бастапқы даму кезеңіне сәйкес тектоникалық қозғалыстар толассыз жоғары кӛтерілуінен бедердің кӛтеріле 
дамуын 


138 
және аллювийдің шӛкпегенін кӛрсетеді. Аллювий шӛгілгеннің ӛзінде-ақ тек жҧқа қабатты ірі кесек тҥйірлі арна 
материалынан тҧратын болады. 
Аккумуляциялық террасалар ӛзеннің алювийлік шӛгінділерінен қҧралады да, оның іргетасы ӛзен деңгейінен 
тӛмен жатады, яғни ол жер бетіне шықпайды. Мҧндай ӛзен тау жыныстарын терең тілімдеп, жайылмасы толық 
тҥзеліп, аллювий шӛгіндісі қалың болғанын, ендеше ӛзен даму жолында толық оралымнан (циклден) ӛткендігін 
дәлелдейді.
Аралас террасалардың іргетасы тҥпкі тау жыныстарынан, ал кертпештің жоғарғы жағы мен террасаның ҥсті 
аллювийлік материалдан қҧралады. Террасаның осындай қҧрылымы ӛзеннің оралымды (циклді) дамуындағы 
алғашқы кезінде эрозия арта тҥсіп, кейін аккумуляция әрекеті басым болғанын кӛрсетеді. 
Аңғар террасаларының саны мен тҥрлері және ӛзара қатынасы әдетте жер қыртысының қозғалыстарына 
байланысты. Олардың саны таулы ӛлкелердегі аңғарларда кӛп болады, кейде 8-10, кейде одан да асып тҥседі. 
Жазықтағы ірі ӛзендерде 3-5 террассалар тҥзіліп, олар кӛбінесе аккумуляциялық немесе аралас тҥрлерге 
жатады. 
Сурет-76Геологиялық қҧрылысына байланысты ӛзен террасаларының тҥрлері: a – мҥсіндік террасалар; б - 
аккумуляциялық террасалар; в - аралас террасалар 
Ӛзен аңғарларының геологиялық қҧрылысы және оның морфологиясын инженерлік-геологиялық тҧрғыдан 
бағалау ӛте маңызды. Эрозиялық террасалардың ҥстінде салынған гидротехникалық қҧрылыстар ӛте қолайлы - 
олар тҥпкі тау жыныстарының ҥстінде тҧрғызылған. Ал борпылдақ тау жыныстарынан қҧралған 
аккумуляциялық террасаларда қҧрылыс жҥргізу мәселелері едәуір кҥрделі және қауіпті. Террасалардың нақты 
(абсюлюттік) және салыстырмалы биіктігі ӛзен бойында ӛзгеріп тҧрады. Мысалы, эрозия базисі тӛмен 
қҧлдыраса - террасалардың биіктігі ағысқа қарсы бағытта тӛмендей береді. Ал, ӛзеннің жоғарғы, таулы жағы 
кӛтерілсе, таулы аймақтың террасалары биік болып, тӛменгі саласына жақындаған сайын олардың биіктігі азая 
береді. Осы кӛріністер жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен кӛтерілген Тянь-Шаньда, Кавказда, 
Қарпатта, Альпі т.б. тауларында байқалады.
Террасалардың кӛлденең қимасындағы ӛзара қарым-қатынасы әр тҥрлі болуы мҥмкін. Мҧнда еселенген 
(вложенные) және ҥстемеленген (наложенные) террасаларды ажыратуға болады. Терраса ӛзара қатынасының әр 
тҥрлі болуы аңғар қалыптасқан кездегі ӛзеннің эрозиялық-аккумуляциялық әрекетінің даму жағдайын 
сипаттайды. 
Cүйелмеленген (вложенные) террасалар - ӛзендердің бірнеше мәрте шайып тереңдеу және шӛгу кезеңдерінің 
алмасуы жағдайларында қалыптасқан. Ӛзен суы ӛзінің тҥбін әрдайым есіп сылыған кезде алдыңғы 
кезеңдегі шӛгінділерін ағызып, шайып әкетеді, қалған бӛлігі жеке терраса тҥрінде болып қалады. Содан кейін, 
тектоникалық қозғалыстар баяу болған кезде аллювийлік материал қайта жиналып, қалған террасаның етегінде 
гипсометриялық тӛмен деңгейде бҧрын шайылған жыныстар есесінен қайтадан аллювийлік материалмен 
толтырылып жаңадан ӛзен жайылмасын қҧрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет