Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет105/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   125
Мұздық аңғарлары (трог) тау ӛлкелерінде мҧздық әрекеті нәтижесінде пайда болады. Трогтың кӛлденең қимасы 
тік беткейлі, астау тәріздес ойпаң тҥпті болып келеді. Оның жағалары қаншама тік болғанымен етек жағында 
едәуір кӛлбеуленеді де, аңғар тҥбіне ауысады. Екі жақ беткейлердің кӛлбеуленген ҥстіңгі тҧсында трог иығы 
(плечо трога) деп аталатын бҥгіс байқалады. Трог – ең алғаш V - әрпі тәрізді таудың эрозиялық пішіні болған, 
ал кейінірек мҧздық осы тау аңғары бойымен тӛмен ығысқан кезде, ол аңғар жағаларын ӛз салмағымен 
қопарып, кеңейтіп астау тәрізді аңғар тҥзген [Сурет-81]. 
Сурет-81. Трог аңғарының кӛлденең кескіні. Т - трогтың табаны; П - трогтың иығы (О.К.Леонтьев, Г.И.Рычагов, 
1988) 
Кӛмбе аңғарлар (погребенные долины) - кӛне ӛзен пішіндері, олар әдетте борпылдақ тӛрттік шӛгінділермен 
бҥркелген. Орталық Қазақстандағы Сарыарқа даласында кӛмбе аңғарлар жиі кездеседі [Сурет-82]. Тоқырау, 
Қусақ, Шар және т.б. ӛзендердің аңғарлары осы кӛмбе аңғарларға жатады. Кезінде кӛмбе аңғарлардың аумағы 
қазіргі кезеңмен салыстырғанда суы мол, ӛзен торлары кең ауқымды қамтыған. Кейін физикалық-географиялық 
жағдайлардың ӛзгеруіне байланысты ӛзендердің суы тартылып, аллювий шӛгінділері азайып, аңғарлардың 
аумағы едәуір кішірейген. Орталық Қазақстандағы кейбір аңғарлардың қазіргі кӛлемі кӛне аңғарлардың оннан 
бір бӛлігін ғана қамтиды. Кӛмбе аңғарлардың халық-шаруашылығындағы маңызы зор. Олар әр тҥрлі 
шашылымдардың, жерасты суларының және қҧрылыс материалдарының кенорны болып табылады. Мысалы, 
Балқаш қаласын сумен жабдықтау тҥгелімен Тоқырау ӛзенінің жерасты суын сақтаған қҧмды қабаттар есебінен 
қамтамасыз етіледі.
Су асты аңғарлары (подводныв долины) ӛзен сағасынан теңіз тҥбіне қарай жҥздеген, мыңдаған километрге 
дейін созылады. Мәселен, ҥстінен қарағанда Ҥнді мҧхитының тҥбінен Инд пен Ганг ӛзендерінің су астындағы 
жалғасы айқын кӛрінеді. Сібір ӛзендерінің (Обь, Лена) су асты жалғасы 200-300 километрге жетеді. Дҥние 
жҥзіндегі суы мол Амазонка ӛзені ағысының ықпалы ӛзі қҧятын Атлант мҧхит тҥбінің бедеріне де едәуір әсер 
етеді. 


142 
Сурет-82Кӛмбе аңғар. Тоқырау аңғарының тӛменгі бӛлігіндегі геологиялық кескіні. 1 - қҧмдақтар; 2 – гравий 
мен малтатастар аралас 
әртҥйірлі қҧмдар; 3 – гипс аралас қызыл-қҧба саздар; 4 – бозғылт-жасыл саздар; 5 - тҥпкі тау жыныстары 
(С.А.Қҧсайынов, 1965) 
Ғалымдар осындай аңғарлардың пайда болуын кӛбінесе суға батып кеткен қҧрлықтағы ӛзен аңғарлары десе, 
екіншілері оларды ӛзеннің су асты эрозиялық әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан деп есептейді. Жалпы жер 
бетінде аңғарлардың геоморфологиясын зерттеу сол жердің даму тарихын, яғни палеогеографиялық жағдайын 
анықтауға пайдалы қазбалардың кен қорларын іздестіруге (әсіресе, шашылымдарды анықтауға), 
гидротехникалық қҧрылыстар мен су электр станцияларын салуға, суару каналдарын жҥргізуге және басқа 
инженерлік-қҧрылыстар тҧрғызуға керекті деректерді алуға жәрдемдеседі. 
 
Аңғарлар ассиметриясы 
Егер аңғар жағалары бір-бірінен биіктігі, террасалар саны және кӛлденең қимасының сипаты тҧрғысынан әр 
тҥрлі болса, оны аңғар ассиметриясы деп атайды. Бҧл жағдайда ҥш тҥсінікті айыра білу керек: 1) ӛзен, яғни 
арна жағаларының ассиметриясы; 2) аңғар жағаларының ассимметриясы; 3) суайрықтар ассимметриясы. Олар 
ӛзара тығыз байланысты. Алғашқыда аңғар мен арнаның жағалары біреу-ақ. Кейінірек ӛзеннің ағуының 
нәтижесінде оның тҥбі кеңейіп жайпақтала береді. Бҧл кезде ӛзен арнасының жағасы аңғар жағасымен сәйкес 
келмейді. Аңғардың жағасы ӛзен жағасынан қашықтайды. Аңғар ассиметриясының пайда болуы туралы 
кӛптеген теориялар бар. Оларды әдетте гидродинамикалық, планеталық, климаттық және геологиялық 
қҧрылымдық себептерге жіктейді.
Гидродинамикалық теория. Ассиметрия ӛзен арнасының бір орыннан екінші орынға ығысуы немесе 
меандрлану нәтижесінде пайда болады. Шиыршық тәрізді ағын арнаның біресе бір жағына, біресе екінші 
жағына аумақшып, ӛзен ирелеңдей тҥседі. Осы жағдайда әрқашан да арнаның ойыңқы жағасы жоғары әрі тік, ал 
бҧлтық жағасы аласа әрі жайпақ болып, жағалау ассиметриясын қалыптастырады. Бірақ жоғарыда айтылғандай, 
арна жағасы-ның ассиметриясы аңғар жағасының ассиметриясына ҧдайы сәйкес бола бермейді. Және 
меандрлану кезінде арнаның аласа және биік жағалары тҧрақты емес, ӛзеннің біресе оң жағында біресе сол 
жағында кезек-кезек ауысып тҧрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет