Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет104/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   125
Үстемеленген (наложенные) террасалар – аллювийлік материалдың бірінің ҥстіне бірі ҥстемелеп шоғырлануы 
бір кезенде болған. Аңғар дамуының келесі мерзімінде ӛзеннің осы шӛгіндіге оқтын-оқтын жуып-шайып 
тілімдену және тереңдеу арқылы терраса сатылары тҥзілген. Жоғарыдан тӛмен қарай жҥйелі тҥрде қалыптасқан 
терраса сатылары бір қҧрамды және бір мезгілді жыныстардан тҧрады [Сурет-77]. 


139 
Сурет-77a - сҥйелмеленген террасалар; б - ҥстемеленген террасалар 
Осылайша, аңғардың әрбір террасаларының аллювийлік материалы ӛздерінің қҧрамы мен кӛнелілігіне (жасына) 
қарай ӛзгешеленеді. Жоғарыда айтылған террасалардың ӛзара қатынасын ажыратудың ғылыми-практикалық 
мағынасы да бар. Әсіресе аңғар бойында шашылымдарды іздестіру (поиск россыпи) кезінде кең қолданылады. 
Мәселен, жайылманың 1,5 м. тереңдікте шашыранды металл қабаты табылсын делік. Ҥстемеленген террасалар 
екенін біле отырып, металл қабатының қалған бӛлігі жоғарыда қалыптасқан бір немесе екі террасалар астында 
жатқанын алдын ала білуге болады. Ал, аңғарда сҥйелмеленген террасалар болса, бҧлай деп айта алмаймыз, 
ӛйткені олар әр тҥрлі қҧрамдағы және әр мезгілде қалыптасқан. Осыдан, аллювийлік шашылым-дарды 
іздестіруді аз шығынмен, ҥнемді және ӛнімді тҥрде жҥргізуге болады. 
 
Ӛзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық тҥрлері 
Ӛзен аңғарларының морфологиясы олардың жергілікті физикалық-географиялық жағдайларына, геологиялық 
қҧрылысына және даму тарихына байланысты. Таулы ӛлкенің жоғары ӛрлей дамуына байланысты қарқынды 
тҥрде эрозиялық тілімдену нәтижесінде саңылау, шатқал, каньон және астау тәрізді терең аңғарлар пайда 
болады [Сурет-78]. 
Сурет-78Ӛзен аңғарларының кӛлденең қимасының сипатына байланысты тҥрлері: a - саңылау; б- каньон; в - 
шатқал; г - астау тәрізді; д - трапеция тәрізді 
Саңылау (теснина, щель) - екі жағы тік қҧламалы, қысаң тар аңғар [Сурет-2].Тау шатқалы (ущелье) – тік 
қҧлайтын екі жақ беткейлері тӛмендеген сайын сҥйірлене беретін ӛте енсіз кӛлденең қимасы v - әрпі тәрізді 
терең аңғар. Кӛп жағдайда, шатқал тектоникалық жарылымдар бойында қалыптасады, кейіннен ағын сумен 
одан әрі кеңейіп, тереңдей тҥседі. Мысалы, Кавказдағы Терек ӛзені бойындағы Дарьял шатқалы, Іле 
Алатауындағы Есік, Ҥлкен Алматы, Шілік тау шатқалдары т.б. Каньон – кӛлденен бағытта қабатталған 
жағаларының беріктігі әр тҥрлі тау жыныстар қабаттарының су тіліп ӛткен жағдайда екі жақ бетейлері 
кертпештеніп қалыптасқан саты тәрізді, тҥбі терең аңғар. Эрозияға тӛзімді қабаттар тегістеліп каньонның 
жағасында террасаға ҧқсас жазық алаңшаларды, басқа да архитектуралық ӛрнектерге ҧқсайтын «ернеулер», 
«бағаналар» және т.б. бедер пішіндерді қҧрады. Каньондар кӛбінесе қҧрғақ континенттік климатты аудандарда, 
қарқынды тереңдік эрозиялық жағдайларда пайда болады. Бҧндай аңғарлар қарқынды тектоникалық кӛтерілуге


140 
ҧшыраған тауларға немесе горизонталь жатысты су ӛткізгіш тау жыныстарынан (әктас, қҧмтас, лесс) және 
лавалық жамылғылардан (базальт) тҧратын биік ҥстірттерге тән. Тҥбі кӛбінесе суға толған. 
Дҥние жҥзіндегі ең ҥлкен және белгілі Ҥлкен Каньон АҚШ-тағы Колорадо ӛзеннің бойында орналасқан. Оның 
ҧзындығы 320 км-ден астам, тереңдігі 180 м-ге дейін. Қазақстанда Іленің саласы Шарын ӛзені бойында да терең 
каньондар кең дамыған. Бҧдан басқа каньондар Маңғыстауда және Ҥстірт ӛлкелерде кездеседі. 
Жоғарыда айтылған ҥш тҥрлі аңғарлардың (саңылау, шатқал, каньон) тҥбін тҥгелімен немесе тҥгелге дерлік су 
басып жатады. Аңғардың даму жолындағы кейінгі кезеңдерінде бҥйірлік эрозия кҥшейе тҥсіп, аңғар кеңейіп, 
тҥбінде жазық жайылма алаңшалар қалыптасады. Аңғар одан әрі тілімденіп, және аккумуляцияға ҧшырап, 
жағалары жайпақ кең аңғардың тҥбінде бірнеше террасалар тҥзеледі. Мҧндай аңғардың кӛлденең қимасы астау 
немесе трапеция пішінді болады да, ӛзен дамуының бҧл кезеңін оның толысқан яки жетік кезеңі деп атайды. 
Ге\ологиялық қҧрылымына және тектоникалық элементтеріне байланысты аңғарлар синклиндік, антиклиндік, 
моноклиндік, грабендік (опырықтық), антецеденттік және тектоникалық жарылым бойына сәйкес келген 
тҥрлеріне бӛлінеді [Сурет-79]. 
Сурет-79. Саңылау (Edward J. Tabruck, Frederick, K.Lutdens, 1990) 
Сурет-80Геологиялық қҧрылымдарына байланысты ӛзен аңғарларының тҥрлері: A - синклиндік; Б - 
антиклиндік; В – моно- 


141 
клиндік; Г - тектоникалық жарылым бойымен сәйкес келген аңғар; Д - грабендік аңғар. (О.К.Леонтьев, 
Г.И.Рычагов, 1988) 
Мҧндай аңғарларды жаралу тегіне орай тектоникалық аңғарлар деп айтуға болады (Германиядағы Рейн аңғары
Орта Азиядағы Алай аңғары және т.б.). Жоталармен жарыса жатқан аңғарларды немесе геологиялық 
қҧрылымдардың созылымымен сәйкес келген аңғарларды бойлық аңғарлар дейді (продольная долина). Бойлық 
аңғарлар енді келеді және олар ҧзына бойында морфологиялық жағынан кӛп ӛзгермейді, яғни біркелкі болады. 
Ал тау жотасын жарып ӛтетін аңғарларды көлденең аңғарлар (поперечная долина) деп атайды. Кӛлденең 
аңғардың тҧйық және ашық тҥрлері бар. Тҧйық аңғар тау жотасының бір-ақ беткейінде дамиды. Ашық аңғарлар 
кӛлденең жатқан жас тау жотасын бірте-бірте тілгілеп ӛтуі нәтижесінде тҥзіледі. Мысалға, кӛлденең аңғарға 
куэст аймақтарының консеквенттік ӛзен аңғары және жотаны тіліп ӛткен антецеденттік аңғарлар жатады. 
Антецеденттік аңғарлардың морфологиялық бейнесі терең шатқал аңғарға ҧқсайды. Жалпы кӛлденең 
аңғарлардың жіңішке бӛлікшелері планда кеңейген бӛлікшелермен алмасып отырады. 
Аңғарлар ӛзінің ӛтетін аймақтарының сипатына қарай таулы және жазықты аңғарларға бӛлінеді. Таулы 
аңғарлар әдетте терең, тар және жағалары тік жарлауыт болады, ал бойлық кескіні қҧламалы болып келеді. 
Жазықты аңғарлар керісінше, кең, жағалары жайпақ, кӛлбеу немесе сатылы болады. 
Аңғарлардың халық шаруашылығындағы маңызы ӛте зор. Қазақстанның Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария 
сияқты жазықтағы ӛзендерінің жайылмалары шҧрайлы шабындық ҥшін, ал террасалар әр тҥрлі ауыл-
шаруашылық дақылдарын егу ҥшін кең пайдаланылады. Елді мекендер кӛбіне ӛзен аңғарларына қоныстанады. 
Судың еріткіштік қасиетіне байланысты карбонатты тау жыныстары (әктас, бор, доломит) кең тараған 
аймақтарында карстық аңғарлар кездеседі. Жалпы карстқа ҧшыраған тау жыныстары дамыған аймақтарда 
карстық аңғарлардың бойлық қимасы кездейсоқ бҧрылыстармен және аңғар тҥбінде кездесіп қалатын 
қуыстармен немесе "қалташықтармен" ерекшелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет