Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет110/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   125
Байланысты:
1514000-Геоморфология-каз

 
Сабақ №38 
Тақырып: Эолдық, дефляциялық, карсттық және технотектік бедер пішіндері. 
Жоспар 
1. шӛлді аймақтардың бедер пішіндері. 
2. бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері. 
3. эолдық аккумуляциялық бедер пішіндер. 
4. лѐсстен қҧрылған бедер пішіндері. 
5. карст қҧрылуының шартты жағдайлары. 
6. карст аймақтарының бедер пішіндері. 
7. карст аймақтарының ҥңгірлері және аңғарлары мен ӛзендері. 
8. жалған карстық (псевдокарст) процестер мен бедер пішіндері. 
9. техногенді рельеф (антропогендік). 
Шӛлді аймақтардың бедер пішіндері 
Аридты (лат. arіdus - қҧрғақ) аймақтардағы бедер пішіндері негізінен желдің әрекетінен пайда болады. 
Желдің әрекетіне байланысты геоморфологиялық процестер мен бедер пішіндерін «эолдық» деп атайды (грек. 
Аіlos - желдің тәңірі, қҧдіреті). Эолдық процестердің морфологиялық жағынан кӛрініс беру ҥшін мынадай 
физикалық-географиялық және геологиялық жағдайлардың белгілі тҥрде ҥйлесуі: жауын-шашынның ӛте аз 
болуы, қатты желдердің жиі болуы, ӛсімдіктер жамылғысының мҥлдем жоқ болуы немесе ӛте сирек кездесуі, 
тау жыныстарының мейлінше физикалық ҥгілуі және ҥгілу заттарының ӛте ҧсақ шаң-тозаң тҥрінде болуы қажет 
(О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988). Мҧндай жағдайлар қуаңшылық елдерде яғни жауын-шашынның жылдық 
мӛлшері 700 мм-ден аспайтын тропикалық шӛлдерде, сонымен қатар қоңыр салқын ендіктердің қуаңшылық 
климаттағы шӛл және шӛлейттерде жиі кездеседі. Демек, эолдық процестер - алдымен физикалық-
географиялық белдемдермен, нақтылы айтқанда ылғал мен жылылықтың белгілі бір ӛзара қарым-қатынас 
арасындағы қҧбылыстармен байланысты. Эолдық әрекетке қолайлы жағдай арктикалық және антарктикалық 
климаттық белдеулерде де болады. Кезінде эолдық процестер материктік мҧз жамылғысының шетіне таяу 
жалғасқан перигляциялдық аймақтардағы "зандр" жазықтарында болған. Белгілі жағдайда эолдық процестер 
басқа табиғат белдеулерде де кездеседі. Мысалы, климаттың жағдайына қарамастан борпылдақ қҧмның ҥгілуі 
теңіз және кӛл жағасында байқалады. Эолдық бедер пішіндері аллювийлік материалдың жиналу нәтижесінде 
ӛзендер аңғарларында да қалыптасады. 


155 
Сӛйтіп, жел әрекеттерінің қарқынды тҥрде жҥзеге асу аймақтары: кең кӛлемді шӛл және шӛлейт белдемдері, 
теңіз бен кӛлдің аккумуляциялық жағалары және ӛзен аңғарларының қҧм материалы шоғырланатын 
бӛліктері. Жалпы эолдық процестер мынадай тҥрлерге бӛлінеді: 
1) дефляция – (лат. deflare - ҥрлеу) желдің әрекетінен борпылдақ топырақтарды ҥрлеп ҧшыруы;
2) корразия (лат. corrasus – қыру, жону) желдің әрекеітнен ҧшатын қатты қҧм бӛлшектер мен тҥйірлер арқылы 
тҥпкі тау жыныстарына механикалық әсер етуі: қажап бҧзу, ӛңдеу, тегістеу, тесу;
3) эолдық материалды тасымалдау және шоғырлап шӛгуі.
Желдің жылдамдығы мен жел арқылы ҧшқан топырақ бӛлшектерінің арасында тікелей байланыс бар. Желдің 
қозғаушы кҥші оның жылдамдығына тура пропорционалды, ал тасымалдау бӛлшектердің мӛлшеріне кері 
пропорционалды болады. Эксперименталдық бақылау нәтижесінде желдің бастапқы жылдам- 
дығына сәйкес қҧм бӛлшектерінің мынадай мӛлшерлері сай келеді. 
Желдің жылдамдығы, м/с Тасымалды қҧм бӛлшектердің 
максималды мӛлшері, мм 
4,5 - 6,7 0,25 
6,7 - 8,4 0,5
9,8- 11,4 1,0 
  
Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері 
Жердің бетінде, соның ішінде Қазақстанның шӛл және шӛлейт ӛңірлерінде, әсіресе Маңғыстау мен Ҥстірт 
аймақтарында адам бойынан биік әр тҥрлі тас бағаналар, тас саңырауқҧлақтар, тас шарлар ӛрген қойдай 
жайылып жатыр. Олар кӛбінесе тасқашалау (корразия) мен ҥрлену (дефляция) әрекетінен пайда болған. Жел 
айдаған миллиондаған қҧм тҥйірлері кӛбінесе жердің бетінен 1-2 м биіктікте ҧшады. Сонда жартастардың сол 
деңгейдегі жатқан ірге тасын жел қҧм тҥйірлері арқылы қашап, жонып, тырнап, қырып, бҧзып айдап алып кетіп 
кейін эолдық "тас бағаналар", дӛңгелек келген тасберіштер, " тас мҧнаралар" немесе тасты саңырауқҧлақтар 
сияқты ерекше бедер пішіндерін қҧрайды. Сӛйтіп желмен ҧшқан қҧм тҥйірлері жартасты тау жыныстармен 
жанасып, абразиялық материал ретінде олардың сыртын ӛңдеп механикалық әсер етеді. 
Жел қаққан жартастардың пішіндері олардың қҧрамы мен қҧрылысына тығыз байланысты. Жел ӛзінің табиғи 
әрекетіне орай нығыздығы шамалы икемді тау жыныстарға ықпал етіп, яғни қҧм және қҧмайт тҥйірлерін 
ҥргілей отырып, жартастардан неше тҥрлі қуыстарды және әр тереңдіктіе әр кӛлемді шҧңқырларды қашап, 
ойып шығарады. Мҧндай ӛңірлерде берік тау жыныстардан қҧралған жартастардан жел неше тҥрлі 
жануарларды, отырған қҧсты, басынан дулығасын шешпей ҧйықтап жатқан алпауытты, сақалы ҧйысқан шалды, 
кемпіртасты, шӛккен тҥйені, қақпа-дарбазаны, ескі қамалдарды, қираған қалаларды және т.б. елестетін 
мҥсіндер тҥзеді. 
Желдің осылайша қатты, берік тау жыныстарды бӛліп қақпалау әрекетін эолдық қашалау (препарировка) деп 
атайды. Дефляция және корразия процестердің әсерінен шаң-тозаңдардың ҥрленіп ҧшуы және қҧйын жиі 
болатын шӛлді аймақтарда жиі байқалады. Солардың әсерінен жер бетінде дӛңгелек тәрізді немесе жел соққан 
бағытына қарай созылған сопақ пішінді кӛлденеңі оншақты метрге немесе жҥздеген метрге жететін 
қазаншҧңқырлар (котловина выдувания) пайда болады. Кейбір жерлерде осы дефляция нәтижесінде пайда 
болған бедердің теріс пішіндерін ярданг деп атайды. Кейбір жағдайда дефляцияның әрекеті басқа ҥгілу 
процестерімен қосылып қазаншҧңқырлардың тҥбін әрі қарай тереңдете тҥседі. Осылайша тҥбі ӛте терең, кӛлемі 
аса зор ойпаңдар пайда болады. Мысалы, Каспий маңындағы Қарақия ойпаңының тҥбі жердің бетінен 300 метр 
тӛмен жатыр, ал теңіз деңгейімен салыстырғанда оның тҥбі 132 метрге дейін тӛмен тҥсіп кеткен. 
Дефляциялық процестер ауылшаруашылығына едәуір зиян келтіреді. Жерді соқамен ҧқыпсыз жыртқан кезде 
желдік эрозия (ветровая эрозия) пайда болуы мҥмкін. Егер мҧнда жыртылған жерлер тиісті қамқорлықпен 
пайдаланбаса, топырақтың жоғары қҧнарлы гумус қабаты ӛзінің тиісті қҧрылымын жоғалтып, желмен ҧшып 
айдалып кетеді. Нәтижесінде жел эрозиясы мемлекетке жыл сайын кӛп зиян тигізеді. Ғалымдардың есептеуі 
бойынша, кейде 1 гектардан 125 тонна қҧнарлы топырақ желмен ҧшып кетеді екен. Тасымалдану. Жел жер 
бетіндегі ҧсақ шаңдарды, тозаңдарды, қҧмайтты, қҧмдарды ҥрлеп кӛтереді де, оны бҥкіл жер жҥзіне 
тасымалдайды. Мысалы, 1883 ж. Индонезиядағы Кракатау жанартауы атқылағанда оның кҥлі соншама биікке 
кӛтерілген, сӛйтіп ҥш жыл бойында жерді ҥш рет айналып, аспанда ҧшып жҥрген. Тасымалдану жолының алыс-
қашықтығы біріншіден ҥгінді бӛлшектерінің кӛлеміне және ауырлығына, олардың пішініне, екіншіден, жел 
кҥшіне байланысты болады. Ірілеу кесектер де қҧйын, дауыл кезінде жер бетінен кӛтеріліп, бірнеше мәрте 
ҧшып, жерге аунап тҥсіп, домалап отырады. 
Мҧндай тасымалдануды "сальтация" дейді. Ал, Эолдық тасымалданудың басты қҥрамы қҧм ҥгінділері. Олар 
кӛбінесе жер бетінен 1-2 метр биіктікте ҥшады. Соның 80% жел қҧйынының аса тӛменгі қабатында 10-20 см 
биіктікте жылжиды. Сонда кҥм бӛлшектері бір-бірімен соқтығысып, қақтығысып гуілдеген дыбыс шығарады
соқтыққан қҧм уатылып-ҧсақталып, тегістеліп жалтырайды. Кварц тҥйірлері минералдардың ішіндегі ең бір 
қаттысы болғандықтан, қҧмдар қҧрамының негізгі бӛлшегі болып саналады. Ал шаң-тозаңның тасымалдануы 
әдетте едәуір биіктікте болады. Шаңды дауыл кезінде ауа, биіктігі жҥздеген метрге дейін ҧсақ-тозаң 
бӛлшектерге 


156 
толып, олар желдің ықпалынан талай жерге тасымалданады. Қҧм-тозаңның қаншалық алысқа жететіндігін бір-
екі мысалдан білуге болады. Мәселен, Ауған шӛлдерінен ҧшқан шаң Қарақҧмға дейін жетіп, шӛгеді. Қарабҧғаз 
шығанағының суалған тҥбінен кӛтерілген тҧзды тозаң Каспий теңізінен басып ӛтіп, Әзірбайжан бау-
бақшаларының ҥстіне қонады. Сондай-ақ қҧрып бара жатқан Арал теңізінің тҥбінен ҧшқан орасан мол тҧзды 
шаң-тозаң Қазақстан шекарасынан тыс кӛптеген Еуразия елдерінің егіс даласына шӛгіп, зиян тигізгені 
баршамызға аян. Жалпы эолдық қҧмдардың жаралу тегі - ӛзен, кӛл, теңіз шӛгінделерінен және эллювийлік 
шӛгінділердің жел әрекетінен ҧшып ҧйытқылауынан пайда болған. Мысалы, Қарақҧм ерте замандағы 
Әмударияның, Қызылқҧм-Сырдарияның, Мойынқҧм-Талас пен Шу ӛзендерінің, Балхаш маңындағы Іле 
ӛзенінің және кӛлдер қҧм шӛгінділерінің желмен қайтадан ҧшуынан тҥзелген.
Эолдық аккумуляциялық бедер пішіндер 
Эолдық аккумуляциялық бедері қҧмдардың, шаң-тозаңның жел әрекетімен шоғырлануы нәтижесінде 
жер бетінде пайда болады. Эолдық аккумуляциялық пішіндердің жай тҥрі - қҧм ҥйінділері (песчаные бугры). 
Бҧл алдымен биіктігі -1,2 метрге жететін бҧта, дӛңбек тас секілді тосқауылдардың ық жағында қалыптасатын 
кіші-гірім жел бағытына сәйкес созылған дӛңгелек дӛңестер. Осы дӛңестер ӛсе келе ӛзі де желге тосқауыл 
болып, қҧмдар оның алдында ҥйіле бастайды. Ақырында тасқауылдар қҧмның астында кӛміліп, биіктігі 5-6 
метрге дейін жететін симметриялық эолдық ҥйінділер тҥзеледі.
Желдің ҥрлеген бағытына қарай орналасқан бойлық және кӛлденең эолдық пішіндерді ажыратуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет