153
Оздар бҥгінде қҧрылыс материалдарының кӛзі ретінде және жол салуға пайдаланылады. Керек десеңіз, кӛп
жерін кӛлдер мен батпақтар алып жатқан Финляндия сияқты елде бҧл мақсатқа оздардан басқа ештеңені
қолдана
алмайсыз да.
Мұздық аккумуляциясының басым аймағы. Мҧз аккумуляциясының басым аймағы мҧздықтың шеткі жағында
орналасқан. Мҧз суының әрекетінен пайда болған әр тҥрлі пішіндермен қатар
жер бетінде кама, друмлина,
зандр деп аталған бедердің ерекше пішіндері тҥзелген.
Кама (нем. кama-қырқа) деп биіктігі 2-5 метрден 30 метрге дейін жететін, кейде одан да асатын, қабат-қабат
флювиогляциалдық шӛгінділерден тҧратын тӛбелерді атайды. Олар мҧз аккумуляциясы басым болған
аймақтарда тараған.
Бҧл тӛбелердің кӛрінісі конус тәрізді жҧмыр кҥмбезге ҧқсайды. Тӛбешіктердің беткейлері әдетте 15º-қа дейін
кейде одан да еңістеу болады. Қалыптасу тегі жӛнінен камалар оздарға жақын деп есептеледі, бірақ олар
мҧздық ішіндегі және астындағы тасқындардың кеңейген орнында пайда болған. Тағы бір кӛзқарас бойынша,
камалар бҧрынғы мҧздық ҥсті мен мҧздық астындағы кӛлдердің орнында қалыптасқан болса керек. Кӛптеген
ерттеушілердің
пікірінше, мҧның қай-қайсысында да камалардың тҥзілуі мҧздықтардың бҧзылып еруі
барысында, жылжу қабілетінен айрылған "ӛлі" мҧз орнында пайда болған.
Друмлина деп (ирланд.
dramlіn - тӛбе) бір жҥз метрден 2-3 км-ге дейін ассиметриялы жал тәрізді созылған
дӛңдерді атайды: олардың ені 100-200 метрден 2-3 км-ге дейін, биіктігі 5 метрден 45 метрге дейін жетеді.
Друмлиндердің ҧзын осі мҧздықтың жылжу бағытына қарай орналасады.
Олардың мҧздық қозғалатын жаққа қараған беткейлері де қарсы беткейлері де қҧламалы бола беруі мҥмкін.
Друмлиндер мореналық материалдан тҧрады. Болжамдарға қарағанда олар мҧздықтың шеткері жағындағы
жарықтарға әр тҥрлі қалдықтардың толуы және кейін осының бәрі негізгі мореналық ҥстінде қалуы нәтижесінде
қҧрылатын болса керек. Кейде друмлиннің ішкі ядросы байырғы тау жыныстардан қҧралады. Друмлиндік
ландшафт Санкт-Петербург маңайыңда және Эстонияда кең тараған.
Зандрлар (датша
zandr - қҧм) негізгі
моренаның сырт жағындағы қҧм,
қиыршық тас, малтатас ҥйіндісінен қальштасқан кең аумақты жазықтар.
Мҧздық кең ойпаң алаптарға жеткен кезде еріген су емін-еркін жайылып кӛптеген арналарға бӛлініп кетеді.
Сонда сумен ағып келген ҥгінділердің барлығы шӛге бастайды. Алдымен соңғы моренаның жиегінде ірі
кесектер -
малта, қиыршық тастар, әрі қарай қҧмдар шӛгеді, одан әрі судың ағыны әбден басылғанда, ҧсақ қҧмдар, қҧмайт,
лай шӛгеді. Сӛйтіп, негізінде қҧмнан қалыптасқан зандр жазықтар пайда болады [Сурет-88].
Мҧздық шӛгінділерде қҧрылыстық материалдармен қатар, кейбір шашылымдардың тҥрлерін кездестіруге
болады.
Мҧздық шашылымдары таулық мҧздықтар немесе кӛне қҧрлық мҧздықтар әрекетінен тҥзіледі. Олар мореналық
және флювиогляциалдық шашылымдарға бӛлінеді. Мҧндай шашылымдар аз іріктелген және
пайдалы
қазбаларға бай емес, ал егер мҧздық ӛзінің жылжу жолында кӛне теңіздің немесе аңғарлардың аллювийлік
шашылымдарды бҧзып алып кетсе, онда бағалы қҧрамбӛліктермен баюы мҥмкін. Осындай алтынның
мореналық шашылымдары Канада да (Клондайк) және Америка Қҧрама Штатындағы алмастың шашылымдары
бар. Шашылымдардың қалыптасуына флювиогляциалдық шӛгінділерде материалдың
іріктелуіне қолайлы
жағдай туады. Осыған ҧқсас алтын шашылымдар Жаңа Зеландияда және платина шашылымдары Канадада
кездеседі.
154
Сурет-88
. Жамылғы мҧзбасу аймақтарының бедер пішіндері (Edward J.Tabruck, Frederick, K.Lutdens, 1990)
Достарыңызбен бөлісу: