Қырқа құмдар (грядовые пески) - ҧзындығы бірнеше километр, биіктігі 10-м-ден 30 м-ге дейін жететін желдің
тҧрақты бағытына қарай жаралған қҧмды тізбек қырқалар Б.А.Федоровичтың (1983) кӛзқарасы бойынша қырқа
қҧмдар немесе қҧмдық қырқалар желдің қҧйын тәрізді таралуынан, қҧмның жел екпіндерінің жазық бағытта
шыр айналып ҧшып борауынан қалыптасады. Себебі қҧйынды жел қҧм тҥйірлерін тӛмен ӛңірлерден ҧшыртып
әкетіп, солардың арасында пайда болған қырқаларға әкеліп ҥйеді. Сонымен қатар қҧм басым желдердің
бағытына сәйкес қырқа бойымен ауысып жылжи береді де, оның ҧзаруын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде бір-
бірімен жарыса созылып жататын жіңішке қырқалар тҥріндегі қҧм массивтері қалыптасады. Қырқа қҧмдардың
ӛздеріне тән сипат белгісі - жел жақ беткейі мен ық жақ беткейінің кӛлбеулігі жӛнінен олардың бір-бірінен
айырмасы жоқ. Қырқа қҧмдарды кӛбінесе ӛсімдік басып жатады. Қҧм бедерлерінің мҧндай тҥрлері Орта
Азияда, Сахарада, Аравия елдерінде, Австралияда кең тараған. Қазақстанда Аралмаңы, Қызылқҧм, Оңтҥстік
Балхаш, Каспиймаңы жазықтарында және Мойынқҧм шӛлдерінде ең басты бедер пішіндерін қҧрайды. Жел
бағытына кӛлденең орналасқан пішіндерге қҧм шағылдар (барқандар), барқан тізбектері және параболдық
қҧмды дӛңдер (параболические дюны) жатады.
Барқандар (қҧм шағылдар) симметриясыз, ҥстінен қарағанда жарты айға ҧқсаған немесе орақ пішіндес жел
ескен бағытқа кӛлденең орналасқан қҧм бедері (100-сурет). Оның екі жақтағы ҧшы жел соққан бағытты
кӛрсетеді. Жел жақ беті жайпақтау 10-15º, қарсы ық беткейі қысқалау еңкіш - 30-35º дейін жетеді, яғни қҧмның
табиғи қҧлама бҧрышына сәйкес. Екі ҧшының арасында жел ҧйытқығандықтан ойма шҧңқыр пайда болады.
Барқанның кӛлемі әр тҥрлі. Кішкене барқандардың биіктігі 3 м-ден 8 м-ге дейін болады. Атакама шӛлінде
олардың биіктігі 40 м-ге, кӛлденеңі 200-300 м-ге жететін тҥрлері бар. Іле ӛзеннің оң жағалауындағы Қалқан қҧм
тӛбесінің биіктігі - 70 м. Барқандар бір орында тҧрмайды, жел соққан бағытқа баяу жылжи береді. Мысалы,
Қарақҧм шӛліндегі барқандардың жылжуы ай сайын 12 м-гe дейін жетеді. Ҥлкен барқандарға қарағанда аз
кӛлемді кішкене барқандар орнынан тез ауысады, олар ҥлкен барқанның жел жақ беткейімен жылжып,
"ӛрмелеп" отырып нәтижесінде ірі кӛлемді "кҥрделі", "полисинтетикалық" барқандар қалыптастырады. Осы
барқандардың пайда болуы туралы басқа да ҧғымдар бар. М.П.Петрованың пікірі бойынша, кішкене
барқандардың тҥзілуі ҥлкен барқандардың жел жақ баурайындағы қҧйынның әрекетіне байланысты.
Алматыдан не бәрі 150 шақырым жерде, жоғары айтылған Іле ӛзен жағаларындағы Қалқан қҧмдық тӛбелердің
ӛңірінде таң қаларлық табиғи қҧбылыстар байқалады. Мҧнда жел соққан кезде қҧм ҥн шығарады. Оның
дауысы айналасы ондаған километрге дейін айқын естіліп тҧрады. Бҧл ғаламат табиғат қҧбылысын былай
тҥсіндіруге болады: шаң-тозаңсыз таза қҧм тҥйірлері желмен ҧшқан кезде немесе ҥсақ тҥйірлердің қҧм
тӛбесінен баурай бойымен сырғанап ауысқан жағдайларында, олар ӛзара бір-бірімен соқтығысып ҥйкелеуінен
аздап дыбыс шығарады, ал сусымалы қҧмнан қҧрылған биіктігі 70 метрлік кеуекті қҧм тӛбе камертон ретінде
бҧл дыбысты одан әрі кҥңірентіп, гуілдетіп кҥшейтеді. Жҧрт мҧндай қҧм тӛбені сусылдақ әнші қҧм (поющие
пески) деп атап кеткен. ( 100 – сурет). Жел бағытына кӛлденең орналасқан аккумуляциялық қҧм бедерлеріне
барқан тізбектері жатады. Барқан тізбектері деп барқандардың бірінен соң біріне ҧзына бойы тізіліп созылған,
кҥрделі барқандарды айтады. Әдетте барқан тізбектері бір-біріне қатар, параллель орналасады. Барқан
тізбектерінің ҧзындығы әдетте 3-5 км болады, дегенмен ҧзындығы 20 км, кӛлденеңі 1 км, биіктігі 100 м-ге
жететін қҧмды жоталары да байқалады. Жағалық шағылдар (дюналар - нем. dune - қҧм тӛбе) - теңіздердің,
кӛлдердің және ӛзендердің жағаларында жел айдап ҥюден пайда болған бедер пішіні. Жағалық шағылдар
тҧрақты жел бағытының кӛлденең орналасады да, кӛбінесе қатар тізбектеліп жатады. Олардың биіктігі кейде
300 м-re дейін жетеді, беткейлері ассиметриялы болады: жел жақ беткей жатық 5-12º, ал қарама-қарсы, ық жағы
еңкіш - 30-35º-қа дейін жетеді. Желдің әсерінен қҧм тӛбелер баяу жылжып, егістікті, бақтарды, жолдарды,
арықтарды тіпті қыстақтарды басып қалуы ықтимал (96-сурет). Жағалық шағылдар Батыс Еуропаның Атлант
мҧхиты жағалауында, Балтық теңізі, Ладога, Онега, Балқаш кӛлдері мен Арал маңында кең тараған.
157
Эолдық аккумуляциялық пішіндерге жеке пирамидалдық жағалық шағылдар (дюналар) жатады. Мҧндай
эолдық тҥрлер ӛте сирек кездеседі. Пирамидалдық қҧм шағылдар әр бағытта соққан желдердің қиылысу
әсерінен пайда болуы мҥмкін. Мҧндай қҧм шағылдар Сахарада және Орта Азиядағы қҧмды шӛлдерде етек
алған. Солтҥстік Дағыстанда кӛлемі ӛте ірі Сарықҧм деген жеке қҧм шағыл бар. Оның бйіктігі 15 м-ден асады.
Ол әр бағыттағы жел ағындарының қиылысқан жерінде орналасқан. Желдің бір бағыты солтҥстік батыстан
оңтҥстік шығысқа немесе кері бағытта Дағыстан жоталары етегін бойлап ҧйытқыса, ал екіншісі оған кӛлденең
Шура ӛзені аңғарының бойымен жоғары немесе судың қҧйылысына қарай тӛмен соғады. Биіктігі 150 м-лік
пирамидалдық қҧм шағылдар Ирандағы Деште Лут шӛлінде де кездеседі.
Қуаңшылық аймақтардағы теңізге жақын орналасқан тау жоталарының етегінде пирамидалдық қҧм шағылдарға
ҧқсас қҧмды тҥзілімдер жиі кездеседі. Бҧлардың биіктігі 150-200 м. Қҧм шағылдардың қоректену кӛзі - теңіз
жағалауларының бойындағы қҧмдар. Бҧл жағдайда теңізге тӛніп тҧрған биік тасты қҧздар қозғалмалы
қҧмдардың табиғи бӛгеті болып тҧрады.
Лѐсстен қҧрылған бедер пішіндері
Аккумуляциялық бедер пішіндерді қҧрған лесс жынысы жер бетінде кең ауқымды алып жатыр, сондықтан
мҧны ерекше тақырыпқа бӛліп талқылауды жӛн кӛрдік. Лесс Қазақстан мен Орта Азияның шӛл мен шӛлейт
аймақтарының шеткі зоналарда ҧштасатын биік тау етектерінің ық жағында және тау баурайының
әр деңгейінде жиналған. Олардың негізгі кӛздері кӛршілес жатқан кең ауқымды қҧмды массивтер (Қарақҧм,
Қызылқҧм, Мойынқҧм, Балқаш маңыңдағы қҧмдар және т.б.) болып табылады. Лессті тау жыныстар Орыс
жазығының оңтҥстік бӛлігінде, Қытайда (Лесс провинциясы) және тағы басқа аймақтарда кездеседі.
Лесс тӛрттік кезең шӛгінділерінің арасындағы кең тараған тау жыныстардың бірі. Оның басқа тау жыныстармен
салыстырғанда ӛзіне тән мынадай тӛменгі қасиеттері бар.
Лесс (нем. loss - жҧмсақ, болбыр) негізінен диаметрі 0,1-0,01 мм аралығындағы ӛте ҧсақ бӛлшектерден тҧратын
қҧмайтты, жақсы іріктелген таужынысы. Қҧрамында қҧм бӛлшектері (1-0,1 мм) ӛте аз, олар 1%-дан
аспайды, сазды топырақтар (0,01 мм-ден кіші) - 15%-дан 40%-ға дейін, коллоид факциялары - 2,15%.
Минералдық қҧрамына қарағанда лесс кӛбінесе кварцитті болады, ол барлық бӛлшектердің 50%-ын, кейде 80-
90%-ын қҧрайды. Мҧнымен қатар лесстің қҧрамында дала шпаты, слюданың қабыршықтары, карбонаттық
тҥйірлер (10-25%) акцессорлық минералдар да бар. Бытыраңқы тараған карбонатты бӛлшектерден басқа
лесстың қҧрамында тырнатастар (журавчики) деп аталатын ізбесті тасберіштер (конкрециялар) кӛп кездеседі.
Бҧл тасберіштердің ішкі жағы әдетте қуыс болады. Карбонаттармен қатар лесс топырағында уақ саңылаулар ӛте
жиі таралған. Бҧл лесстың ӛзіне тән борпылдақ қасиетінен басқа қҧрамында ӛте кішкентай, домалақтау келген
тік бағытта орналасқан әк тҥтікшелерінің болуынан. Осы қуыстар лесстың шоғырлану кезінде жер бетінде
қалған ӛсімдіктердің тҥбі мен сабақтарының қалдықтарынан пайда болған.
Лесс тау жыныстарының ӛзіне тән қасиетінің бірі - шӛгу қасиеті. Оның бҧл қасиетті былай деп тҥсіндіруге
болады: қайта-қайта дымқылданып, ылғалды мол сіңірген және кеуіп қалған жағдайларда лесстың кӛлемі ҥстіне
салмақ тҥскен сайын кеміп, шӛгіп отырады, сӛйтіп, оның ҥстіне салынған қҧрылыстар деформацияға ҧшырап
қирауына әкеліп соқтырады. Демек, лесстың шӛгу қасиеті оның ҧсақ кеуекті қуысты болуына және
карбонаттылығына байланысты. Ал, қҧрғақ кезінде лесс едәуір берік. Сонымен, қатар лесс дәнекерленбеген
жҧмсақ тау жыныстарына жатады, оны қолмен оңай сындырып, кҥрекпен қазып алуға болады.
Лесс тау жыныстарында қабатталу белгілері байқалмайды. Бҧл біркелкі бӛліктерден тҧратын бағана тҧрқылас
пішіндер, қҧлама қҧздар мен тік жарлар тҥзуге бейім тау жынысы.
Лесстың тҥсі ашық-сары, сарылау, сҧрғылттау, ашық-сҧр болып келеді. Сондықтан, лессты - сары топырақтар
деп те атайды. Лесс тау жыныстары кӛбіне тӛрттік кезеңде қалыптасқан, кейде неоген тҥзілімдерінде де
кездеседі.
Сӛйтіп, лесс ӛзгеше, ӛзіне тән, басқа шӛгінділерге ҧқсамаған, ерекше қалыптасқан тау жынысы. Ерекше кӛңіл
аударатын бір жайт – жоғарыда айтылған тау жынысының қасиеттерінің жиынтығы тек лесстің ӛзіне ғана
лайықты деп санауға болады. Егерде осы қасиеттердің біреуі ғана болмаса, онда ол лесс емес, ол лесске ҧқсас
сазды топырақ немесе лесске ҧқсас қҧмдақтар (лессовидные суглинки).
Жер бетіндегі лесс және лесске ҧқсас тау жыныстарының аумағы 13 млн. км2-ден астам, олар бҥкіл жер бетінің
10% алып отыр. Кейбір ӛңірлерде лесстың қалыңдығы 100 м-ге дейін жетеді. Жер бетіндегі бедердің әр тҥрлі
пішіндері мен элементтеріне байланысты лесстың кеңістікте белгілі геоморфологиялық орны жоқ Таулы
аймақтарда олар теңіз деңгейінен 4000 м. ӛзен аңғарларының бойында, тіпті биік-биік суайрық ҥстінде, таулар
етегінде, және таулар арасындағы ойыпаңдарда жиі тараған. Яғни, лесстер бедердің кезкелген пішіндері мен
элементтерінің бетін тҧтас желек тҥрінде жаппай кӛмкеріп жататын қалындығы бірнеше метрге жететін
жамылғы тҥзілімдер. Лесске ҧқсас топырақтар одан да кең тараған. Бҧлар, әдетте, жер бетінде жамылғы тау
жыныстарға жатады және кӛбіне қуаң климататтық аймақтарда және шӛл далаларда, жайпақ суайырықтарда
жиі кездеседі.
Лесс тау жыныстарының қалыптасуы туралы ғалымдар арасында кӛптеген пікірлер бар.
Олардың ішінде ғарыштық (космостық) (Кейльгак, 1920); теңіздік, кӛлдік, сулы-мҧздықтық (Кропоткин, 1876);
Докучаев, 1892) эолдық-мҧздықтық (Тутковский, 1899); эолдық-делювийлік (Рихттофен, 1877);
158
Эолдық (Обучев, 1911); топырақтық-элювийлік (Берг, 1916); аллювийлік (Ляйель, 1864); делювийлік (Павлов,
1887); жанартаулық (Тегурри, 1957) генезистері бар. Осы жаралу тектерінің болжамдарына шолу жасағанда,
лесс қабаттары әр тҥрлі жолмен қалыптасқан деген келісімге келуге болады. Лесс әр генезиске жататын тау
жыныстардың петрографиялық тҥрі. Басқа сӛзбен айтқанда, лесс таужыныстары ҥшін белгілі литологиялық
және физикалық қасиеттерінің ҧштасуы тән және олардың қалыптасуы әр тҥрлі географиялық жағдайларда бола
береді. Оны Евразия материгінің Азия бӛлігіндегі таулардың биік зоналарынан бастап, тӛмен ӛңірлердегі
барлық бедер пішіндерінде кездеседі деуге болады. Лесстың таралуы әр жерде әр тҥрлі. Кӛптеген ғалымдардың
жорамалы бойынша лесс жел әсерінен ҧшқан шаң тозаңдардың жиналуынан пайда болған. Олар Орталық
Азияның шӛлдер мен шӛлейт массивтерінің шеткі зоналарында тараған. Дҥние жҥзіндегі биік таулар (Тибет,
Куньлунь) баурайларының әр деңгейінде және қайта шайылып шӛккен тау етегіндегі делювийлік-пролювийлік
шӛгінділерде кездеседі. Орта Азиядағы ең ҥлкен Тарим ойпатында желдер Тибеттен, Памир тауларынан мен
Тянь-Шань тауларынан соғады, солардың ішінде Моңғол таулы қыратынан соққан жел ең басымды және олар
Такла-Макан шӛл бедерлерінің қалыптасуында елеулі роль атқарады. Нақ осы солтҥстік-шығыстан Тарим
ойпатына алай-дҥлей соққан кӛктемгі кезеңдегі қара дауылды орыс саяхатшылары Н.М.Пржевальский (1875-
1876), В.А.Обручев (1900-1901) суреттеген.
Нәтижесінде Такла-Макан шӛлінің кӛп бӛлігінде әржақтан ҧмтылған желдер аса зор аумақты (биіктігі 100-
150м.) жылжымалы барқан тізбектерін қҧрады. Такла-Макан шӛлінің ортасында ауа жылынуының салдарынан
ауа массасы жоғары 1,5-2 мын, метрге дейін биіктікке кӛтеріліп, ауа ағысы арқылы жан-жаққа тарайды. Ауамен
бірге кӛтерілген шаң-тозаң желдің жылжу жылдамдығы бәсендегеннен кейін шӛлдің шет жағаларында шӛгеді.
Нәтижесінде Такла-Маканның оңтҥстік жиегіндегі тау етегіндегі және 3000-4000 метрге дейін биіктікке жеткен
тау баурайларында лесс топырағы кездеседі.
Карст процестері және бедердің карст пішіндер. "Карст" деген ҧғым.
Карст қҧрылуының шартты жағдайлары
Карст (Югославиядағы Karst ҥстірті атымен аталған) – тау жыныстарының суда еруінен және онымен
байланысты химиялық процестерден туындайтын қҧбылыстар және сол процестерден жаралған бедер
пішіндері. Карст жер бетіндегі және жер астындағы сулардың бірлескен әрекетінің нәтижесі, олар әктас,
доломит, бор, әксаз (мергель), мәрмәр, гипс және тҥрлі-тҥрлі тҧздар тараған ӛңірлерде байқалады. Тас тҧзы мен
гипстың ерігіштік қасиеті әктас пен доломиттен жоғары бола тҧрса да гипстік және тҧздық карст жер бетінде
сирек тараған. Әктас пен доломит әдеттегі жағдайларда жай ериді, бірақ олар гипс пен тас тҧзына қарағанда кең
тараған, сондықтан бҧлар айрықша және кӛбірек зерттелген.
Карсты процестердің жҥзеге асуының негізгі себебі – тау жыныстарының атмосфералық, жербетіндегі және
жерастындағы сулармен, кейбір жағдайда теңіз сулары әсерінен epyі. Әктас еру ҥшін суда еріген кӛмір қышқыл
газдың (СО2) мӛлшері жеткілікті болуы шарт. Сол кезде судың химиялық әрекеті басымдау болып, карбонатты
тау жыныстарына әсер етеді. Табиғи су қҧрамында кӛп тараған кӛмір қышқылының кӛзі - жер шарының
атмосферасы, қҧнарлы топырақ арасында болып жатқан биохимиялық процестер, органикалық заттардың шіріп
ыдырауы, қазіргі және ежелгі жанартаулар әрекетінен жер қойнауынан шыққан кӛмір қышқыл газы. Кӛмір
қышқылымен қатар әктастың еруіне басқа да қышқылдар әсер етеді, мәселен гуминдік және кҥкірт
қышқылдары, бірақ карст процестерін дамытуда кӛмір қышқыл газының орны ерекше (О.Леонтьев,
Г.И.Рычагов, 1988).
Карст қҧбылыстарының пайда болуына басқа табиғи факторларда әсер етеді, олар: а) бедер - тік немесе
қҧламалы жер бедерлерімен салыстырғанда, тегіс, жайпақтау келген жерлер карст процесіне тезірек ҧшырайды;
б) әктастың тазалығы мен қалыңдығы: әктас қабаты неғҧрлым таза және қалың болса, соғҧрлым олар карст
тҥзілуіне қолайлы болады; в) тау жыныстар қҧрылымы (структура породы) - жҧмыр, ірі кесекті әктастар ҧсақ
тҥйірлі ізбестастарға қарағанда карст қҧбылысына баяу ҧшырайды; г) ауа райының немесе температураның
жағдайы, жауын-шашынның мӛлшері, ауа райымен байланысты ӛсімдік жамылғысы, ӛсімдік қалдықтарының
ыдырау әсері, су кӛмір кышқылы, гумин қышқылы, азот қышқылы және т.б. қышқылдармен қаныққаннан кейін,
химиялық әсері арта тҥседі; д) карстық тау жыныстардың жарықшақтығы (трещиноватотость карстующих
пород) - жарықшықтар пайда болған кезде агрессивті су осы жарықшақтар арқылы таужыныстарға сіңіп
жерастында әр тҥрлі карст пішіндерінің қалыптасуына мҥмкіндік туғызады. Судың жерасты циркуляциясы,
яғни гидрогеологиялық жағдайлар карст процесінің дамуында ӛте зор әсерін тигізеді. Карстық аймақтарда
ӛздерінің гидрогеология жағдайлармен ерекшеленген негізгі ҥш қабатты белдемді ажыратуға болады (79-сурет).
Ҥстіңгі қабат жербетінен бастап жерастындағы еспе (грунт) судың бетіне (деңгейіне) дейін. Бҧл топырақ пен
атмосфералық ауа алмасу, яғни аэрация белдемі, судың тік бағыттағы циркуляциялық және еркін
гравитациялық ауысу қабаты. Судың деңгейі жаңбыр жауған және қар еритін мезгіл сайын ӛзгеріп отырады.
Ортаңғы қабат - уақытша суға толық қаныққан қабат. Мҧнда жерасты суы деңгейінің ӛзгеруі жер бетінен
оқтын-оқтын сіңген сулармен байланысты. Бҧл қабатта судың циркуляциясы жазық бағытта ауысады, бірақ
карст аймағының шет жағаларында жерасты суының деңгейі еңістеу болады. Осы қабатты кӛптеген
зерттеушілер карст түзу, үңгір түзу қабаты деп атаған. Оның шекаралары - жерасты еспе суы бетінің ең
жоғарғы және ең тӛменгі деңгейлері. Тӛменгі қабат – суға ҥнемі толық қаныққан қабат. Мҧның жоғарғы
шекарасы – жерасты суының ең тӛменгі деңгейі, ал тӛменгі шекарасы – су ӛтпейтін қабат. Бҧл белдемде судың
жазық бағытты циркуляция басымдау болады. Бҧл қабат карст аймағының шет жағаларында ӛзендердің
159
бастауы және бҧлақ кӛздері жер бетіне шығатын белдем. Карст пішіндері мен карст қҧбылыстары Орыс
жазығында, Қырым, Кавказ, Орал тауларында, Югославияда, АҚШ-та, Қытайда, Тҥркияда жиі кездесіп тҧрады.
Қазақстанда кӛптеген кішігірім карст пішіндері Қаратау жотасында, Маңғыстауда және Ҥстірт жазықтарында
дамыған.
Карст аймақтарының бедер пішіндері
Қарстық бедер пішіндеріне беткі (каррлар, карстық шҧңқырлар, қазаншҧңқырлар, оқпандар, карстық
кӛлшектер, ойықтар және оң пішіндері − жҧрнақтар) және жер асты (карсты ҥңгірлер, қҧздар) жатады. Жер ҥсті
және жер асты пішііндерінің арасындағы ӛтпелі пішіндерге карстық қҧдықтар (тереңдігі 20 м-ге дейін), карстық
шахталар жатады. Жер бетіндегі карст пішіндеріне карр микробедері жатады. Kapp деп терендігі 1-2 м-ге
жететін карбонатты тау жыныстар бетіндегі кӛптеген жарықтарды, жылғаларды және соларды бӛлетін кіші-
гірім ҥшкір тіске ҧқсас қырқалар жҥйесін атайды. Каррлардың пайда болу себебі жауын сулары мен еріген
қардың сулары карбонаттық тау жыныстарының ҥстімен аға келіп, жарықшақтар бойымен тӛмен сіңіп, олардың
жан-жақты қабырғаларын ерітіпкеңейтуінде. Жарықтар мен қырқалар бір-біріне параллельді немесе қиылысып
кҥрделі карст микропішіндерін қҧрайды. Егер жарықтар тау жыныстар қабаттарының қҧлауымен сәйкес келсе,
қырқалар мен жарықтар бір-біріне параллелді болуы мҥмкін. Бірақ кӛп жағдайда каррлардың қырқалары ретсіз
орналасып, бірімен-бірі қиылысып жан-жаққа тармақталып және қайта қосылады. Мҧндай жағдайда карсты
микропішіндер кең ӛлкеңі қамтып, кӛп тісті тараққа ҧқсас каррлық аландарды (карровые поля), немесе каррлық
аймақтарды тҥзеді. Судың тік бағыттағы циркуляциясы мейлінше қарқынды болса карст тау жыныстарының
еру процесі оқпандар (понорлар) деген қуыс пішіндердің пайда болуына әкеліп соғады. Бҧл жердің бетінде тік
келген табиғи қҧбырлар іспетті беті ашылған, тостаған немесе індер тәріздес кӛрініс береді.
Тереңіректе оқпандар судың тік бағыттағы циркуляциясы нәтижесінде әр тҥрлі қуыстардың жҥйесіне ауысады.
Оқпандар ҧлғайған сайын екінші карстық пішіндерге, яғни карстық шҧңқырларға (карстовые воронки) ауысады.
Карстық шҧңқырлар жер бетінде жиі тараған. Олардың кӛлемі және сыртқы бейнесі карстқа ҧшыраған тау
жыныстардың тҥрлері мен геологиялық қҧрылымына тәуелді. Карст шҧңқырлардың пайда болуы тау
жыныстары материалының еріп сумен шайылып кету процесімен бірге сазды және ҧсақ қҧмайтты
бӛлшектерінің тӛмен сҥзіліп кетуімен орайласа жҥреді, яғни суффозия процесіне байланысты. Мҧндай
пішіндерді карсты-суффозиялық шҧңқырлар дейді.
Батыс Европа қҧжаттарында осындай әр тҥрлі кіші-гірім келген тҧйық ойпаңдарды, қазаншҧңқырларды және
таяз карстық қҧдықтарды долина деп атайды. Карсты пішіндер жерасты суларының ағынына немесе карсталған
таужыныстарының геологиялық қҧрылымына байланысты жер бетінде әркелкі орналасады. Егер карст
тектоникалық жарылымдарды бойлап ӛрістесе, карстық шҧңқырлары созыла сағаланатын тізбек қҧрайды.
Карстық пішіндерге тән ерекшеліктердің бірі – олардың сыртқы бейнесінің тҧрақсыздығы, бір пішіннен
екіншісіне ауысуы. Мысалы, кіші-гірім жайпақтау келген тҧйық кӛлшектер (карстовые блюдца) тереңдей бере
карстық шҧңқырларға ауысады, ал карстық қҧдықтардың ернеулері тегістеле келе тағы да сол карстық
шҧңқырлардың тҥзілуіне әкеп соғады. Егер оқпандардың (понорлардың) тҥбі және ірге жағы одан әрі карст
процесіне ҧшырай берсе, олардың кӛлемі ҧлғайып тҥбі тҧйық табиғи қҧдықтар тереңінде ҥңгірлермен қосылған
таяз каналдардан тҧратын шахталарға айналады. Карстық қҧздар табиғи шахталардан басталып, горизонталь
және кӛлбеу галереямен алмасып терең вертикаль карстық жҥйені қҧрады. Олардың тереңдігі 1,5 км-ге жетуі
мумкін. Мәселен, терендігі 1332 м. Пьер-Сен-Мартен деген карстық қҧздарының бірі Пиреней тҥкпірінде, ал
Қарлы (Снежная) деген карстық шахтаның. тереңдігі 1370 м. Карстық шыңырау Кавказда да кездеседі. Осындай
карстық шахталар жер қойнауларындағы терең қабаттарында тік бағыттан кейбір бӛлімдерінде еңкіш немесе
жазық бағытқа ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: |