Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет116/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   125
Байланысты:
1514000-Геоморфология-каз

Ғылыми өңдеу кезеңі - бҧл дала жҧмыстары кезінде барлық жинақталған деректі материадардың жан-жақты 
байланысын ой елегінен ӛткізіп, пайымдау және қорытынды шығару кезеңі. Ғылыми ӛндеу кезінде әр тҥрлі 
талдау жҧмыстары: палинологиялық, минералогиялық, петрографиялық, микро және макро-фауналық, 
диатомдық, радиометриялық және даладан іріктеп алынған ҥлгілердің басқа да талдау жҧмыстары жҥргізіледі. 
Сонымен қатар әуе және ғарышсуреттерді де қолданылады. Ғылыми ӛндеу кезеңінің соңында 
геоморфологиялық карта жасалады да ғылыми есеп (есепнама) тақырыбтары жазылады. Ғылыми есеп – бҧл 
нақтылы аумақтың геоморфологиялық зерттеу қорытындыларының жиынтығы. 
2. Далалық геоморфологиялық зерттеу әдістері 
Далалық геоморфологиялық бақылаулар - кӛзбен шолып (визуальный) және аспаптық бақылауларға 
бӛлінеді. Мҧның ішіндегі ең бастысы – адамның кӛзбен шолып бақылау әдісі. Бҧл әдіс бедер пішіндерінің 
қҧрылысын, жаратылу тегін, динамикасын оларды қҧрайтын таужыныстарын зерттеуге негізделген. Кӛзбен 
шолып бақылау жҧмыстарын жҥргізген кезде әдетте анероид, тау қҧбылнамасы (горный компас), геологиялық 
балға, рулетка сияқты қарапайым дала аспаптары кеңінен қолданылады. Кейде кӛзбен шолып бақылаулар 
вертолет және кіші авиациялық самолеттермен бірге жҥргізіледі. Әуеден кӛзбен шолып бақылаулар жҥргізілген 
кезде зерттеліп жатқан аймақтар алдын-ала айқындалған маршруттар бойынша ҧшып жҥріп тексеріледі, ал 
алынған мәліметтер топографиялық карталарға белгіленіп, арнайы кҥнделікке жазылады. Әуеден кӛзбен шолып 
бақылауда жеке объектілердің ҥстінде тоқтап немесе қызықты геологиялық және геоморфологиялық 
объектілердің қасында жерге қонып зерттеуге вертолеттер ыңғайлы. Жер бетіндегі кӛзбен шолып бақылау 
жҧмыстары негізінен сол бақылау нҥктелерінде жҥргізіледі. Бақылау нҥктелері аумақтың кездейсоқ орындары 
емес, олар бедердің қандай да болса белгілі бір элементтерін, пішіндерін немесе пішіндер кешендерін 
сипаттайтын нҥкте. Бақылау нҥктелерінде зерттелген бедер пішіндердің морфографиялық және 
морфометриялық сипаттамасы пайымдалады: олардың сыртқы бейнесі, кеңістіктегі орналасуы, орналасу 
бағыты жеке пішіндердің бір-бірімен ӛзара жалғасуы және т.б. 
Онымен бірге мҧнда ерекше бедердің морфометриялық кӛрсеткіштеріне, яғни пішіндерінің салыстырма 
биіктіктерін, элементтердің еңіс бҧрыштарын, ҧзындығын, тереңдігін және енін ӛлшеуге назар аударылады. 
Мҧндай жҧмыстардың қажеттілігі бедер пішіндерінің ҧсақ элементтері, мысалы, нано және микропішіндер 
негізінен ірі масштабты топографиялық картаға да тҥспейді, ал мезопішіндері айтарлықтай әрқашан анық 
кӛрсетіле бермейді, немесе ол да картаға мҥлдем тҥспеуі ықтимал. Осылайша топографиялық картаға ӛзен 
аңғарларының террасалары немесе жайылмалары сияқты маңызды бедер элементтері тҥспей қалады. 
Әйтсе де, бедер пішіндерін сипаттау ҥшін, оның морфометриялық және морфографиялық кӛрсеткіштері 
жеткіліксіз. Геоморфологиялық бақылаулардың маңызды бір мақсаты – зерттеліп жатқан бедер пішіндерінің 
немесе бедер кешендерінің жаратылыс тегін анықтап білу. Осы мақсатпен пішіндердің қҧрамын анықтайтын 
таужыныстары әсіресе жер бетінде кӛрініп жатқан табиғи ашылымдар жан-жақты мҧқият зерттеледі. Егер 
мҧндай жағдайлар болмаса шурфтар салынады (қазылады), немесе шамалы бҧрғылау жҧмыстары жҥргізіледі. 
Барлық жағдайларда, жаңағы геологиялық қабаттарды баяндап зерттеген кезде мынадай тәртіппен, дәйектеп 
суреттеу қажет: ең алдымен қарастырып отырған аймақты топографиялық, яқи географиялық тҧрғыдан анықтап 
нақтылау (топографическая или географическая привязка местности), оның геоморфологиялық жағдайын, 
биіктіктегі орнын (высотная привязка) және қиманың жалпы жағдайын сипаттау. Содан кейін тау жыныстардың 
әр қабатына бейнелеп сипаттама беру, мәселен, оның атауын, тҥсін, қалыңдығына, қабатталу сипатын, қҧрамын 


167 
және ірі бӛлшектердің (тҥйірлердің) бейнесін, қҧрылымын, жҧмырлану кӛрсеткіштерін анықтау, жаңадан пайда 
болған заттарды (егер мҧндайлар болса) кӛрсету, қабаттар арасындағы ӛзара қарым-қатынастың сипаттамасын 
беру, әр қабат қалындығын мҧқият ӛлшеу керек болады. Әрине дала жағдайларында бедер пішіндерін және 
оларды қҧрайтын тау жыныстар қабаттарын зерттеген кезде, олардың жаратылыс тегін және кӛнелігі (жасы) 
туралы қорытындыларды біржолата толық беру мҥмкін емес. Сондықтан тау жыныстарының қабаттарын 
зерттеген кезде, оларды жан-жақты талдау ҥшін топырақ ҥлгілерін алады. Ал, осы талдаулардың нәтижесін 
геоморфологиялық карталарды жасауға және ғылыми есепнама жҧмыстарын жазуға толық пайдаланылады. 
Бақылау нҥктелерінде қазіргі геоморфологиялық процестерге ерекше назар аудару қажет. Бақылау нҥктелерінің 
жиілігі геоморфологиялық тҥсіру масштабына, зерттелетін аумақ бедерінің кҥрделілігіне, сапалы топография- 
лық карталар мен әуесуреті материалдарымен қамтамасыз етілуіне және сол аумақтың геологиялық және 
геоморфологиялық обектілерінің жер бетінде кӛрініс беру кӛрсеткіштеріне байланысты. Сонымен қатар, 
бақылау нҥктелерінің арасындағы бақылау жҧмыстары маршрут бойымен жҥргізілген жҥре шолу 
жҧмыстарымен жалғасып отырады. 
Геологиялық-геоморфологиялық объектілерде далада зерттеліп алынған барлық мәліметтерін арнайы дала 
кҥнделіктеріне жазып тҥсіреді. Кҥнделікте зерттеуді жҥргізудің кҥні, яғни мезгілі, бақылау нҥктелерінің реттік 
номері және оның адресі (географиялық орны) және геоморфологиялық жағдайы жазылады. 
Кейбір бақылау нҥктелерінде бедер пішіндерін немесе геологиялық ашылымдарды сипаттаумен қатар, оларды 
суретке салу немесе суретке тҥсіру және геологиялық-геоморфологиялық кескіндерді сызу жҧмыстары жалғаса 
береді. Мҧндай жағдайларда дала зерттеушілерінің аспапты әдістері нивелирлік және теодолиттық әдістер 
қолданылады. Топографиялық және геодезиялық аспаптарды қолдану кӛп жағдайда толық геологиялық 
геоморфологиялық кескіндер сызу ҥшін, мысалы, ӛзен немесе теңіз террасаларының биіктігін анық білу ҥшін, 
беткейлердің еңіс бҧрыштары туралы мӛлшерін анықтау және тағы осындай деректер алу ҥшін ӛте қажет. 
Кӛптеген жағдайларда далалық геоморфологиялық зерттеулер жҥргізген кезде гидрометеорологиялық аспаптық 
бақылау әдістері де қолданылады. Олар қазіргі геологаялық-геоморфологиялық процестердің (жазықтық шаю, 
арналық эрозия, су толқынының режимі және т.б.) сипатын және қарқындылық жағдайларын зерттеу ҥшін 
қажет. Мҧндай мәселелерді шешу ҥшін тҧрғылықты гидрометеостанция материалдарының деректері 
жеткіліксіз. 
Сайып келгенде, далалық геоморфологиялық зерттеулердің әдістері ӛте кӛп, ӛйткені шектес ғылыми пәндерінің 
зерттеу әдістерін толық қолданады. Сонымен қатар, далалық бақылау әдістері геоморфологиялық зерттеулердің 
алдына қойған мәселелерімен және зерттелу объектілерінің сипатымен белгіленеді. 
3. 
Тӛрттік кезең тҥзілімдердің зерттеу әдістері
Тӛрттік геологиясы – геологияның тӛрттік (антропогендік) жҥйе мен оған қатысты Жер тарихының кезеңін 
зерттейтін бӛлімі. Тӛрттік жҥйе Жер дамуында тарихи тҧрғыдан алып қарағанда ҧзаққа созылғанымен, жер 
бетінің келбеті, климат пен ландшафт бірнеше рет айтарлықтай ӛзгерістерге ҧшырады. 
Мысалы, жаралуы кҥрделі, генетикалық жағынан әр тҥрлі және қҧрамы ӛзгергіш тҥзілімдер пайда болды. Бҧл 
кезеңді зерттеу геологиялық, географиялық, тарихи және биологиялық ғылымдардың әр тҥрлі салалары 
(геофизика, геохимия, радиология, петрография, минералогия, палеоботаника, палеозоология, грунттану, т.б.) 
бойынша алынған деректерге негізделеді. Геологиялық әдістер мен деректер базасында тау жыныстарының 
жаралу тарихы, қабатталу реті мен қҧрамы, оларда кездесетін органикалық қалдықтар зерттеледі. 
Палеогеографиялық зерттеу тау жыныстары жиналған ортаның физикалық-географиялық жағдайын, 
жекеленген замандарда қҧрлық пен теңіздің бӛлінуін, ойпаңдар мен таулардың орналасуын, климаттың ӛзгеруін 
тҥсінуге кӛмектеседі. Биогеография флора мен фаунаның тарихи даму мәселелерін, олардың эволюциясы мен 
физикалық-географиялық жағдайларға байланысты ӛзгеруін анықтауға мҥмкіндік береді. Гляциология мен 
геокриология (тоңға айналған топырақтар мен грунттар туралы ғылым) жер беті және жер асты мҧздарының 
жаралуын, жатыс пішіндерін, таралуын, тоңның эволюциясы мен дамуын зерттейді. Тӛрттік геологиясы 
зерттеулерінің экономикалық мәні зор. Себебі, ӛнеркәсіптік және азаматтық қҧрылыстар, әр тҥрлі жолдар, 
гидротехникалық қҧрылыстар, т.б. тӛрттік тҥзілімдерден тҧратын субстратта жҥргізіледі. Тӛрттік геологиясын 
зерттеу деректері, сондай-ақ пайдалы қазбаларды тиімді игеруге де кӛмектеседі. Қазақстанның тӛрттік 
тҥзілімдерін, қазба фаунасы мен флорасын, т.б. зерттеуде Х.А.Алпысбаев, Б.Ж.Әубекеров, Ә.Б.Байбатша, 
Ж.Қ.Таймағамбетов, Б.А.Борисов А.Г.Медоев, Т.Н.Жҧрқашев, Б.С.Қожамқҧлов, Г.Ц.Медоев, Е.Д.Тапалов, т.б. 
ғалымдар ҥлкен ҥлес қосты. 
Тӛрттік кезең тҥзілімдердің зерттеу әдістері 
1. Литологиялық-петрогрaфиялық әдістер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет