Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет115/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   125
Байланысты:
1514000-Геоморфология-каз

 
Сабақ №40 
Тақырып: Геоморфологиялық зерттеу әдістері мен тӛрттік геологияның зерттеу әдістері. 
Жоспар 
1. Геоморфологиялық дала зерттеулерінің қҧрылымы мен әдістері. 
2. Далалық геоморфологиялық зерттеу әдістері. 
3. 
Тӛрттік кезең тҥзілімдердің зерттеу әдістері.
1. Геоморфологиялық дала зерттеулерінің қҧрылымы мен әдістері. 
Геоморфологиялық зерттеулерінің қҧрылымы 
Геоморфология ең алдымен далалық зерттеулердің деректеріне негізделеді. Дала жҧмыстарымен бірге 
бедердің және оның даму тарихын зерттеп білу ҥшін әр тҥрлі әдістерді кеңінен қолданатын тыңғылықты ӛңдеу 
жҧмыстары (камеральные работы) да кіреді (О.Леонтъев, Г.Рычагов, 1988). Сонымен қатар, экспериментальдық 
геоморфологиялық талдаулар жӛнінде де айтып кетуге болады. Олардың мақсаты табиғи геоморфологиялық 
процестерді дала жағдайында тҧрақты зерттеу немесе оларды лабораторияларда пішіндеу (модельдеу). 
Далалық геоморфологиялық зерттеулері негізінен ғылыми есепнама (научный отчет) тапсыру тақырыбымен 
бірге істелген жҧмыстар нәтижелерінің маңызы болып табылатын геоморфологиялық карта жасау жҧмысымен 
аяқталады. Жҧмыстың мақсатына байланысты жалпы және жеке геоморфологиялық зерттеулерді ажыратуға 
болады. Жалпы зерттеулер барлық геоморфологиялық нысандарды қамтиды. Олардың зерттеу мҥддесі – 
бедерді кешенді тҥрде (морфографиясын, морфометриясын, жаралу тегін, бедердің даму тарихын және 
динамикасын) сипаттау. Мҧндай зерттеулер жалпы геоморфологиялық карта жасауымен аяқталады. Негізінен 
зерттеулердің бҧл тҥрі жалпы геоморфологиялық тҥсірім сипатына жатады. Ол мемлекеттік геологиялық 
тҥсірім қҧрамындағы бір бӛлік есебінде бҧрынғы КЕҢЕС ҤКІМЕТ ОДАҒЫ Геология министрлігінің кҥшімен 
орындалған. Мҧнда геоморфологиялық тҥсірім ҧсақ масштабты (1:1000 000), орта масштабты (1:200 000) және 
ірі масштабты (1: 200 000-ден ірі) болып ажыратылады. Жеке геоморфологилық зерттеулер жеке 
геоморфологиялық объектілерді (мысалы, карсты және жанартау бедерін) немесе жеке геоморфологиялық 
кӛрсеткіштерді (мысалы, бедердің тілімдену тереңдігін, тілімдену жиілігін және т.с.с.) білу мақсатымен 
жҥргізіледі. Жеке зерттеулердің нәтижесі әдетте жеке геоморфологиялық карталар жасау жҧмысымен бітеді. 
Жеке геоморфологиялық зерттеулер А.И.Спиридонов (1970) атап ӛткендей, негізінен анық шектелген 
теориялық немесе қолданбалы (практикалық) мақсаттарды шешу ҥшін ҧйымдастырылады. Геоморфологиялық 
зерттеу жҧмыстары дайындық подготовительный), далалық (полевой) және ғылыми ӛңдеу (камеральный) 
кезеңдеріне бӛлінеді. Дайындық кезеңде белгіленген аймақ жӛніндегі бҧрын болып ӛткен (геологиялық және 
геоморфологиялық) зерттеулердің деректерімен танысып білу, арнайы картографиялық материалдармен бірге 
топографиялық карталарды және космосурет материалдарын мҧқият зерттеу. Дайындық кезеңде алдын ала 


166 
жинап алған материалдардың негізінде далалық зерттеу бағдарламасы қҧрылады, соның ішінде белгіленген 
маршруттардың нобайы, қазбалы орындарының шурфтары, бҧрғылау орындарының орналасу сызба нҧсқасы 
және басқа, мысалы, геодезиялық жҧмыстар енгізіледі.
Далалық зерттеу кезеңі геоморфологиялық экспедиция зерттеулерінің негізгі қҧрайтын бӛлігі болып табылады. 
Осы кезеңде нақтылы деректерге (фактический материал) негізделген материалдарды жан-жақтан жинау, соның 
ішінде таужыныстарының ҥлгілерін жинақтау және олармен алдын ала ӛндеу шараларын жҥргізу, зерттелініп 
жатқан аумақтың геоморфологиялық қҧрылысы туралы алғашқы тҧжырымдар жасау жҧмыстары жҥзеге 
асырылады.
Ақырында сол аймақтың далалық геоморфологиялық картасы жасалынады. Зерттеу мақсатына қарай және 
жасалатын картаның масштабына байланысты далалық жҧмыстарды атқарған кезінде маршруттық 
зерттеулермен бірге кілттік әдіс (ключевый метод) немесе жалпы алаңдық тҥсірім (площадная съемка) әдістері 
қолданылады. 
Кілттік әдісті қолданған кезінде сол аумақтың ҥлгісі болып саналатын ауқымы шамалы келген жеке бір аумақ 
ҧқыпты тексеріліп және картаға тҥсіріледі. Содан кейін тҥсіру әдісін аумақтың қалған бӛлікшелерінің 
барлығына қолданып жҥргізіледі. Бҧл кезде ірі масштабты топографиялық карталар әуесуреттер мен 
ғарышсуреттер кең қолданылады. Мҧндай жағдайда кілттік аумақтар эталон ретінде роль атқарады. Кілттік 
аумақтар арасындағы алаңдардың экстраполяциясының дҧрыстығын бақылау мақсатында сол алаңдарда тҥсіру 
маршруттарының сиретілген торы жҥргізіледі. Ал, жалпы алаңдық зерттеулер ірі масштабты картографиялау 
кезінде жҥргізіледі. Бҧл жағдайда маршруттар азды-кӛпті болса да бҥкіл аумаққа біркелкі таралады. Сонымен 
қатар, маршруттар мен зерттеу нҥктелерінің торы едәуір жиі болғандықтан кілттік аумақтардың қажеттілігі 
болмайды. Әрине, маршруттық жҧмыстарға қарағанда аландық зерттеулерге аса кӛп кҥш, қаражат және уақыт 
жҧмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет