57
Жазықтық дефляция әсерінен кейін ӛзгеше микрорельеф бедерлері пайда болады. Маңғыстау маңында жҧмсақ
жыныстарды жел ҥгіп, айдап кетеді де олардың
арасындағы қатты, берік шар тәрізді конкрециялар мҥжілмей
сақталады. Содан жазық бетінде кісі бойынан биік конкрециялық шарлар, бағаналар, «саңырауқҧлақтар» ӛрген
қойдай «жайылып» жатыр.
Корразия әрекеті де аз емес. Жел айдаған миллиондаған қҧм тҥйіршіктері жартас бетіне соғылып, оларды
тырнап, қашап, қырнап, мҥжіп, бҧзады, тегістейді. Шӛл далада жел бағыттары кӛбіне тҧрақты болады. Содан
қҧм бетінде жатқан тас кесектері қҧммен, желмен қашалып, сҥйірленіп келе біртіндеп ҥш жақты сҥйір
призманың пішінін береді. Оларды эол ҥшжақтылары, кейде неміс сӛзімен
дрейкантеры деп атайды.
Геологиялық шӛгінділер арасындағы ӛткен дәуірдің шӛл жыныстары мен желдің басым бағыттарын анықтау
ҥшін олардың маңызы зор.
Жел қаққан жартастардыц пішіндері олардың қҧра мы мен қҧрылысына тығыз байланысты. Жел таңдап жҥріп
нығыздығы шамалы жыныстарға ҥйіріледі де олардан неше тҥрлі қуыс, терең айғыз шҧңқырлар, сақи налы
бағаналар қашап шығарады. Берік жыныстар
бетінен бағаналар, отырған қҧс, басынан дулығасын шешпей
ҧйықтап жатқан батыр, сақалы ҧйысқан шал, ілмигѐн мыстан, шӛккен тҥйе, бака, журіп келе жатқан танк,
кақпа-дарбаза, қамалдар т. б. елестейді. Желдің осылайша қатты, берік жыныстарды бӛліп, қақпалау жумысын
эолдік қажау (препарировка) деп атайды.
Желмен кетерілген жеке қум-қиыршықтар
кішкентай ғана жарықшаққа, бужыр бетке соғылып, оны
бурғыдай тесе бастайды; бір тҥйіршігі тҥссе, «бҧрғылау» әрекетін келесі «шептің» қум тҥйіршігі жалғастырады.
Ақырында жартас бетінде қабырғалары теп-тегіс ҧя-шуңқырлар қалады.
Аккумулятивті пішіндер
Шөлдер. Эол шӛгінділері әсіресе шӛлдерде кӛп және қалың. Шӛлдер жер бетінде 10°—45° ендіктер арасында
орналасқан солтҥстік және оңтҥстік екі белдеу қҧрайды. Жалпы ауданы 15—20
млн км
2
.
Шӛлде атморферадан тҥсетін ылғал мелшері тым аз — жылына 200 мм-ден кем. Ыссы және қҧрғақ
ауаға байланысты
ондағы булану мӛлшері тҥсетін ылғалдан 10—15 рет артық. Содан келіп грунт сулары
қашанда болсын тік кетеріліп, буланып тҧрады. Жол-жӛнекей ылғал жыныс арасынан темір-марганең
тотықтарын ері- тіп әкеледі де ылғал буланған шақта әлгі тотықтар тас, жар, қҧз бетінде қоңыр, қара ӛңді
жарқыраған жҧқа қабықша тҥзеді. Оны шәлдің қақталу қабығы (корка пустынного загара) деп атайды. Тотықтар
неше тҥрлі нәзік, әдемі, шеп бҧтақтарының, жапырақтарының кейпіне ҧқсайды.
Оларды темір-марганең сулы
тотықта- рының дендриттері (грекше «дендрон» — ағаш) дейді.
Желдің геологиялық әрекетіне байланысты шӛлдер дефляңиялық және аккумуляңиялық типтерге бӛлінеді.
Дефляңиялық шӛлдерді Орта Азия мен Қазақстанда қырат, Африкада гаммада деп атайды. Олар сҥйір, неше
тҥрлі пішінді жар, қойтастардан тҧрады. Олардың тҥбінде қара тҥсті қақталу қабығымен жабылған ірі- ҧсақ
кесек тастардың ҥйіндісі жиналады. Бетпақдала осындай шелге жатады.
Қҧм ҥйілген аккумулятивтік шелді Орта Азия мен Қазақстан тҧрғындары шағыл, қҧм (Қарақҧм, Мой- ынқҧм,
Қызылқҧм т. б.) дейді де олардың саз-балшық- ты ойыс бӛлімдерін тақыр, лѐсс жыныстыларын адыр, ҧлпа тҧз
араласын с о р деп беледі.
Ең аумақты шӛлдер — қҧмдар. Тек қана бҧрынғы ҚСРО аумағында олардың ауданы 800 000 км
2
. Қҧмдар
негізінен ӛзен аңғарының шӛгіндісін жел айдап қууынан пайда болған. Мысалы, Қарақҧм ерте замандағы
Әмуда- рияның, Мойынқҧм Талас пен Шу ӛзендерінің шӛгінділерінің електеніп ҧшуынан жаралды. Қҧмдардын,
қалың- дығы ондаған метрге жетеді.
Қҧмдардың ӛзіне ғана лайықты жер бедерлері болады. Олар мыналар:
Бархандардың беті жарты ай пішінді, оның екі қияғы жел ескен бағытты кӛрсетеді. Жел жақ бетінің ылдиы
10—15°, қарсы жақ беті 30—35° еңкіш. Қырқасы сҥйір, биіктігі 15 метрге дейін жетеді. Қейде, мысалы, Іле
ӛзенінің жағалауындағы Қалқан тӛбе 70 метр биік келеді. Екі қияғының арасында жел ҧйытқы- ғандықтан
қораланган ойма шҧңқыр иайда болады.
Бархандар жалғыз немесе тізбектеліп орналасады. Қейінгілерінің жалдары жел бағытына кӛлденең тҧра- ды.
Тізбек қыратының ҧзындығы 3—5
километрге созылады, дегенмен ҧзындығы 20 км, кӛлденеңі 1 км қырлар да
байқалады. Биіктігі 100 метрге жететін жоталардың арасы 1,5—2 км.
Тізбек жалдар — ҧзын, беттері жазық, желдің ең тҧрақты бағытын бойлай жаралады. Ҧзындығы бірне- ше
километр, биіктігі 15-тен 30 метрге дейін жетеді. Са- хара қҧмында 260 м биік қырқалар да кӛрінген. Қырқа
араларының бір-бірінен қашықтығы 150—300 метрге шейін, ол арадағы ойдан қҧм ҥрленіп әседі де шҧраттары
мезгіл еткен сайын тереңдей тҥседі.
Қҧм ҥйінділері бҧта, дәңбек тас секілді тос- қауылдардың жел жағында пайда болады. Олар ретсіз орналасқан
кіші-гірім, жел бағытымен аздап созылған дӛңгелек шоқалақтар қҧрайды. Баурайлары симметрия- лық біркелкі,
биіктігі қҧм жолындағы тосқауылдың бо- йына сәйкес 1—10 м шамалы.
Қҧм ҥйінділері жалғыз шӛлде ғана емес, ірі ӛзен
сағаларында, теңіз-кӛл жағалауларында кездеседі. Жел қуған
жағалау қҧмынан қырқа беті дӛңгеленген д ӛңдер (дюны) тҥзіледі. Олардың баурайлары асим- метриялық
пішінді: жел жақ беті 5—12°, ық жағы 30— 35° еңкіш, биіктігі 5—30 м. Кӛбінесе дӛңдер қатар тізбектеліп,
тҧрақты жел бағытына кӛлденең ҥймеленеді. Маңында бҧта, шӛптер жетік болатындықтан олар қҧмды бекітеді
58
де дӛңдер кӛбінесе айнымай, ӛз пішінін сақтап қалады. Сипатталған қҧм жалдар, шоқалақтар шелді қҧрайтын
ӛзгеше эолдық ландшафт тҥзеді.
Эол иірімдері қҧм арасында ең жиі және ҥнемі тараған микрорельеф формасы. Олай деп қҧм ҥгіндісінің
ирелеңдеген ҧсақ тізбектерін атайды. Олар бархан, дӛңдердің жел жақ бетінде тҥзіледі. Солардың жел куып
сусуынан келіп, қиғаш шалыс қат-қабаттар тҥзіледі. Жел қҧм тҥйіршіктерін ҥрлеп сусытып, ық жағына
айдайды. Сейтіп, қҧм жел бойымен жыл сайын бірнеше санти- метрден ондаған метрге кӛшеді де
жолында
тҧрған ҥй- лерді, ағаш-бҧталарды, қала берсе ірі мекен-жайды кӛміп тастайды. Осылайша кӛңе Мысырдың
Луксор, Карнак қалалары тҥгелдей қҧм астында қалған.
Тақырлар қҧмды ӛлкені жағалайды және қҧм арасындағы ойпаң жерлерде жайылады. Олар - кебінесе суалған
кӛлшіктердің, қақтардың, ӛзендердің тҥбі. Жазық бетіндегі саз-балшық қҧрғай келе кӛп бҧрышты жарықтармен
бәлшектенеді. Сонда беті қабыршақтанып, ҧнтақталып шаңға айналады. Оны жел ҧшырып кетеді де тақыр
тереңдей тҥседі.
Адырлар тастақ шӛлден жел айдағаи лесс шӛгіндіден олардың шет жиектерінде тҥзіледі. Адырлар беті айқыш-
ҧйқыш, әр тҥрлі жыра, жылғалармен жырылып, жықпылданады.
Сорлар. Грунт суларьіның деңгейі жоғары болған шақта ол буланады да еріген тҧздары топыраққа аралас ҥлпе
борпылдақ ретінде шегеді. Ақшыл сҧр, бетінде тҥк ӛспеген кӛз шағылған сордың
келбеті жолаушыға жабыр-
қаңқы-ақ. Сорлар қазақ даласында, Орта Азия шӛлдерінде жалпақ тараған. Сор бетінен де аспанға тҧз ҧшады.
Достарыңызбен бөлісу: