Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет1/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
Байланысты:
1514000-Геоморфология-каз




 
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 
білім 
басқармасы 
КМКҚ «Геология барлау колледжі» 
КМҚК 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
КГКП «Геологоразведочный 
колледж» управления 
образования Восточно-
Казахстанского областного 
акимата 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1514000 – «Экология және жер қойнауын пайдалану салаларындағы табиғи
ресурстарды тиімді қолдану» мамандығына арналған «Геоморфология
және төрттік геология негіздеріндегі жалпы геология» пәніне арналған
тіректі конспектілер
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
Турлыбаева А.М. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1514000 – «Экология және жер қойнауын пайдалану салаларындағы табиғи 
ресурстарды тиімді қолдану» мамандығына арналған «Геоморфология және тӛрттік 
геология негіздеріндегі жалпы геология» пәнінен тіректі конспектілер 
 
Колледждің әдістемелік кеңесінде бекітілген 
 
Әзірленген 30.01.2020 ж 
(мерзім) 
Қайта ӛңдеген ___________ 
(мерзім) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Семей қаласы, 2020 ж. 
 
 






Мазмұны 

№ 
Тараулар мен тақырыптардың атауы 
Бет 

№ 1 сабақ. 
Тақырып: Кіріспе. Әлемдік кеңістіктегі жер.


№ 2 сабақ. 
 Тақырып:  Жер әлемдік кеңістікте  


№ 3 сабақ. 
Тақырып: Жер туралы жалпы мәліметтер.  
12 

№ 4 сабақ. 
Тақырып: Жер қыртысының химиялық және минералдық қҧрамы.
17 

№ 5 сабақ. 
Тақырып: Минералдардың физикалық қасиеттері. Минералдардың табиғатта кездесетін 
пішіндері.
19 

№ 6 сабақ.
Тақырып: Минералдар.
28 

№ 7 сабақ.
Тақырып: Минералдардың физикалық қасиеттерін анықтау. (тәжірибе)
30 

№ 8 сабақ.
Тақырып: Минералдарды анықтау. (тәжірибе)
31 

№ 9 сабақ. 
Тақырып: Магмалық тау жыныстары.
39 
10 
№ 10 сабақ. 
Тақырып: Магмалық тау жыныстарды анықтау. (тәжірибе)
41 
11 
№ 11 сабақ. 
Тақырып: Шӛгінді тау жыныстары. 
44 
12 
№ 12 сабақ. 
Тақырып: Шӛгінді тау жыныстарды анықтау. (тәжірибе)  
46 
13 
№ 13 сабақ. 
Тақырып: Шӛгінді тау жыныстарды анықтау. (тәжірибе)  
48 
14 
№ 14 сабақ. 
Тақырып: Метаморфты тау жынытсары 
49 
15 
№ 15 сабақ. 
Тақырып: Жер қыртысының даму тарихы 
51 
16 
№ 16 сабақ. 
Тақырып: Ҥгілу туралы тҥсінік. Желдің геологиялық әрекеті. 
54 
17 
№ 17 сабақ. 
Тақырып: Жер бетіндегі ағын сулардың геологиялық әрекеті. 
58 
18 
№ 18 сабақ. 
Тақырып:Жер асты суларының геологиялық әрекеті. 
64 
19 
№ 19 сабақ. 
Тақырып: Карст туралы тҥсінік. Мҧздықтардың геологиялық әрекеті. 
66 
20 
№ 20 сабақ. 
Тақырып: Теңіздің геологиялық әрекеті. 
71 
21 
№ 21сабақ. 
Тақырып: Кӛлдер мен батпақты кӛлдердің геологиялық әрекеті. Шӛгінділер диагенезі. 
73 
22 
№ 22 сабақ. 
Тақырып: Интрузивті магматизм. 
74 
23 
№ 23 сабақ. 
Тақырып: Эффузивті магматизм. 
78 
24 
№ 24 сабақ. 
Тақырып: Жер қыртысының қозғалысы. 
79 
25 
№ 25 сабақ. 
Тақырып: Жерсілкіністері туралы тҥсінік 
81 
26 
№ 26 сабақ. 
Тақырып: Жер қыртысының тектоникалық бҧзылулары (Қатпарлы қҧрылымдар). 
83 
27 
№ 27 сабақ. 
Тақырып: Тау қҧбылнамамен жҧмыс жасау. (тәжірибе)  
84 
28 
№ 28 сабақ. 
85 



 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тақырып: Қабаттардың жатыс элементтерін анықтау. (тәжірибе)  
29 
№ 29 сабақ. 
Тақырып: Жер қыртысының тектоникалық бҧзылулары (Ҥзілмелі бҧзылымдардың
тектҥрлері.) 
87 
30 
№ 30 сабақ. 
Тақырып: Метаморфизм ҧғымы, оның тҥрлері. 
89 
31 
№ 31 сабақ. 
Тақырып: Қҧрлық бедері дамуының және қҧрлықтық тҥзілімдер қалыптасуының негізгі 
заңдылықтары 
90 
32 
№ 32 сабақ. 
Тақырып: Планетарлық бедер пішіндері, материктік дӛңестер мен мҧхиттық ойыстар, 
мегабедер. 
93 
33 
№ 33 сабақ. 
Тақырып:Морфоқҧрылымдар. 
98 
34 
№ 34 сабақ. 
Тақырып:Жанартаулы және жанартаулы-тектоникалық бедер пішіндері. Жалған 
жанартаулық бедер пішіндері. 
100 
35 
№ 35 сабақ. 
Тақырып: Экзотектік бедертҥзуші ҥрдістермен себептелген бедер пішіндері. 
107 
36 
№ 36 сабақ. 
Тақырып:Эрозиялық, аккумулятивтік, денудациялық, абразиялық бедер пішіндері. 
129 
37 
№ 37 сабақ. 
Тақырып: Мҧздықтық, сулы-мҧздықтық, нивальдік бедер пішіндері. 
147 
38 
№ 38 сабақ. 
Тақырып:Эолдық, дефляциялық, карсттық және технотектік бедер пішіндері. 
154 
39 
№ 39 сабақ. 
Тақырып: Геоморфологиялық ландшафтардың басты тҥрлері. 
161 
40 
№ 40 сабақ. 
Тақырып: Геоморфологиялық зерттеу әдістері мен тӛрттік геологияның зерттеу әдістері. 
165 
41 
№ 41 сабақ. 
Тақырып: Тӛрттік шӛгінділерді стратиграфиялық бӛлшектеудің ҧстанымдары мен 
ҥлгілері. 
168 
42 
№ 42 сабақ. 
Тақырып: Геоморфологиялық картографиялау және тӛрттік шӛгінділерді картографиялау. 
170 
43 
№ 43 сабақ. 
Тақырып: Неотектоника және бедер. 
175 
45 
Бақылау сҧрақтар мен тапсырмалар. 
177 



Сабақ №1 
Тақырып: Кіріспе. Әлемдік кеңістіктегі жер.  
Жоспар: 
1. Кірісе. 
1. Кіріспе. 
Ежелгі гректер Жерді "Гея" деп атаған. Геология "Гея" деген сӛзден туған.
Геология – дегеніміз не? Геология - Жер туралы ғылым ( грекше «гео» - жер, «логос» - ғылым). Гелогия – 
жердің заттық қҧрамын, оның ішкі қҧрлысын, асты ҥстінде болып жататын ҥрдістерді және олардың тарихи 
дамуының заңдылығын зерттейтін табиғаттану ғылымының саласы. Сонымен қатар, ол жер қойнауында 
кездесетін алуан тҥрлі пайдалы қазбалардың қалыптасуын және орналасу заңдылықтарын да анықтайды. 
Геологияның маңызы ӛте зор. Ол әр тҥрлі қазба байлықтардың жер қойнауында орналасу заңдылығын ашып, 
соның арқасында оларды табысты тҥрде іздеудің жолын анықтайды. Сӛйтіп, геология ӛндірістің алып 
ағашының тҥпкі тамыры болып саналады және оның алдыңғы барлаушы бӛлшегіне де жатады. Былайша айтсақ, 
геология халық шаруашылығының бір саласы, оның ӛндіргіш кҥштері.
Геоморфология (гр.gе-жер, morphe-бедер, пішін, logos-білу, тану), - рельефтің қурылысын, жаралуын, даму 
тарихын және қазіргі динамикалык жағдайын зерттейтін ғылым. Демек, геоморфология зерттеуінің негізгі 
объектісі – рельеф (француздың reliev - дӛңестілік) - қҧрылық беті және мҥхит тҥбі пішіндерінің жиынтығы. 
Бедердің пайда болуына ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) процестер әсер етеді. Эндогендік 
процестерге тау жаралу, жер сілкіну, жанартау әрекеті, тектоникалық қҥбылыстар т.б. жатады. Экзогендік 
процестер кҥн жылуынан қуат алады; бҥған тау жыныстарының ҥгілуі, жел, ағынды су, мҥздық, су толқыны, 
адам әрекетінін әсері жатады. Сондыктан рельеф пішіндерін зерттеу ҥшін оларды қҧрайтын тау жыныстарынын 
қҧрамын, қасиетін және оларға әсер ететін процестерді анық білу керек болады. 
Эндогендік кҥштердің әсерінен жердің бір тҧсы кӛтеріліп, тау мен қыраттар тҥзіледі, ал екінші тҧсында тӛмен 
майысып, ойпаттар пайда болады. Экзогендік кҥштер тауды мҥжиді, ойпат жерлерді борпылдақ материалмен 
толтырып тегістейді. Бул екі кҥш ӛзара қарама-қарсы әрекет жасайды және олар әр жерде, әр тҥрлі қарқында 
ҧдайы болып жатады. Рельеф пішіндерінің қай бағытта дамуы (тӛменнен жоғары ӛрлеу немесе керісінше) оның 
тектҥрі, ерекшелігі - мҧның бәрі сол жер кыртысының қасиетіне байланысты. Геоморфологияның негізгі 
принциптерінін бірі - рельефтің географиялық компоненттерінің бірі бола тҥра, бҥкіл табиғатпен тығыз 
байланыста тҧтас алынып қаралуы, ол ӛзі ғана ӛзгеріліп коймай, жалпы табиғаттың дамуына әсер етеді. Жер 
кыртысы, атмосфера, гидросфера, биосфера арасыңдағы катынасты аныктайтын болғандыктан, геоморфология 
геология, геоботаника, гляциология, топырактану ғылымдарымен де тығыз байланысты. 
Соңғы кездері жер туралы ғылыми зертгеулерде "биосфера" деген тҥсінік кең таралған. Биосфераны жердің 
бҥкіл органикалық тіршілігінің жиынтығы деуге болады. Бҧл кабат атмосфераның тӛменгі 10-12 км бӛлігін 
(тропосфераны), гидросфераны, жербетін және литосферанын беткі қабатын қамтиды. Осы қабатты кҧрайтын 
тірі және ӛлі организмдер рельеф қалыптасуында тікелей ерекше биогендік рельеф пішіндерді және 
геологиялық денелерді тҥзеді немесе жанама тҥрде тау жыныстарының химиялық, физикалық қасиеттерін және 
планетамыздың ауа, су қабаттарының ӛзгеруіне әсерін тигізеді. 
Жоғарыдағы айтылатын тҥсініктерге негіздей отырып, рельеф ҧғымын қосымша аныктауға болады. 
Геоморфологиялық зерттеулердің объектісі бола тҧра, рельеф планетамыздың жер қыртысы, су, ауа және 
биологиялық қабаттарының кҥрделі сипатты ӛзара қарым-қатынастар нәтижесінде пайда болған. 
Жер қҧрылысында рельеф тҧралы айта кететін ерекшеліктердің бірі: жер шарының әр кабаттарын бӛле тҧра, ол 
сонымен қатар жердің беті литосфера, атмосфера, гидросфера және биосфера қабаттарының бір-бірімен ӛзара 
әрекеттесетін ортасы. 
Рельеф географиялық ландшафттың және географиялық ортаның негізгі бӛліктерінің бірі. Сондыкган рельеф 
географиялық ортаның ӛзге компоненттерімен бірге зертгелуі тиіс. Мҧның ӛзі геоморфологияның физикалық 
географиямен және басқа географиялық ғылымдармен тығыз байланысты екендігін кӛрсетеді. 
Геоморфология жалпы геоморфология және аймақтық геоморфология болып екіге бӛлінеді. Жалпы 
геоморфология - рельефтің пайда болуы мен дамуын геоморфологиялық комплекс ретінде кең кӛлемде алып 
қарайды. Аймактык геоморфология - қҧрлық, мҧхит, теңіз т.б. рельефінің нақтылы бір немесе бірнеше бӛлігін 
зерттейді. Геоморфологияның тағы да бірнеше салалары бар. Олар қолданбалы (прикладная) геоморфология - 
релъефті ӛндіріс-шаруашылык кажетіне пайдалану жолдарын зертгеумен шҧғылданады; палеогеоморфология 
ӛткен дәуірлердегі рельеф пішіндерінің даму жолдарын зерттейді; кҧрылымдык геоморфология (структурная 
геоморфология) рельеф тҥрінің морфоқҧрылымын (морфоструктурасын) аныктайды; климаттык геоморфология 
кӛбінесе сырткы кҥштердің әсерінен пайда болған рельеф тҥрлерін, яғни морфомҥсінін (морфоскульптурасын) 
зерттеумен шҧғылданады. Геоморфологиялык зерттеу экспедициялары ең алдымен геоморфологиялық картаға 
тҥсіру жҧмыстарын жҥргізіп, соның негізінде жалпы және арнайы карталар жасайды. Дала жағдайындағы 
геоморфологиялык жҥмыстар геология, геотектоника, гидродинамика, климатология, картография әдістерін 
колданумен бірге әуе және ғарышсуреттерін және тағы басқа қҥралдарды да пайдаланады. 
Геоморфология халық шаруашылығында бірнеше бағыттарда қолданады: 
- Геологиялық – іздестіру жҧмытсарында геоморфологиялық зерттеу бедердің (рельеф) ӛзгешілігіне жан-
жақьы талдау беріп, табиғи ҥрдістердің генезисін және дамуын анықтап кейбір пайдалы қазбалардың кендерін



тура немесе жанама тҥрде кӛрсетіп береді және іздестіру жҧмыстарының бағытын анықтайды; 
- Бедер пішіндері мен тау жыныстары ӛзара тығыз байланысты. Тау жыныстары ӛздерінің тасмалданып 
арасуында жаңа бедер пішіндерін қҧрады. Сонымен қатар, бедер әр тҥрлі факторлар әсерінен ӛзгеріп, тау 
жыныстарының араласуына және ӛзгеруіне ӛз әсерін тигізеді. Бҧл тҥсінік, яғни жердің минералдық массасың 
жер беті пішіндерімен байланыстығы, кен кӛздерін іздестірудің негізгі бір белгісі болып табылады
- Сыртқы кҥштер, яғни су, мҧз, жел және т.б. тектоникалық кҥштер арқылы пайда болған жер бедерлерін 
бҧзып, тау жыныстарын тасмалдап, оларды тӛмен, ойыс жерлерге әкеліп шоғырлайды. Сонымен, борпылдақ 
шӛгінділерден қҧралған бедердің жаңа пішіндері қалыптасады. Осы бедер пішіндермен және климат 
жағдайларымен пайдалы қазбалардың қалыптасуы және сақталуы тікелей байланысты; 
- Шашыранды кенорындарын іздестіру (поиски россыпей); 
- Геоморфологияның іс жҥзінде қолданылатын негізгі солаларының бірі, соңдықтан сирек кездестіретін 
металдар мен бағалы тастарды іздестіру барысында геоморфологияның маңызы ӛте зор; 
- Соңғы кездері мҧнай мен газ іздестіру жолында геоморфологиялық әдістер, нақты айтқанда қҧрылымдық-
геоморфология әдістері қолданылып жҥр; 
- Гидротехникалық қҧрылыстарды, гидроэлектростанцияларды, каналдарды, су қоймаларын, кӛпірлерді, 
суландыру жҥйелерін салу барысында геоморфологиялық зерттеу жҧмыстары жиі қолданылады. Бҧл 
жерлердегі негізгі зерттеу объектісі – ежелгі және қазіргі ӛзен аңғарлары, бедердің морфологиясы, қиратқыш 
ҥрдістер, қарстық қҧбылыстар; 
- Жолдарға тас тӛсеу және темір жолдар салуда геоморфологияның атқаратын қызметтері ӛте зор. Мҧнда 
карталарды жасау кезінде барлық қиратқыш қҧбылыстарды енгізуді және инженрлік-геоморфологиялық 
зерттеулерді жҥргізуді қажет етеді; 
- Эрозия, қар кӛшкіні, жылжыма, сырғыма, опырылма, сел қҧбылыстарын зерттеу және оларға қарсы кҥрес 
жҥргізу әдістерін қолдану. 
Сайып келгенде, табиғи ресурстарды игеруде геоморфология халық шаруашылығының барлық салаларында 
қолданылатын және ҥлкен маңызы бар ғылым екендігін айта аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет