13
Жердің айналу ӛзі орбита жазықтығына 66 с 33 мин. 15,2 сек. бҧрышпен кӛлбеген. Кӛлбеу
бҧрышы айнымалы.
Әрбір 19 жылда ӛзінің бастапқы орналасуынан ауытқып ось кеңістікте конус сызып шығады.Мҧндай
осьтің
тербелісі
нутация деп аталады.
Жердің қозғалысына және айналу жылдамдығына Ай мен Кҥннің тартылыс кҥштері әсер етеді.Олар
мҧхиттың қайтуы мен тасуын шақырады.
2 Жердің геодезиялық сипаттамасы. Жердің пішіні мен кӛлемі.
Жердің сыртқы келбеті туралы алғашқы кӛзқарастар біздің заманмызға дейінгі уақыттан кӛп бҧрын
қалыптасты.Оның шар тәрізді екендігі туралы алғашқы ойлар Пифагор (біздің заманымызға дейін 530 ж.) мен
Аристотельдің (біздің заманымызға дейінгі IV ғ.) еңбектерінде жазылған. Аристотель Айдың тҧтылуын байқау
кезінде Жердің Айға тҥсірген кӛлеңкесі доға тәрізді болып шектелетіндігіне кӛңіл аударған.
Геодезиялық ӛлшеу жҧмыстарының нәтижесі Жердің сыртқы пішіні ҥш осьті эллипсоидқа (сфероид) жақын
екендігін кӛрсетеді. Жердің полярлық радиусы (Rп) — 6356,8 км, экваториалдық радиусы (Rэ) —6378,2 км, ал
полярлық сығым мӛлшері а=(Rэ—Rп): Rэ—1/298,2. Жердің пішіні полюстарда
сопақталған шар екенін
дәлелдеді. Жердің орташа радиусы 6371,11 км шамасында деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: