Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет9/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   125
 
Сабақ №4 
Тақырып: Жер қыртысының химиялық және минералдық қҧрамы.  
Жоспар: 
1. Жер қыртысының қҧрылысы. 
2. Жер қыртысының химиялық қҧрамы. 
3. Жер қыртысының минералдық қҧрамы. 
1. Жер қыртысының қҧрылысы. 
Жер қыртысы — литосфераның беткі бӛлігін қҧрайтын, тӛменгі жапсары Мохоровичич деңгейімен 
шектелген Жердің ең ҥстіңгі қабығы. Жер қыртысы қалыңдығына, қҧрамына, қҧрылысына қарай құрлықтық 
және мұхиттық болып негізгі 2 типке бӛлінеді. Қҧрлықтық жер қыртысының қалыңдығы тектоникалық 
жағдайына байланысты 25—45 км-ден (платформаларда) 45—75 км-ге дейін (тау тҥзілу аймақтарында), ал 
мҧхиттық жер қыртысының қалыңд. 5 км-ден (Солтҥстік Мҧзды мҧхит) 10—12 км-ге дейін ӛзгереді.
Жер қыртысы тӛмен қарай тығыздығы арта беретін жанартаутекті-шөгінді (тығызд. 1,8—2,5 г/см
3
), гранит 
— магмалық (2,5—2,7 г/см
3
) және базальтты (габбро-базальтті) (2,7—3,0 г/см
3
) қабаттарға бӛлінеді.
Сурет-8. 


18 
Конрад беті (ағылш. Conrade discontinuity) - сейсмикалық толқындардың ӛту жылдамдығын арттыру 
бойынша анықталатын жер қыртысының гранит (жоғарғы) және базальт (тӛменгі) қабаттарын бӛлетін шартты 
шекара. Конрад беті арқылы ӛту кезінде бойлық сейсмикалық толқындардың жылдамдығы секіру тәрізді 
шамамен 6-дан 6,5 км/с дейін артады. Кейде, керісінше, жылдамдық ӛсуінің бірнеше беті байқалады. 
Конрадтың беті 15-20 км тереңдікте континентальды қабықтың әртҥрлі аудандарында кездеседі, бірақ 
мҧхиттық қабықтың астында жоқ. 
Жер қыртысының жоғарғы бӛлігі қатпарларға жиырылып, жарылымдармен қиылған және тӛм. сатыда 
метаморфталған шӛгінді, терригенді және магмалық тау жыныстарынан қҧралған. Қалыңдығы платформаларда 
1 — 2 км, терең ойыстарда 10 — 20 км жетеді. Шӛгінді қабаттың астында салмағы жеңіл, гранит пен 
гнейстерден тҥзілген шӛгінді қабаттың жыныстарымен алмасып отыратын гранит-метаморфты қабат 
орналасқан. Гранит қабатының қалыңд. жазықтар астында 15 — 20 км, тау жҥйелері табанында 15 — 50 км-ге 
дейін. Мҧхиттар тҥбінде граниттік қабат ӛте жҧқа, не мҥлде болмайды. Граниттік қабат Конрад бетімен 
шектеледі. Жер қыртысының ең тӛменгі бӛлігінде базальт, габбро және кҥшті метаморфтануға (метаморфизмге) 
ҧшыраған шӛгінді жыныстардан қҧралған базальт қабаты орналасқан. Жер қыртысының аралық типтері: 
субмҧхиттық жер қыртысында шӛгінді жыныстар мҧхиттық жер қыртысындағыдан қалың болады; 
субконтиненттік жер қыртысы жҧқа болады әрі граниттік қабат анық байқалмайды. Геофизикалық деректер 
бойынша, Қазақстандағы жер қыртысының қалыңдығы Тҧран тақтасы, Каспий маңы ойысында 35 — 45 км, 
Тянь-Шань, Таулы Алтайда 45 — 50 км, Орт. Қазақстанда 50 — 55 км. Жер қыртысының ҥнемі дамып ӛзгеруі 
нәтижесінде геосинклинальдар сияқты қозғалмалы аймақтар платформаларға айналады. Жер қыртысының 
дамуының басты себептері — Жердің аса терең қабаттары мен жоғарғы мантиясы арасында ӛтетін процестер. 
2. Жер қыртысының химиялық қҧрамы. 
Жер қабатының химиялық қҧрамы тау-кен процестері кезінде жер бетіне шығатын, сондай-ақ тау-кен 
қазбалары мен терең бҧрғылау ҧңғымаларынан Алынған тау жыныстары мен минералдарының кӛптеген 
ҥлгілерін талдау нәтижелері бойынша анықталды. 
Ол тау жыныстарының қҧрамына кіретін химиялық элементтерден тҧрады. 
Жер қыртысында 46 элемент кеңінен таралған, оның ішінде 8—і 97,2-98,8% - ды, 2-і (оттегі және кремний) -
75% - ды қҧрайды. 
Жер қыртысының (16 км тереңдікке дейінгі аралықты қамтитын) химиялық қҧрамы жӛніндегі алғашқы 
ғылыми еңбектің авторы — американ ғалымы Ф. Кларк (1889) болды. Ол ӛз еңбегінде әр тҥрлі тау 
жыныстарының алты мыңға жуық ҥлгілерін талдай отырып, олардың қҧрамының арифметикалық орта шамасын 
есептеп шығарды. В. Е.Ферсман Ф. Кларктың зор еңбегін ӛте жоғары бағалай отырып, жер қыртысында 
кездесетін химиялық элементтердің орта шамасынкларк мөлшері деп атауды ҧсынды. КЛАРК – 
химиялық элементтердің орташа шамасы. 
Біздің елімізде жер қыртысының химиялық қҧрамын зерттеу жҧмыстарымен айналысқан кӛптеген 
ғалымдардың ішінен В. И. Вернадский, А. Е. Ферсман, В. Г.Хлопин, А. П. Виноградов, А. А. Ярошевский 
есімдерін ерекше атап ӛтуге болады. 
Тӛменде берілген 1-кестесінен жер қыртысында кең таралған химиялық элементтердің орта сандық және 
сапалық мӛлшерімен танысуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет