171
жӛнінен едәуір деңгейге жетіп дамыған ТМД елдерінде де тҥсірім масштабты геоморфологиялық карталардың
бірынғай қҧрастырылған шартты белгілері жоқ. Сонда да, әр тҥрлі ғылыми зерттеу, ӛндірістік, геологиялық
және географиялық мекемелер жҧмыстарының тәжірибесіне негіздей отырып, жалпы геоморфологиялық
карталардың шартты белгілерін жасау туралы ҧстанымдар жӛнінде белгілі пікірлер айтуға тура келеді.
Жалпы геоморфологиялық картада бедердің мынадай негізгі сипаттамалары: оның морфографиясы мен
морфометриясы, жаралу тегі (генезисі) мен жасы болуы тиіс. Бҧл сипаттамаларды бейнелеу ҥшін сапалы немесе
тҥрлі-тҥсті фонының әдістері (методы качественного или цветного фона), изосызықтар (изолиний), сызаттар
(штриховки) тҥрлі белгілер (значки), индекстер қолданылуы мҥмкін. Аса нақтылы және кӛрнекті
картографиялық тәсілі фонды бояу (фоновая закраска). Осы фонды бояумен бедердің ең маңызды
сипаттамасының бірі – генезисін бояйды. Осылайша қағаз бетінде әр генезистік бедер пішіндері әр тҥрлі тҥспен
боялады, мысалы, теңіз тектік бедер пішіндерін картада кӛк тҥспен, эолдық - сары, аллювийлік - жасыл,
делювийлік - қызғылт-сары, кӛлдік-кӛгілдір тҥспен. Дегенмен, бедер генезисін анықтаған кезде едәуір
қиындықтар туады. Жоғары тақырыптарда айтылып кеткендей, жер бетіндегі бедер пішіндері эндогендік және
экзогендік кҥштердің ӛзара қарым-қатынас әрекетінен қалыптасқан. Сонда геоморфологиялық картографиялау
жҥргізу кезінде зерттеушінің алдында бедер тҥзу процесінің қай тобы басымдау екен деген сҧрақтар пайда
болады. Бҧл сҧрақтарды шешу ҥшін мына тәртіпті нҧсқау етіп қолдану қажет: топографиялық картаның
масштабына және жҥргізіліп жатқан геоморфологиялық тҥсірім масштабына сәйкес картаға арнайы қосымша
геоморфологиялық мәліметтерді енгізу қажет. Мәселен, әр тҥрлі, бедер пішіндерінің генезисін анықтау кезінде
келесі заңдылықтарды байқауға болады: бедердің кең ауқымды қамтып жатқан ірі пішіндері негізінде біркелкі
ӛтетін эндогендік процестеріне байланысты, ал кішігірім бедер элементтері - экзогендік процестердің нәтижесі.
Сондықтан геоморфологиялық карталарды тҥсіру кезде алдымен бедер пішіндерінің мӛлшеріне назар аудару
тиіс. Әдетте тҥсірім масштабта бедердің экзогендік тҥрлері жиі кездеседі. Бірақ, кейбір жағдайларда эндогендік
бедердің кішігірім пішіндері кездесуі ықтимал.
Мысалы, жанартау немесе лайлық жанартау тӛбешіктері, немесе жер бетінде кертпештер тҥрінде кӛрініс
беретін терең тектоникалық жаралымдар. Тағы бір еске тҥсіретін жайт: жалпы, аккумуляциялық және ӛңделген
(выработанный), бедерді картаға тҥсірген жағдайларда аккумуляциялық бедер тҥрлерін нҥктелі, таңбалы
әдіспен (точечный методом) белгілеп ажыратуға болады. Бедердің морфографиялық пен морфометриялық
сипаттамасын ең тиімді кӛрсететін әдістер, оларды топографиялық карталарда горизонталдар болып табылатын
изосызықтар арқылы бейнелеу. Жақсы топографиялық карта онымен ешқандай салыстыруға болмайтын ең
нақты және ең суреттеп салынған бейнелеулермен тең келмейтін бедер туралы мәліметтерді толық береді.
Бедердің морфографиялық және морфометриялық сипаттамасының маңыздылығы осы бедер пішіндерінің
морфологиясы туралы деректерден басқа генетикалық информация, эндогендік және экзогендік процестер
әрекеттерінің арақатынасы жӛніндегі пайымдау мҥмкінділігі мен олардың қарқындылығы жӛнінде мәліметтер
алуға болатынында. Шынында да әр табиғат агентінің әрекеті олар қҧрған бедердің пішіндері немесе пішіндер
кешендерінің бейнесінде жҥзеге асады. Эндогендік және экзогендік процестердің ара қатынасы сол немесе
басқа жердің нақты биіктігінде, тілімдену жиілігі мен тереңділігінде кӛрініс береді. Осы факторлардың барлығы
жер бетінің еңістелу бҧрышымен қоса сол жердің қазіргі кездегі экзогендік процестері әрекетінің
жиынтықтылығын және қарқындылығын анықтайды. Карта масштабында горизонталь арқылы тҥспей қалған
бедер пішіндерін шартты белгілер арқылы кӛрсетеді, ал мҧндай шартты белгілердің әрқайсысы ӛзінің
суреттелген бейнесімен сол немесе басқа пішіндердің сыртқы тҥрін ғана сипаттайды, ал шартты белгілердің
тҥсі – олардың генезисін білдіреді.
Геоморфологиялық картада бедердің жасын белгілеу ӛте маңызды роль атқарады. Мысалы геологиялық
карталарда тау жыныстарының жасын кӛрсету ҥшін нақты тәсіл – фонды бояу (фоновая закраска) болып
табылатыны баршамызға аян. Ал, геоморфологиялық картада мҧндай бейнелеу әдісі картаның кӛрнектілігін
жойып, тҥрін кедейлендіруге әкеп соқтырады. Сондықтан геоморфологиялық карталарда бедердің жасын басқа
тәсілмен: фонның тҥрлі-тҥстілігімен (сол немесе басқа генезисті топтың шегінде ғана), индекстермен
(белгіленгеннен контурдың ішінде) бедерсызатпен (штриховкамен) бейнелейді. Әйтсе де бедерсызаттарды
бедердің қалыптасуында ҥлкен роль атқаратын геологиялық қҧрылымдарын (мысалы, жер бетінде айқын білініп
кӛрініс беретін бранхиантиклинальдық қҧрылымдарды, тҧздық кҥмбездерді) кӛрсету ҥшін қолдану тиімді.
Геоморфологиялық карталарда арнайы шартты белгілермен кӛптеген қазіргі заманда ӛтіп жатқан табиғи және
антропогендік процестерді, яғни жазықтық шаю, флювийлік, эрозиялық, эолдық және т.б. процестерді
кӛрсетуге болады.
Сӛйтіп, тҥсірім масштаб бойынша геоморфологиялық карталарды жасау ҥшін, шартты белгілер жҥйесін қҧру
ҧстанымдарының кейбіреулері осындай. Мҧнда кейбіреулері ғана деп айтып отырған себебіміз, ӛйткені
геоморфологиялық карталар қҧрылысының шартты белгілері туралы әр тҥрлі басқа да пікірлер бар.
Барлық жағдайда геоморфологиялық карталардың шартты белгілерінің жҥйесі кез келген аумақ туралы
бедердің сипатын кӛз алдымызға елестете алатын, оның жасы мен дамуы тенденциясы мен қалыптасу тарихы
туралы мағлҧмат бере алатындай болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: