166
жинап алған материалдардың негізінде далалық зерттеу бағдарламасы қҧрылады, соның ішінде белгіленген
маршруттардың нобайы, қазбалы
орындарының шурфтары, бҧрғылау орындарының орналасу сызба нҧсқасы
және басқа, мысалы, геодезиялық жҧмыстар енгізіледі.
Далалық зерттеу кезеңі геоморфологиялық экспедиция зерттеулерінің негізгі қҧрайтын бӛлігі болып табылады.
Осы кезеңде нақтылы деректерге (фактический материал) негізделген материалдарды жан-жақтан жинау,
соның
ішінде таужыныстарының ҥлгілерін жинақтау және олармен алдын ала ӛндеу шараларын жҥргізу, зерттелініп
жатқан аумақтың геоморфологиялық қҧрылысы туралы алғашқы тҧжырымдар жасау жҧмыстары жҥзеге
асырылады.
Ақырында сол аймақтың далалық геоморфологиялық картасы жасалынады. Зерттеу мақсатына қарай және
жасалатын картаның масштабына байланысты далалық жҧмыстарды атқарған
кезінде маршруттық
зерттеулермен бірге кілттік әдіс (ключевый метод) немесе жалпы алаңдық тҥсірім (площадная съемка) әдістері
қолданылады.
Кілттік әдісті қолданған кезінде сол аумақтың ҥлгісі болып саналатын ауқымы шамалы келген жеке бір аумақ
ҧқыпты тексеріліп және картаға тҥсіріледі. Содан кейін тҥсіру әдісін аумақтың қалған бӛлікшелерінің
барлығына қолданып жҥргізіледі. Бҧл кезде ірі масштабты топографиялық карталар әуесуреттер мен
ғарышсуреттер кең қолданылады. Мҧндай жағдайда кілттік аумақтар эталон ретінде роль атқарады. Кілттік
аумақтар арасындағы алаңдардың экстраполяциясының дҧрыстығын бақылау мақсатында сол алаңдарда тҥсіру
маршруттарының сиретілген торы жҥргізіледі. Ал, жалпы алаңдық зерттеулер ірі масштабты
картографиялау
кезінде жҥргізіледі. Бҧл жағдайда маршруттар азды-кӛпті болса да бҥкіл аумаққа біркелкі таралады. Сонымен
қатар, маршруттар мен зерттеу нҥктелерінің торы едәуір жиі болғандықтан кілттік аумақтардың қажеттілігі
болмайды. Әрине, маршруттық жҧмыстарға қарағанда аландық зерттеулерге аса кӛп кҥш, қаражат және уақыт
жҧмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: