Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығы



Дата18.04.2023
өлшемі14,04 Kb.
#83861
Байланысты:
Шығыс Қазақстан инвестиция


Эссе
Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығы
Елдің инвестициялық процесін қарапайым ұғым ретінде қарастыру қате түсінік.Себебі,әр мемлекеттің жекелеген жағдайлары үшін инвестиция қызметі әртүрлі артықшылықтарды әкелуде.Біздің еліміз үшін инвестиция- өңірлердегі экономиканы дамытуда инвестиция тарту,өңірлердің арасындағы айырмашылықтарды болдырмай,оларды теңестіру,дағдарыстың алдын алу,өңірлердің артта қалушылық жағдайларын мүлде болдырмаумен сипатталады. Осы себептерден де,Қазақстан ТМД-дағы мемлекеттердің арасында үлкен көлемде инвестиция құйылушы ел болып табылады.
Елімізде 2016 жылы өткен инвестициялық ұлт тық конкурстың нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы инвестициялық өңір ретінде танылды. Бұдан біз Шығыс Қазақстан облысының еліміздің ішіндегі болашағы зор,елдің экономикалық дамуына басты үлесін қоса білетін индустриялды-инновациялы аймақ деп нақты айтуымызға болады.
"Euromoney" журналының бағалау рейтингі бойынша, инвестициялық тартымдылық деңгейі бойынша Қазақстан әлемдік деңгейде Болгариядан кейінгі 81-ші орында орналасқан. ТМД-ның басқа елдері осы тәртіпте елімізден кейінгі орындарды алып тұр.
Қазақстанның инвестициялық бастамалары өнім өндіру саласындағы өнеркәсіптерге, соның ішінде еліміздегі негізгі шикізат саналатын - мұнайға бағдарлануда.Инвестицияның мол үлестері еліміщдің мына өңірлеріне құйылған болатын: Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары - мұнай-газ өндірудің қолданыстағы және перспектива лы өңірлері болып табылады. Керісінше, инвестициялық әлеуеттің ең көп шоғырланған өңірлерге соңғы екі жылда барлық инвестициялардың үштен бірінен азы салынды.Олардың қатарына Алматы қаласы,Қостанай облысы,Қарағанды,Павлодар кіреді.
Шығыс Қазақстан облысы елміздің өңірлері ішіндегі инвестиция мөлшері ең көп құйылатын аймақ болып саналады. Еуропа қайта құру және даму банкінің сараптамасы бойынша Шығыс Қазақстан облысы инвестиция бойынша мемлекетте. үшін.ші орынды иеленіп отыр екен.
2020 жылы Шығыс Қазақстан облысына 360 миллиард теңге көлемінде инвестиция құйылған болатын. 2019 жылы бұл көрсеткіш 340 млрд теңгені құраған. Облысқа инвестицияны тартудың негізгі көзі – кәсіпкерлікті қолдаумен байланысты болып отыр. 18,8 мың жұмыс орны құрылып,1,4 триллион теңге соммаға 76-ға жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылу үстінде.
Бұл аймақтың медицина саласы – халыққа қызмет жасаудағы сапаның әрқашан жақсарып отыруымен ерекшеленеді. Сапаның айтарлықтай жоғарылауы,аталған саладағы қызметкерлердің білім және еңбек тәжірибесін арттыру үшін қабылданған - үш деңгейден тұратын бағдарламамен жүзеге асырылуымен байланысты болып отыр.
Аймақтағы инвестициялық тартылымды әрі қарай күшейту мақсатында Бір терезе қағидатын бастамаға ала отырып,жаңа инвесторларды тарту мақсатында инвестициялық портал жұмыс жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет