Тақырыптың өзектілігі: Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі ұйымда баланың денсаулығын сақтаудың, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдаудың мүмкіндіктерін қарастыру болып табылады.
.Зерттеудің міндеті: - ұйымдастырылған оқу қызметінде денсаулық сақтау технологияларын
қолдану;
- салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;
- мектеп жасына дейінгі балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыруда
ата-аналарды ынтымақтастыққа тарту.
Денсаулық сақтау – адамдар мен балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған медициналық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси және өзге де шаралар жиынтығы. Педагогика ғылымында «денсаулықты сақтау» ұғымы XX ғасырдың 90-жылдары қолданыла бастады және түрлі кезеңдерде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері арқылы балалардың денсаулығын сақтауда қатынас өзгешелігін көрсетті.Отандық және шетелдік ғалымдар адам денсаулығының 7-8% денсаулықтықты ойдағыдай сақтауға, 50% - өмір салтына байланысты екендігін анықтады, сондықтан мектепке дейінгі ұйымның міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша педагог жұмысының тиімділігін арттыру.
Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты. 1. Мектеп жасына дейінгі баланың денсаулығын сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
2. СӨС туралы қажетті білімін, білігін және дағдысын қалыптастыру.
3. Алған білімін күнделікті өмірде қолдануға үйрету.
Міндеттері: - дамытушы ойын ортасын құру;
- ұйымдастырылған оқу қызметінде денсаулық сақтау технологияларын қолдану;
- салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;
- мектеп жасына дейінгі балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыруда ата-аналарды ынтымақтастыққа тарту. Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулықты сақтау жүйесі қамтиды:
- түрлі сауықтыру сәттерін (таңертеңгі гимнастика, «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметі, сергіту сәттері, қимылды ойындар, серуендер, спорттық мерекелер мен сауықтар, музыкалық-ырғақтық сабақтар);
- нәрлі тамақтануды ұйымдастыру;
- балалармен медициналық-профилактикалық жұмыс жүргізу; шынықтыру шараларының кешені (сауықтыру гимнастикасы, өзіне-өзі массаж жасау, түзету, тыныс алу жаттығулары, салқын тиюден болатын ауруларды, жалпақ табандылықты болдырмау үшін алдын ала емдеу; жалаң аяқ жүру, тамақты және ауызды шаю).