СӨС меңгерту технологиялары: Таңғы жаттығу-таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл – ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады .
Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті-балабақшаның жұмыс жасайтын бағдарлама талабына сай жүргізіледі.
Белсенді демалыс - дене шынықтыру демалыстары мен мерекелері, «Денсаулық Күндері», музыкалық сауықтар кезінде жүргізіледі.
Өзін-өзі уқалау-динамикалық үзіліс түрінде, күнделікті ойын түрінде , 5 минуттық әрекет турінде жүргізіледі.
Өзіне-өзі массаж жасау тәсілдері:
Қолдың саусақтарына: әр саусақты созу және оны басу; «Сақина» - әр саусаққа сақина салғандай бір қолдың саусақтарымен екінші қолдың саусақтарын сылау;
Табанға: массаж кілемшелерінің, тастардың үстімен, ойлы-қырлы жолмен жүру; табанға массаж жасау («Аяқтармен ойнаймыз», «Аяқтың башпайларын алақанға саламыз» ұйқыдан кейін ойын түрінде өткізіледі); табанмен түрлі заттарды домалату (гимнастикалық таяқша, масаж добы, жаңғақтар және т.б.).
Дененің басқа бөліктеріне массаж жасағанда сипау, сылау, уқалау тәсілдері қолданылады.
Түзету технологиялары: Артикуляциялық жаттығу - ерін, тіл және мимикалық бұлшық еттер қосылатын баламен жүргізілетін әрекетті айтамыз. Артикуляциялық жаттығуды жүргізудің басты мақсаты баланы артикуляциялық аппарат ағзаларын дұрыс қимылдатуға үйрету болып табылады. Ұзақ әрекеттің қорытындысы дыбыстарды анық айту болып табылады. Артикуляциялық жаттығу баланы кейін жазу дағдыларына үйренудінде үлкен орын алады. Ертегі терапиясы – ересек топтан бастап айына 30 минуттан 2-4 сабақ өткізіледі.Сабақтарда психологиялық, терапиялық және дамытушы жұмыс жүргізіледі. Ертегіні ересек адам айтуы мүмкін немесе топпен айтуға болады, қалған балалар ертегіні айтушыдан кейін қажетті қимылдарды қайталайды.
Музыка терапиясы – адамның интелектуалдық саласына сәйкес болады. Психогимнастикалық этюдтарды орындаумен бірге дұрыс таңдалған музыканы тыңдау балалардың иммуниттерін көтереді, тыныштандырады, бас және бұлшық ет ауруларын жазады, байыппен дем алуды қалыптастырады. Үрмелі аспаптар эмоционалдық саланың қалыптасуына әсер етеді, мыстан жасалған үрмелі аспаптар – ұйқыдан тез оятады, оны сергек және белсенді қылады. Пернелі аспаптардың орындауындағы музыка соның ішінде фортепианомен адамның интелектуалдық саласына сәйкес болады. Ішекті аспаптар жүрекке әсер етеді. Олар соның ішінде скрипка, виолончели мен гитара адамның аяушылық сезімін дамытады. Ал вокалды музыка барлық ағзаға соның ішінде тамаққа әсер етеді.