Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы


Денсаулық сақтау технологияларын ұйымдастыру және қолдану келесі



бет3/6
Дата05.05.2023
өлшемі61,48 Kb.
#90145
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Зерде жоба Маданият Жамила 1

Денсаулық сақтау технологияларын ұйымдастыру және қолдану келесі
дидактикалық ұстанымдарды ескере отырып іске асырылады:
- жас ерекшеліктерін ескеру;
- жүйелілік пен бірізділік;
- қол жетімділік пен дараландыру (орта балалардың ойындар мен ойыншықтарға, материалдарға, құрал-жабдықтарға еркін түрде қол жетімділігін қамтамасыз етеді);
- қауіпсіздік (орта сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары элементтерінің сәйкестілігін ұсынады);
- вариативтілік (балалардың танымдық, қимыл, ойындағы белсенділігін ынталандыратын құрал-жабдықтар мезгілімен ауыстырылуы тиіс);
- баланың жетістігін сезінуі.
Мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясы келесідей қызмет
атқарады:
релаксациялық – бұлшық еттерді босаңсытып, шаршағанды басады, жағымды жағдай тудырады;
коммуникативтік – өз денсаулығына ұқыпты қарауға ықпал ететін салауатты өмір салтын ұстану тәжірибесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді; түзету – балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалау. Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін Диагностиканың нәтижесі бойынша түзетуді қажет ететін балалармен түзету жұмысы жоспарланады, оның нәтижесі «Бақылау парағына» толтырылады;
профилактикалық – физиологиялық және психологиялық аурулардың
пайда болуының алдын алу.
Денсаулық сақтау технологиялары басқа білім беру салаларымен белсенді
түрде кіріктіріледі: мысалы, «Шығармашылық» білім беру саласы «Музыка» ұйымдастырылған оқу қызметінде тыныс алу, артикуляциялық гимнастика, ән айтуға дайындық кезінде ойын түрінде өзіне-өзі массаж жасау балалардың музыкалық қабілеттерін дамытуға, денсаулықты нығайтуға көмектеседі және баланың денесін дамыту құралдарының бірі болып табылады. Сондай-ақ ән айту баланың денсаулығына және дамуына оң ықпал етеді: ақыл-ой қабілетін белсендіреді, эстетикалық және адамгершілік түсініктерін, есту қабілетін, есін, сөйлеуін, ырғақты сезуін, зейінін, ойлауын дамытады, өкпені және барлық тынысалу аппаратын нығайтады. Балабақша жағдайында құрылған денсаулық сақтау ортасы баланың әлеуметте бейімделуін, балалардың қимыл белсенділігін қажетсінуін іске асыруды және қимыл дағдыларын тиімді игеруді қамтамасыз етуге ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет