Өз заманында Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған әлемге әйгілі ойшыл, ғұлама ғалым, халқымызға білімнің нәрін сепкен ұлттың ұлы кемеңгері Әбу Насыр әл- Фарабидің шығу тегіне тоқталайық. Ұлы ұстаздың толық есімі бүгінгі таңда оның өз Отаны-Қазақстанда да әр түрлі жазылып келеді. Ең алғашқы Қазақ Кеңес энциклопедиясында ол:
«Әбу (Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани)» деген атпен берілсе (1970, 2-том, 9-бет), ал сексенінші жылдардың соңында жарық көрген «Қазақ энциклопедиясында: «Әл-Фараби, Фараби, Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби» деген нұсқада берілген