әл-Фарабидің педагогика ғылымының негізін салушы екендігін оның еңбектерінде қарастырылған педагогикалық ұғымдардың анықтамалары неғұрлым нақтылай түседі. Педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын оқыту мен тәрбиеге ғұлама мынадай түсініктеме береді: «Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал тәрбие - білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайрымдылық дарыту тәсілі. Оқыту сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа белгілі қимыл-әрекет дағдысын егеді...»

Әл-Фарабидің педагогикалық ұғымдарға берген анықтамасы қазіргі педагогикада «оқыту» мен «тәрбие» ұғымдарына берген анықтамалармен сабақтасып, өзара байланысып жатады. Қазіргі педагогикада «тәрбие» ұғымы кең және тар әлеуметтік мағынада, сонымен бірге кең және тар педагогикалық мағынада қолданылады. Кең әлеуметтік мағынада, тәрбие - аға ұрпақ өкілдерінің жинақтаған тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу. Тәжірибе деп барлық адамдарға белгілі білім, білік, ойлау тәсілдерін, адамгершілік, этикалық, құқықтық ережелерді, яғни бір сөзбен айтқанда, адамзаттың тарихи даму процесінде жасалынған рухани мұраны айтады.