Қазіргі кезде педагогиканың негізгі ұғымдарына «тұлғаны қалыптастыру» ұғымы да жатқызылады. Себебі, бүгінде білім беру парадигмасының өзгеруіне байланысты, бірінші кезекке оқушыларда пәндік білім, білік, дағдыны қалыптастыру емес, оның тұлғасын қалыптастыру қойылып, тұлғаға бағдарланған оқыту мен тәрбиелеуді іске асыру көзделуде. Жеке тұлғаны қалыптастыру ұғымын ғұлама әл-Фараби былай анықтайды: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінезқұлқымыз мақтаулы болады»
Міне, осы айтылған мәселелер ұлы ойшыл әлФарабидің педагогиканың негізгі ұғымдарын анықтауға алғаш талпыныс жасаған ғалым екендігін дәлелдейді. Мұның өзі әл-Фарабидің педагогикалық идеяларын қазақ педагогика ғылымының қайнар көзі, бастау бұлағы ретінде қарауға толық негіз бар екендігін көрсетеді.