Шығыстың аймақтық хабаршысы


Ж.Т. ТУРСЫНБЕК, А.К. ИГИБАЕВА



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата31.03.2017
өлшемі0,74 Mb.
#10933
1   2   3   4

Ж.Т. ТУРСЫНБЕК, А.К. ИГИБАЕВА

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 

Өскемен қ., Қазақстан

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН 

ДАМЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГТІҢ РӨЛІ

Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала жана-жақты дамып, жетіле бастайды және 

оның бойындағы ең алғашқы дарындылық белгілері байқалады. Жан-жақты дамыған, 

білімді келешек ұрпақ еліміздің болашағы, яғни дарынды, рухани бай, бәсекеге қабілетті 

ұрпақты тәрбиелеу – мемлекетіміздің басты міндеті. Ал осы дарынды баламен жұмыс 

жүйесіндегі  басты  тұлға  –  педагог.  Қазіргі  ізденімпаз  педагогтің  міндеті  –  баланың 

бойындағы дарындылықты дер кезінде байқап, оны одан ары жетілдіріп әкете алуы.

Түйін сөздер: дарындылық, дарынды бала, рухани-адамгершілік тәрбие, педагог, 

қабілет, дамыту, адамгершілік.

РОЛЬ ПЕДАГОГА В РАЗВИТИИ ТАЛАНТА У ДЕТЕЙ 

ДОШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА

 В дошкольном возрасте дети начинают всесторонне развиваться, у них появляются 

первые признаки таланта. Дети будущее нашей страны, то есть воспитание талантливых, 

духовно богатых, конкурентоспособных детей – главная задача государства. А главной 

личностью в работе с талантливыми детьми является педагог. Основная задача учителя 

заметить талантливого ребенка и развивать его дальше.

Ключевые слова: талант, талантливый ребенок, духовно-нравственное воспита-

ние, педагог, способность, развивать, мораль.

ROLE OF THE TEACHER IN THE DEVELOPMENT OF TALENT 

IN CHILDREN OF PRESCHOOL AGE

At preschool age, children begin to develop comprehensively and at the same time they 

appear the first signs of talent. Children are the future of our country, that is, education of tal-

ented, spiritually rich, competitive children – the main task of the state. A major figure in the 

work with gifted children is a teacher. The main task of the teacher to notice a gifted child and 

further develop it. And so the role of the teacher in the development of talent in children of 

preschool age is very large.



Keywords:  talent,  talented  child,  spiritual  and  moral  education,  teacher,  ability,  de-

velop, morality.

Мектеп  жасына  дейінгі  кезең  –  баланың  жан-жақты  дамып,  жетіле 

бастауының ең белсенді кезі. 3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі 

кезең  деп  есептейді.  Бұл  кезде  бала  алғашқы  кезеңмен  салыстырғанда  тез 

өсіп,  салмағы  тез  артады.  Жоғары  жүйке  жүйесінің  дамуы  да  жоғарылайды, 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


275

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

бойының өсуінде де өзгерістер байқалады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде (3-6 

жас) бала құрбы-құрдастарымен, айналасындағы үлкен адамдармен жиі тілдік 

қарым-қатынаста болады, бұның өзі баланың логикалық ойлауына ерік сапасы 

мен  есінің,  қабылдауы  мен  қиялының,  зейінінің  дамуына  әсер  етеді.  Соның 

нәтижесінде баланың алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда қоршаған ортамен 

қарым-қатынасы  артып,  жас  кезеңіне  тән  өзіндік  ерекшелігі  қалыптасады. 

Баланың  мектепке  дейінгі  кезеңде  дамуының  әр  жас  кезеңі  бойынша  өзіндік 

ерекшеліктері бар. Қысқаша атап айтқанда: 

3 жастан кейінгі кезең – сәбилік кезеңнен мектепке дейінгі өту кезеңі деп 

есептеледі. Осы кезде бала заттармен өз бетінше әрекет етуге талпынады, бірақ 

әлі  де  болса  үлкендер  тарапынан  қамқорлық  күтеді.  Жетілуіне  байланысты 

сөйлеуі дұрыс дамиды, сөзі анық емес, түсініксіз болады.

3  жастан  жоғары  қарай  сөздік  қоры  дамып,  өзінің  ана  тіліндегі  барлық 

сөздерді  меңгеріп,  түсінеді,  тілдік  қарым-қатынасы  жоғары  сатыға  көтеріледі. 

Ойлауы  көрнекі  амалдық,  бейнелік  болып,  кейбір  мәселені  өздігінен  шешіп, 

ой қорытындысын шығара алады. Баланың санасының мазмұны күрделеніп, 3 

жастың соңына қарай мазмұндық рөлдік ойындар ойнайды. 

4 жасқа келгенде денесінің бұлшық етінің күші артып, ептілігі, икемділігі, 

қозғалысқа  икемділігі  байқалады.  Допты  немесе  басқа  бір  заттарды  нысанаға 

лақтырып қағып алуды үйренеді, бірақ көргені мен естігенін ұзақ есінде сақтап, 

өз мағынасында тез жаңғыртып бере алмайды. Рөлдік ойындарын да, күнделікті 

көріп жүргендерін ғана бейнелейді. 

5 жасқа келгенде қимыл-қозғалысының нақты дамуына байланысты, жүру, 

жүгіру,  секіру,  қабырғадан  өрмелеу,  еңбектеу,  шаңғы,  шана,  велосипед  тебуді 

үйренеді.  Үлкендермен  еркін  қарым-қатынас  жасауына  байланысты  баланың 

грамматикалық сөздік қоры молайып, тәрбиешінің айтқан сөздерін жақсы түсініп, 

оған өзінің түсінігі бойынша жауап береді. Осы кезде тәрбиешінің тапсырмасын 

және қарапайым еңбек әрекеттерін де орындайды.

Бала 6 жасқа келгенде ерекше қарқынмен дамып, дене бітімі күрделенеді, 

барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу әрекетін орындағанда да, 

қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын болады. 6 жасқа келгенде сөздің 

тура және жанама мағынасын түсінеді. Бұл жаста ойынның мазмұны күрделеніп, 

өмірдегі барлық шындықты бейнелеуді көздейді [5]. 

Бұл – 3 тен 6 жас аралығындаға бала дамуы мен қалыптасуының қысқаша 

ғана сипаттамасы. Сонымен қатар бұл кезеңде баланың бойындағы ең алғашқы 

дарындылық белгілері де байқала бастайды. Бұл жерде «дарындылық», «дарында 

бала» дегеніміз не деген сұрақ туындайды. Ендігі кезекте осыған тоқталып өтсек.

Дарындылық  дегеніміз  –  қабілеттердің  жиынтығы,  қызметтің  бірнеше 

түрінен көрнекті нәтижеге жеткен, қоғамға пайдалы ісімен көзге түскен адамның 

Ж.Т. ТУРСЫНБЕК, А.К. ИГИБАЕВА. 1 (69) 2016. Б. 274-279   

 

 

                ISSN 1683-1667 



276

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

қасиеті.


Дарындылық  мәселесінің  тамыры  өте  тереңде  жатыр.  Көне  грек 

философтарының трактаттарында құнды ой-пікірлер аз айтылмаған.

Платон: «Талант пен данышпандылық өнер мен білімге байланысты емес, 

ол Алла тағаланың жіберуімен», – десе, Аристотель көркем шығармашылыққа 

назар аударған. Әйтсе де олар тәрбие мен білімнің берерін текке шығармаған. 

Қайта өрлеу дәуірінде дарындылықтың табиғатына зер салғандардың бірі 

испан дәрігері – Хуан Уарте болды. Ол өз тәжірибелерін қорытындылай келе, 

талант  табиғаттан  келеді,  оның  дамуы  үшін  тәрбие  мен  еңбектің  қажеттілігін 

айта келе, бұлар үшін кәсіби таңдап алуды, мемлекеттік жүйелер құруды айтқан. 

Жеке  адамның  қабілеті  мен  дарындылығы  туралы  мәселелер  көптеген 

Орта Азия мен Қазақстан ғалымдары мен ағартушыларын толғандырған. Олар: 

Әл Фараби, Бируни, Ибн Сина, Шоқан, Абай тағы басқалар.

Әл  Фараби  өзінің  «Бақытқа  жету»  трактатында  этикалық  мәселелер 

жағынан  адамның  қабілетіне  және  оны  оқытуда  әртүрлі  тәсілдер  арқылы 

нәтижеге жетуіне көңіл аударған.

ХІХ  ғасырда  ғалымдардың  жіктелуіне  байланысты,  соның  ішінде 

психология мен педагогикада адамның психикасы мен қабілеті туралы арнайы 

зерттеу жұмыстары шыға бастады. Солардың бірін ағылшын психологі Фрэнсис 

Гальтон тұжырымдап берді. Ол адамдардың даралық айырмашылықтарын оқып, 

зерттеген. Өзінің еңбегі «Таланттың тұқым қуалаушылығы: оның заңдылықтары 

мен шығу тегінде» қабілеттің шығу тегінің методологиялық базасын негіздеген.

Гальтонның соңынан неміс педагог-психологі Э. Мейман дарындылықты 

теориялық тұрғыдан зерттеп, дарындылықтың туа біткен аспектісін айқындап, 

табиғи және жинақталған жақтарын біріктеруге ұмтылыс жасайды. Сөйтіп, есте 

сақтау дарындылығын ажыратып алып, дарындылық – даралық ерекшеліктерін 

зерттейді  және  адамдағы  дарындылықтың  қаншалықты  дәрежеде  екенін 

қарастырған.

Э. Мейман әсіресе дарындылықтың педагогикалық аспектісін, тәрбие мен 

оқытудың дарындылықтың дамуына тигізетін әсерін зерттеген [8]. 

Ғалымдар  дарындылық  мәселесін  зерттей  келе,  оның  жалпы  және  әдейі 

немесе арнайы түрін бөліп көрсетеді. Дарындылықтың 2 түрі де іс-әрекеттің әр 

түрлілігі мен формасында жалпы кезеңдер болуына байланысты. Осылай, жалпы 

ақыл-ой дарындылығы іс-әрекеттің барлық түрімен қамтамасыз етілгенде ғана 

орындалады. Олардың табысты орындалуы үшін белгілі ақыл-ой сапасы, «ақыл-

ой құндылығы» қажет болады.

Арнайы  дарындылық,  өзі  ерекше  ашылып  көрінетін  белгілі  іс-әрекет 

түрлерімен  байланысты  (математикалық,  техникалық,  музыкалық,  сурет  салу 

өнері, ақындық дарындылық және тағы басқа).

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


277

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Дарынды  адамдарға  тән  қасиеттер:  зейінділік,  жинақылық,  тұрақтылық, 

әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге мақсатқа жетуде 

ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен 

салыстырғанда интеллект деңгейі анағұрлым жоғары.

Өз  қызығулары  бағытында  дарынды  адамдар  қайтпас  қажырлық  таныта 

алады.  Бұл  қасиеттің  адамдағы  көрінісі  –  2-3  жасар  баланың  бір  іспен  үзбей 

шұғылдана алу уақыты. 

Басқа  қатарларымен  салыстырғанда  дарынды  бала  өзін  қызықтырған 

іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта 

оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды. 

Сонымен дарындылық бұл: 

– іс-әрекет  жетістігін  қамтамасыз  ететін,  қабілеттердің  өзгеше  сапалы 

үйлесімі;

– адамның мүмкіндектірінің кеңдігін шарттайтын жалпы қабілеттер;

– ақыл-ой  потенциалы  –  логикалықты,  жалпылау  кеңдігін  анықтайтын 

интеллект;

– қандай  да  бір  іс-әрекетте  бастапқы  жоғары  деңгейді  қамтамасыз  ететн 

табиғи мәліметтер мен нышандар жиынтығы;

– таланттылық.

Дарынды балалар – өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама оза-

тын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін (музыкалық, көркемдік 

т.б.) балалар.

Психологиялық  зерттеулерде  дарынды  баланың  бірден  көзге  түсетін 

ерекшеліктеріне төмендегілерді жатқызады: 

– оның шектен тыс жоғары белсенділігі;

– физиологиялық қажеттілігінде аз ұйықтауы;

– танып-білуге деген құштарлығы;

– қолына түскен заттарды реттеп, жүйелеуі;

– қайта құрастыру арқылы жаңа нәрсені ойлап табу әрекеттерін ұнатуы;

– ерте сөйлеуі; 

– естігенін сөзбе-сөз қайталауы және тағы сол сияқты қасиеттер жатады. 

[3]. 


Дарынды  деп  өз  қатарларынан  әлдеқайда  дамыған  немесе  ерекше  бiр 

зейiні бар (музыкалық, көркемдiк, спорттық т.б. қасиеттер бар) балаларды айта-

ды; ғылыми тұрғыдан кәдiмгi сөзде оларды жиi вундеркиндтер деп те айтады. 

Дәл осындай жан-жақты дамыған вундеркинд балалар еліміздің болашығы 

екені  сөзсіз.  Сондықтан  да  дарынды,  рухани  бай,  бәсекеге  қабілетті  ұрпақты 

тәрбиелеу  –  мемлекетіміздің  басты  міндеті.  Ал  осы  дарынды  баламен  жұмыс 

жүйесіндегі басты тұлға – педагог. Дарындылықты дамыту үшін жұмысты жүйелі 

Ж.Т. ТУРСЫНБЕК, А.К. ИГИБАЕВА. 1 (69) 2016. Б. 274-279   

 

 

                ISSN 1683-1667 



278

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

түрде  ұйымдастыру,  жаңа  технология  мүмкіндіктерін  пайдалану,  өз  бетімен 

білім  алуға  жетелеу  керек.  Қазіргі  ізденімпаз  педагогтің  міндеті  –  баланың 

белсенділігін,  іскерлігін  дамыту.  Дарынды  балалар  оқу  процесі  барысында  да 

ерекше тапқырлығымен, ғылыми ізденісімен көзге түсіп отырады. 

Адамды  танып  білу,  оның  бойындағы  ерекше  қабілетті  көре  білу  –  пе-

дагог  үшін  аса  қажет.  Ол  үшін  ерінбей  еңбектеніп,  баланың  ерекше  қабілетін 

байқауда  күнделікті  сабақта,  тәрбие  жұмыстарында  баланы  үзбей  бақылап, 

бала  бойындағы  дарындылықты  немесе  жүйелі  білім  алуға  қабілетті  тұлғаны 

анықтауға  болады.  Бала  бойындағы  жаңа  қабілетті,  жаңа  қасиетті  ашуына 

жағдай жасауды қазіргі таңда педагогтен талап етіп отыр. Дарынды балалармен 

жұмыс жүргізудің барысында педагог өзі бірінші болып ізденуі тиіс. Себебі, пе-

дагог баланың дарындылығын дер кезінде байқап, оны ары қарай жетелеп әкетуі 

керек.


Бала  дарындылығын  дамытуда  педагогтің  атқартын  рөлі  өте  жоғары. 

Сондықтан  дарынды  балалармен  жұмыс  істейтін  мұғалімге  қойылатын 

педагогикалық-психологиялық  талаптар  бар.  Олар:  дарынды  балалармен 

жұмыстың  әлеуметтік  қажеттілігін  сезінуі;  дарынды  балалармен  жұмысқа 

тұрақты  қызығушылық  таныту  және  нәтижелі  әдіс-тәсілдерді  талмай  іздеуі; 

дарынды баланың ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы – жеке тұлға теори-

ясы,  оны  қалыптастырудың  әдіс-тәсілін  білуі;  дарынды  баланы  анықтаудың 

психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі; қазіргі заманға сай оқытудың жаңа тех-

нологияларын білуі; дарынды баланы оқытуы, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана 

көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі; дарын-

ды балаларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама 

құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі; бала дарындылығын дамытуға 

қажетті  зерттеу  жұмыстарын  жүзеге  асыруы;  балалармен  қарым-қатынасын 

психологиялық  тұрғыдан  сауатты  орната  білуі;  дарынды  баланы  оқытудың 

нәтижесін нақты бағалай білуі. Сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілетін, 

қызығушылын  арттыру  үшін  сабақта  көрнекі  құралдарды  кеңінен  пайдалану, 

сабақты түрлендіріп өткізу, техникалық құралдарды тиімді қолдану, ақпараттық-

коммуникативтік технологияларды қолдануы тиіс [7].

Дарынды  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуді  ұйымдастырудағы  басты 

міндет  балалардың  қабілеттері  мен  талаптарын  жан-жақты  аша  түсу  үшін 

дарындылықтың  ерекшеліктерін  анықтау  мен  айқындау  болып  табылады.  Да-

рынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ про-

цесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды ба-

ланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. 

Бүгінгі  күннің  негізгі  талабы  білімді  адамды  әлемнің  бүтіндей  бейнесін 

қабылдай  алатын,  шығармашылық  таныммен  тікелей  қатынас  жасай  алатын, 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


279

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

жаңаша ойлай алатын дарынды адамға айналдыру болып саналады. Олай бол-

са, балалардың шығармашылығын, қызығушылығын дамыта отырып, дарынды, 

ізденімпаз, тапқыр, қабілетті, зор білімді келешек тұлға дамыту әрбір мектепке 

дейінгі мекеме педагогтерінің міндеті болып табылады. 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.  ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2014 ж.

2.  Н. Назарбаев «Қазақстан-2030» бағдарламасы.

3.  Жексенбаева  Ү.Б.  Балалардың  дарындылығын  диагностикалау:  әдістемелік 

құрал / Ү.Б. Жексенбаева. – Алматы, 2005. – Б. 3-5.

4.  Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.

5.  Бала тәрбиесі. – №2. 2006. – Б. 5-10.

6.  12 жылдық білім. – №11. – 2006.

7.  Жексенбаева Ү.Б. Оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулу: әдістемелік құрал 

/ Ү.Б. Жексенбаева. – Алматы. – 2005. – Б. 13-15.

8.  Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, 2004. – Б. 15-25. 

9.  Асылбекова Ә. Бала тәрбиелеудегі семьяның рөлі.

REFERENCES

1.  QR Prezidentі N. Nazarbaevtyn Qazaqstan halqyna Zholdauy, 2014 (in Kaz).

2.  N. Nazarbaev Qazaqstan 2030 baqdarlamasy (in Kaz).

3.  Zheksenbaeva Ү.B., Balalardyn daryndylyqyn diagnostikalau Adіstemelіk qural. Al-



maty, 2005 (in Kaz).

4.  Nazarbaev N.A., Qazaqstan 2030. El Prezidentіnіn Qazaqstan halqyna zholdauy (in 



Kaz).

5.  Bala tarbiesі, 2, 2006 (in Kaz).

6.  12 zhyldyq bіlіm.11, 2006 (in Kaz).

7.  Zheksenbaeva  Ү.B.,  Oqushylardy  zertteu  zhumystaryna  baulu. Adіstemelіk  qural. 



Almaty, 2005 (in Kaz).

8.  Qojanbaev Zh.B., Qojanbaev R.M., Pedagogika, 2004 (in Kaz).

9. Asylbekova A., Bala tarbieleudegi sem’ianyn roli (in Kaz).

Ж.Т. ТУРСЫНБЕК, А.К. ИГИБАЕВА. 1 (69) 2016. Б. 274-279   



 

 

                ISSN 1683-1667 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет