Түйін сөздер: кәмелетке толмаған жасөспірім, қылмыс, мотив, алдын алу, құқық
бұзушылық, құқық.
Н.Н. НҰРМҰХАМБЕТОВА, К.Ш. КОККОЗЕВА. 1 (69) 2016. Б. 259-266
ISSN 1683-1667
260
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
КРИМИНАЛЬНАЯ МОТИВАЦИЯ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИХ
В данной статье дается определение понятию «несовершеннолетний». Описаны
факторы, которые подталкивают подростков к совершению преступлений. Предлагают-
ся различные меры их предотвращения.
Ключевые слова: несовершеннолетние, преступление, мотив, закон, правонару-
шения, профилактика.
CRIMINAL MOTIVATION MINORS
Тhis article defines the concept of «minor». The factors that push them to the crime.
Various measures of forestalling teen criminal attempt.
Keywords: minors, the crime, the motive, the law, criminal acts, рrevention.
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15
жас аралығындағы балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер
деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «дағдарыс кезеңі» т.б.
көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін
психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала
ағзасы дамудың бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы
бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең деп есептеледі. Психологияда
мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.
Жасөсіпірімдердің ерекшелігі – олардың физиологиялық, дене құры-
лысының, күшінің, жыныстық белгілерінің қатты дамып өзгеруінде. Өздерін
ересектер санатында ұстап, ересектерден соны талап етеді. Жасөспірімдердің
ересектер жолына түсуі – өте күрделі қарама-қайшылықта өтетін жағдай.
Жасөспірімдермен жүргізілетін психологиялық жұмыстардың маңызы күннен-
күнге айқындалуда [1].
Жасөспірімдік кезеңде балалардың өзіндік санасының қалыптасуы, өзіне-
өзін дәлелдеу, сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, ерік сапаларын бағалауы
жүзеге асады. Өзін идеалмен байланыстыруы, өзін-өзі тәрбиелеу, бағалауы
жүзеге асады. Жасөспірімдердік психикалық жағдайын диагностикалау мәселесі
– қазіргі кезеңде психологиялық қызметінің негізгі бағыты. Диагностикалық
жұмыс – баланың психикалық қызметі мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер
арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан туындайтын,
адам психикасының көрінісі ізденіс аумағы.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П. Бельский болды,
ол өз мінез-құлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды
қарастырады. П.П. Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен
жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық
позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И. Петражицкийдің теориясына сүйеніп,
З. Фрейд пен К. Левиннен бірталай мағлұматтар алды [5].
Жеткіншектер ортасындағы агрессивті беталыстың өсуі – біздің
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
261
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
қоғамымыздың соңғы жылдары көбейіп кеткен жастар арасындағы қылмыстық
істер, әсіресе жеткіншектер қылмысы ең күрделі де қиын әлеуметтік мәселеге
айналды. Сонымен қатар денеге зиян келтіретін тұлғаға бағытталған қылмыстық
әрекеттер санының көбею деректері де бізді алаңдатуда. Сондай-ақ жеткіншек
арасындағы жауыздық сипатқа ие топтық төбелестер жиіледі. Психологтер
кәсіби қызығушылығы кәмелетке толмаған тұлғаның өзгеру деңгейіне және
оның мінез-құлық ерекшеліктерінің сипаттау мәселесіне тұрақтанған.
А.В. Филонов қайырымсыздықтың генезисін зерттей келе, мынандай
қорытынды шығарды: яғни жасөспірімдердің қайырымсыздық әрекеті көп
жағдайларда 11-16 жас аралығында тым қатты байқалады. Психологтердің
ойынша бұндай қайырымсыздықтың, мейірімсіздіктің көрінуі көп жағдайда
баланың ересектермен өзара қарым-қатынасындағы қайырымсыздықтан,
әсіресе ата анасымен қарым-қатынасында туындайды. Тұлғаның балалық
шақта дұрыс дамымауына көптеген ғалымдар көңіл бөлген. Әсіресе, Б. Холыст,
Н.Ф. Кузнецова. Кузнецованың айтуы бойынша, ерте балалық шақтағы қарым-
қатынас патологиясы аяғында бұзақылықты және күштеу мотивациясын ескертуі
мүмкін.
Қылмысқа барған жасөспірімнің мотивационді-қажеттілік сферасында
терең қозғалыстар байқалады, олардың әрекеттері төменгі импульсивті
нұсқаулық деңгейде жүреді. Мұндай әрекеттің мотивациясы жасырын болып,
«мотивсіз» қылмыс деген жалған көрініс береді. Ал олардың қажеттіліктері бір
жақтылығы мен шектеушілікпен, әлеуметтік жағымды қажеттілік түрлерінің
дамымай қалғандығымен, төменгі деңгейдегі қажеттіліктердің гипертрофиялық
болуымен ерекшеленеді.
Жалпы интеллектуалды дамудың жеткіліксіздігі, алдын ала бейнелеудің
қалыптаспағандығы, өзіндік рефлексияның төмен болуы – қылмыскер
жасөспірімдердің негізгі айрықша ерекшелігі. Қылмыс жасаған жасөспірімнің
жүріс-тұрыс механизмдерін түсіну үшін «тұлғаның типі» деген ұғымды да
қарастыру керек. Тұлғалық тип дегеніміз – бағыттылық, жүріс-тұрыстың жалпы
әдістерімен сипатталынатын құндылық бағдар [2].
Жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуы зерттеушілердің
көңілін алаңдатып отыр. Бұл қылмыстың таралуының себептерін анықтау
мақсатында арнайы зерттеу жұмысын жүргізуге итермеледі. Негізгі себептерін
үлкен үш топқа бөлуге болады:
– социологиялық фактор: қоғам және мәдениет құрылымдарына байла-
нысты;
– п сихологиялық фактор бойынша: белгілі адамның мінезінің ерекшелігі-
мен қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты;
– физикалық және органикалық элементтерінің әсерінен биологиялық
Н.Н. НҰРМҰХАМБЕТОВА, К.Ш. КОККОЗЕВА. 1 (69) 2016. Б. 259-266
ISSN 1683-1667
262
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
фактор.
Социологиялық-әлеуметтік фактордың ішінде, зерттеу нәтижесінде, келесі
себептер көп кездескен:
– төменгі экономикалық-қоғамдық статус;
– мәдениеттегі зорлық және бұқаралық ақпарат құралдары;
– алкоголь және наркотикалық заттар;
– құрдастарының әсері;
– отбасындағы психологиялық және атмосфералық жағдай.
А.Е. Личконың айтуы бойынша, әрбір құқық бұзушының мотивтері де
әртүрлі болып келеді. Мысалы, гипертимді жасөспірімдердің ұрлыққа түсуі
өзінің жолдастарына өзінің мықтылығын көрсету, дәлелдеу болып табылады.
Көбінесе жасөспірімдердің қылмысты істеуі топ қылмысының арқасында
жүзеге асады, яғни жолдастарын қолдаудан соқыр талпыныс сияқты мотивпен
топ ішінде «авторитетке» иемдену. Криминогенді топтың тұрақтылығы белгілі
жасөспірімдердің қылмысты істеуімен қамтамасыз етіледі. Жасөспірімдердің
қылмыстық мінезінің негізінде көптеген мотивтер жатыр, олардың ішінде
бірінші орында өзін таныту мотиві және топтың ішіндегі бірінші орынға талпыну
және т.б. Криминогенді топ спецификалық психологиялық механизмдер арқылы
өздерінің мүшелеріне жан-жақты әсерін тигізеді:
1 Криминогенді топ қылмыстық әрекеттің негізінде жатқан бағдарлардың
және көзқарастардың қалыптасуының базасы болып табылады. Психологиялық
механизмімен топ өзінің мүшесіне қылық көрсетсе, ол конформизм деп аталады.
Бұндай топтардың қаншалықты антиәлеуметтік бағыты көрінетін болса, онда
конформизм соншалықты қатты болып келеді.
2 Криминогенді топпен жасөспірімдердің идентификациясы қылмысты
орындаудағы кедергілерге деген ішкі мотивтерінің әлсізденуіне әкеп соғады.
Бұл құбылыстың негізінде психологиялық қорғаныс механизмдері жатыр.
Әсіресе сынның негізінде орындалған және орындалатын қылмыстық істің
жауапкершілігінен іштей босатылады.
3 Криминогенді топ өзінің мүшелеріне қылмыстық әрекеттің психология-
лық механизміне конформизм сияқты еліктеу қосылады. Жасөспірімдердің
еліктеу әрекеті олардың жас ерекшеліктерімен анықталады.
Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша криминогенді топтың бір
мүшесі қалғандардың көзінше қылмысты орындайды. Содан кейін құрбы-
құрдастарымен әңгіме барысында қылмыстық әретіне мақтанып, олардан
қолдау алады. Жасөспірімдер істеген күштеу, золау қылмыстарына: бұзақылық,
өлтірушілік, денеге ауыр зардаптар түсіру, зорлау жатады. 1995 жылдың аяғында
жасөспірімдердің қылмыстық құрылымы: қастықпен әдейі өлтіруі – 0,6%, ауыр
дене зардаптары – 0,9%, зорлау – 0,8%, бұзақылық – 7,5% құраған [3].
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
263
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
Сонымен, көріп отырғанымыздай, жасөспірімдердің қылмыстық
ісі көбінесе бұзақылық әрекетінде жиі байқалады. Сондықтан да ауыр
дене зардаптары және өлтірулер негізінде бұзақылық мотивтері жатыр.
Криминологиялық зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, қылмыстық істің
негізінде жасөспірімдердің өзін таныту қажеттілігі басым болып келеді. Өзін
таныту қажеттілігі әрбір адамған тән, бірақ бұл жасөспірімдік кезеңде анық
көрінеді. Жасөспірімдердің күштеу мотивациясы жоғары эмоциялық және
ситуативтілікпен сипатталады. Жеткіншектердің күштеу әрекет-қылығы
қайырымсыздықпен байланысты болып келеді.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің тұлғалық типологиясында негізгі үш
нәрсені қарастыру керек:
– қылмыскер жасөспірімнің жалпы түрі;
– белгілі категорияның қылмыскер тұлғасы;
– белгілі түрдің қылмыскер тұлғасы.
Бұл градациялар бір-бірімен жалпы, ерекше, біркелкі деп сәйкестенеді.
Тұлғаның әлеуметтік негізі болып оның бағыты, өмірлік қатынастардың
жүйелері, мотивациялық-құндылық бағдары болса, онда осы негіз қылмыскер
жасөспірімнің типін анықтауы керек. Қылмыскер жасөспірімнің типтік критерийі,
яғни ассоциалды, антиәлеуметтік деформация мөлшері, өзіндік психологиялық
реттеу кемшілігі оның қоғамдық қауіпсіздік дәрежесі болып табылады.
Осы критерий бойынша қылмыскер жасөспірімнің үш түрін бөліп
шығаруға болады:
– антиәлеуметтік жасөспірім;
– ассоциалды жасөспірім;
– психологиялық өзіндік реттеудің кемшілігімен сипатталынатын қылмыс-
кер жасөспірім [4].
Жалпы әрекет қылмыс жасаған адамның субъективті жақтарын толық
ашпайды. Заңды белгі бойынша ұсақ әрекеттер әртүрлі психологиялық
факторлармен
негізделеді.
Қылмыскер
жасөспірімнің
криминалды-
психологиялық классификациясының негізінде басыңқы позициялар: итер-
мелеуші күші, мотивтері, қалыпты мақсаттары, қылмыс жасаудың амалдары,
тұлғаның десоциолизация өлшемі, антиәлеуметтік бағдардың сипаты жатыр.
Жасөспірім қылмысының сипаты келесі белгілер жиынтығымен анық-
талынады:
– қылмыстың түрімен – объект, қылмыстық салдардың ауырлық
сипаттылығымен;
– айыптау формасы, қылмыстың мақсаты мен мотиві;
– қылмыс жасаудың амалы немесе әдісі;
– қылмыс жасаудың жағдайымен;
Н.Н. НҰРМҰХАМБЕТОВА, К.Ш. КОККОЗЕВА. 1 (69) 2016. Б. 259-266
ISSN 1683-1667
264
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
– жұмсарту жағдайының бар болуы;
– қылмысқа жасөспірімнің қатынасы, жасалынған қылмыстан кейінгі
жүріс-тұрысы.
Жасөспірімдердің жағымсыз жат әрекеттерімен күресудің бірден-бір
жолы ретінде, жастармен профилактикалық алдын алу жұмысын жүргізудің
мақсаты табысты әлеуметтенуге жағдай жасау мен адамдарда қабілететтілік,
жауапкершшіліктік қасиеттерін қалыптастыру процесіне көмек ету болып
табылады.
Профилактика – жасөспірімдерді тәрбиелеудің жалпы процесінін кұрама
бөлігі, қылмыспен күрестегі басты бағыт, «өз ішіне медициналық педагогикалық
аспектіні алатын басты әлеуметтік мәселе». Құқық бұзу профилактикасы,
қылмыс туралы алдын ала ескерту немесе басқа да ассоциалды құбылыстар
жайлы ескерту мақсатында қоғамға қарсы өмір салтын жүргізіп жатқан жеке
адамдарға жүйелік түрде іске асатын, мақсатты бағытталған әсерді болжайды.
Бүгінгі таңда елімізде 17000-нан астам жасөспірім қылмыстық есепте тұр.
Аз көрсеткіш емес. Дегенмен тәртіп сақшылары: «Жеткіншектер арасындағы
қылмыс көрсеткіші жыл өткен сайын азайып келеді», – деп «алақайлауда».
Мамандардың алға тартқан статистикасына көз жүгіртер болсақ, 2004 жылы 6500-
дей жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылса, былтырғы көрсеткіш 4,5
мыңнан аспапты. Мамандар: «Білім басқармалары мен Ішкі істер министрлігінің,
қоғамдық ұйымдар мен қоғамдық институттардың бірлесе отырып жасөспірімдер
қылмысының алдын алу мақсатындағы атқарған іс-шараларының арқасында
жыл сайынғы жасөспірімдердің қылмыс жасау деңгейін 6,7%-ға төмен түсіру
мүмкін болып отыр», – дейді.
Келеңсіз жағдайлардың ата-ананың баласына жеткілікті көңіл бөлмеуі
және отбасындағы белгілі бір проблемалық мәселенің оң шешімін таппауы
салдарынан үйдегі моральдық-психологиялық тұрғыдағы кері ахуалдың
қалыптасуынан болып отырғандығы болуы мүмкін. Ата-анасының тікелей
қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбей өскен балада қоршаған орта мен
ұжымға деген қалыптаспаған, дұрыс бағытталмаған кері негативті көзқарастың
қалыптасатыны және де бала тарапынан берілген кез келген сұраныстың қандай
мақсатта жұмасалатыны сұралмай қанағаттандырылуы жасөспірім бойындағы
жалқаулықтың, өмірлік құндылықтарды бағалай білмейтін өзімшілдіктің
қалыптасуына әкеліп соғып, ұстаз бен оқушы арасындағы кикілжіңнің білім
мекемелері мен уәкілетті органдар арасындағы түсініспеушіліктің туындауына
әкеліп соқтырады.
Жасөспірімді қоғам жағынан қадағалау қажет. Отбасы жасөспірімдік
қылмыстың алдын алуға мүмкіндік беретінін естен шығармау қажет. Себебі,
көбінде жанұя қоғамдық қадағалауды жүзеге асырады. Қадағалаудың екі түрі
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
265
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
бар. Біріншісі – тікелей қадағалау, бұл сыртқы болып табылады, оған шектеулер
және жазалаулар жатады. Ата-аналары баланың уақытында сабақтан келуін,
жолдастарымен қарым-қатынасқа түсетін кіші топтарды қадағалап, тексеруі
жатады. Сонымен қоса уақытында баланы жазалап, көмектеседі. Екінші түрі –
көмекші қадағалау, бұл – сыйластық және махаббат. Жасөспірім ата-анасына және
басқа да адамдарға осы сезімдерді сезінеді. Олардың тәрбиесі мен іс-әрекетін
махаббат басқарады. Ата-анасына және басқа адамдарға махаббат, сыйластықпен
қараған бала көп жағдайда қылмысқа бармайды. Себебі, жасөспірімдерге үміт
артып, сенетін адамдарды ренжітіп, көңілін қалдырғысы келмейді.
Жоғарыда аталған мәселелерге көңіл бөле отырып, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы мен әлемнің жетекші елдерiнiң тәжiрибелерiн негізге ала отырып,
балаларға қарым-қатынас қоғамның әлеуметтік жетiлуiнiң көрсеткiшi болып та-
былады деп айтуға болады.
Бүгінгі таңда әрбір жас адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін, адамға
берілген мүмкіндіктерді толық пайдалана алу үшін әрбір адамның психикалық
даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған орай мектептегі мінез-құлқында
қиындығы бар оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Үлкендер балалар-
мен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтындықтан, ата-аналардың тәжірибесінің
жетіспеуінен балада елестетудің, қиялдау процестерінің жеткіліксіз дамуынан
мінез-құлқының қалыптасуында қиындықтар пайда болады.
Адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып қалыптасуына отбасылық
ықпалдық алар орны ерекше екендігі ежелден мәлім қағида. Отбасының рухани
тірегі – ата-ана. Өкінішке орай, кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтар мен
бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге
бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсету ой-өрісі,
шамалары жетпейтін ата-аналар да кездесіп қалары сөзсіз.
Мектепке балалалар көбінесе отбасынан мінез-құлқы қалыптасып келеді
де, бұдан кейінгі оқу-тәрбие ісі оларға ата-анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін
бағытталады. Міне, осы орайда оқушылардың бойындағы жағымды қасиеттерді
оятып, жағымсыз мінез-әдеттерді жою талабы психологиялық, педагогикалық іс-
әрекеттердің тиімділіктеріне байланысты. Ұстаз мамандардың балалармен тиімді
қарым-қатынаста болуы, әсіресе мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларға
ерекше көңіл бөлуі қажет деп ойлаймыз.
Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, тәрбиеленуі қиын балалардың
әрқайсысына әртүрлі қатынас жасау, оларды жеке-жеке бақылап, әрқайсысына
арнап жасалған жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Тәрбиесі «қиын»
жеткіншектерді тәрбиелеу – білгірлігі мол факторлы құбылыс, оны іс жүзіне
асыруда ата-анаға көмектесу, психологиялық жағынан бақылау педагогтер мен
психологтерге, заң қызметкерлеріне жүктеледі.
Кәмелетке толмағандармен және әлеуметтік-педагогикалық процеске
Н.Н. НҰРМҰХАМБЕТОВА, К.Ш. КОККОЗЕВА. 1 (69) 2016. Б. 259-266
ISSN 1683-1667
266
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
қатысушылармен жаңа материалдық-техникалық база негізіндегі әлеуметтік
серіктестік пен құқық бұзушылықтың алдын алу тиімділігін жетілдіру жөнінде
іс-шаралар кешені өткізілетін болуы тиіс.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Ахметжанова Н. «Қиын» балалар қылығының қыры / Н. Ахметжанова // Ұлағат.
– 2000. – №2. – Б. 10-15.
2. Иляшева Р.Г. Алкоголизм родителей и здоровье детей / Р.Г. Иляшева. – Алматы,
1987. – Б. 39-42.
3. Парманқұлова Ш. «Қиын бала» және отбасы тәрбиесі / Ш. Парманқұлова //
2006. – №20 мамыр. – Б. 6-10.
REFERENCES
1. Ahmetzhanova N., Kiyn balalar kiliginyn kiry, Ulagat, 2000, 2, 10, 15 (in Kaz).
2. Ilyasheva R.G., Alcogolizm roditelei i zdorov’e detei. Almaty, 1987, 39, 42 (in Russ).
3. Parmankulova Sh., Kiyn bala jane otbasy tarbiesi, 2006, 20 mamyr. 6, 10 (in Kaz).
ӘОЖ 316.6 (574)
А.С. СЕРИКБЕКОВА, К.Ш. КОККОЗЕВА
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,
Өскемен қ., Қазақстан
ҚАРТ АДАМДАРҒА ҮЙДЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
Мақалада қарт адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметінің қазақстандық
және шетелдік тәжірибесі қарастырылып, қызмет көрсету ерекшеліктері салыстырылған.
Қарт адамдардың өмір қызметінің шектелуі ең өткір мәселе болып табылады. Мақалада
баяндалған қарт адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметінің шетелдік
тәжірибесі қазақстандық тәжірибені сапалы етуге мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: қарттық, әлеуметтік қызмет, әлеуметтік қамсыздандыру, шетелдік
тәжірибе, психологиялық қажеттіліктер.
КАЗАХСТАНСКАЯ И ЗАРУБЕЖНАЯ ПРАКТИКА СОЦИАЛЬНОЙ ПОМОЩИ
НА ДОМУ ПОЖИЛЫМ ЛЮДЯМ
В статье рассматривается казахстанская и зарубежная практика социальной
помощи на дому пожилым людям и сравнены особенности оказания услуг. Ограниче-
ние жизненной функции пожилых является острой проблемой. Изложенная в статье
зарубежная практика социальной помощи на дому пожилым людям даст возможность
улучшить качество казахстанской практики.
Ключевые слова: старость, социальные услуги, социальное обеспечение,
зарубежная практика, психологические потребности.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
267
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
KAZAKHSTAN AND FOREIGN PRACTICE OF SOCIAL ASSISTANCE
AT HOME ELDERLY
The article deals with Kazakhstan and foreign practice of social care home for older
people and compared features of the provision of services. Limitation of vital functions of the
elderly is a serious problem. Foreign practice of social care home for older people in article
will improve the quality of practice of Kazakhstan.
Keywords: old age, social services, social security, foreign practice, psychological
needs.
Жалпы қазақ – табиғатынан үлкенді қадір тұтып, құрметтеген халық.
Сондықтан да қазақ қоғамында қарияларға деген қамқорлық қашан да ерекше
болған. Бүгінде елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып,
мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.
Әрбір азаматтың қартайған кезіндегі өмірін лайықты ету – мемлекетіміздің
әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі.
Қарт адамдардың өмір қызметінің шектелуі ең өткір мәселе болып
табылады. Өмір қызметінің шектелуі барысында адамда өзіне қызмет көрсету
мүмкіндігінің, қимыл-қозғалысының, қарым-қатынасының, өз мінез-құлқына
бақылау жасауының, сондай-ақ еңбек қызметімен айналысу мүмкіндігінің
болмайтындығы байқалады.
Қарт адамның орны мен рөліне, қарттарға қатысты Біріккен Ұлттар
Ұйымының концептуалды көзқарастары қағидаларында көрсетілген. Бұл
принцип 1991 жылы Бас Ассамблеямен қабылданған. Осы принциптер бойынша
қарт азаматтарды:
– азық-түлікпен, үймен, киіммен және медициналық қызметпен; өздеріне
қатысты саясатқа қатысу мүмкіндігін және өз қозғалыстар мен ассоциацияла-
рын құру;
– отбасы және қоғам жағынан күтім және қорғау, өзінің физиологиялық,
психологиялық және эмоционалдық күйін сақтауға медициналық қызмет
көрсету; әлеуметтік және құқықтық көмек алу мүмкіндігін; бүкіл әлеуметтік
мекемелерде адамдар құқықтарын және негізгі бостандықтарын қолдануға
мүмкіндік;
– өзінің потенциалын жан-жақты орындауға, яғни білім, мәдениет, рухани
өмір және демалыс сияқты қоғамдық құндылықтарды орындау мүмкіндігі;
– жеткілікті және қауіпсіз өмір тұрпатын өткізуге, яғни ешқандай да
эксплуатацияға, физиологиялық және психологиялық зорлыққа ұшырамау,
сонымен қатар жасына, жынысына, нәсіліне, мүгедектігіне және басқа да
статустарына қарамастан, әділетті қатынасқа мүмкіндігін қамтамасыз етуді
қарастырған.
Қарттық шақтағы адамдар әлемдік бірлестіктерде позитивті фактор ретін-
А.С. СЕРИКБЕКОВА, К.Ш. КОККОЗЕВА. 1 (69) 2016. Б. 266-273
ISSN 1683-1667
268
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
де қарастырады. Егер қарт адамдар өздерін қорғауда белсенді және пайдалы
рөл ойнаса, кіші ұрпақ өздерін келешекте не күтіп тұрғанын көре алады.
Қазақстан Республикасында қарттарға күтім жасаудың негізгі 2 үлгісі бар:
үйде және әлеуметтік мекемелерде көмек көрсету [1].
Қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметінің басты мақсаттары –
қызмет алушыға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-
экономикалық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеумет-
тік-мәдени және әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетуде қажетті жағдай жасау.
Заңнама бойынша асырап-бағуға және қамқорлығына алуға міндетті жақын
кәмелетке толған еңбекке қабілетті туған-туысқандары жоқ, сондай-ақ объективті
себептермен тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын (жасы келуіне,
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психикалық ауру
болуына, бас бостандығынан айыру орындарында жатуына, елден тыс жерге
тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына байланысты) жақын
туған-туысқандары бар адамдар үйде қызмет көрсетуге қабылданады [2].
Әлеуметтік қызметкерлердің штат санының нормативтері ҚР СТ 1457-
2005 анықталған, қалалық жерлерде 1 әлеуметтік жұмыскерге 8-10 қарт адам
бекітілсе, ауылдық жерлерде 4-6 адамнан келеді [3].
Үйде әлеуметтік қызмет көрсету отбасында жалғыз қалған, еңбекке
жарамсыз қарт азаматтардың мұқтаждығын, көмектің түрлерін айқындау
мақсатында тексеріс жүргізеді және көрсетілген қызмет түрлерін анықтап,
шарт жасайды. Бөгде адамдардың көмегіне мұқтаж қарттарды денсаулық сақтау
мекемелерімен бірге анықтайды. Жалғыз басты қарт адамдарға медициналық,
сауда-саттық, коммуналдық, шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету
мекемелерінен қажетті медициналық, әлеуметтік-тұрмыстық көмек түрлерін
ұйымдастырады. Үнемі әлеуметтік қызмет сапасын анықтап және олардан қызмет
алушы отбасында жалғыз басты қарт азаматтарға көрсетілген сұраныстарының
сәйкестігін бақылайды.
Қазақстанда қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметінің мынандай
негізгі түрлері бар:
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер:
– денсаулық жағдайы бойынша, оның iшiнде төсектен тұру, төсекке жату,
киiну және шешiну, жуыну, тамақ iшу, сусын iшу, дәретхананы немесе дәрет
ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тiсiн немесе жағын күту, көзілдіріктi немесе
есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кiсiлерге сақал-мұртын алу сияқты
күнделiктi рәсiмдердi орындауға қабiлетсiз қызмет алушыларға жеке қызмет
көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтер;
– қызмет алушылардың отбасы мүшелерiне жеке қызмет көрсетушiнiң
және гигиеналық-санитарлық сипаттағы практикалық дағдыларды үйрету;
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
269
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
– хат жазу және оқуға жәрдемдесу;
– азық-түлікті үйге жеткізіп беру;
– тағам әзірлеп беру немесе әзірлеуге көмектесу;
– алғашқы қажеттіліктегі өндірістік тауарларды сатып алу және үйге
жеткізіп беру;
– коммуналдық қызметтерді, өзге де ақшалай төлемдерді төлеуге
жәрдемдесу;
– дiни жораларды ұйымдастыру (қайтыс болған қарттардың жерлеу
рәсімі қайтыс болған қызмет алушының дiни нанымын ескере отырып жүзеге
асырылады);
– үй жинау және т.б.
Әлеуметтік-медициналық қызметтер:
– медико-әлеуметтік сараптамадан өтуге көмектесу;
– қызмет алушылар ауруханаға түскен жағдайда оларға барып тұру;
– денсаулық жағдайын бақылау (дене температурасын, артериялық
қысымды және тағы басқасын өлшеу);
– қарттарды дәрігерлер тағайындаған емдік заттармен қамтамасыз ету;
– тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға жәрдемдесу;
– қызмет алушыларға техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдарды
және мiндеттi гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;
– емдiк-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету.
Әлеуметтік-психологиялық қызметтер:
– психологиялық көмек көрсету, яғни әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау,
жігерлендіру, белсенділікке мотивациялау, қызмет алушылардың өмірлік
тонустарын психологиялық сүйемелдеу;
– психологиялық диагностика және жеке тұлғаны тексеру;
– әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
– жайлы психологиялық климат қалыптастыру.
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:
– кітаптар, журналдар, газеттермен қамсыздандыру;
– тұрмыстық бағдарлану негiздерiне үйрету көрнекi және тиiмдi болып
табылады, оның нәтижесiнде қызмет алушылар тамақ пiсiру, киiм жөндеу, тұрғын
жайды күту, аумақты жинау және жабдықтау сияқты тұрмыстық рәсiмдердi
толық көлемде игередi.
Әлеуметтік-экономикалық қызметтер:
– ҚР заңнамасына сай қызмет алушылардың өздеріне тиесілі жеңілдіктер,
жәрдемақы, өтемақы, алименттер және тағы да басқа төлемдерді алуларына
жағдай жасау.
Әлеуметтік-құқықтық қызметтер:
А.С. СЕРИКБЕКОВА, К.Ш. КОККОЗЕВА. 1 (69) 2016. Б. 266-273
ISSN 1683-1667
270
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
– құжаттарды рәсімдеуге көмектесу;
– зейнетақымен қамсыздандырумен байланысты сұрақтарды шешуге қол
ұшын беру;
– стационарлық мекемелерге бағыттау.
Әлеуметтік-мәдени қызметтер:
– мерекелер мен тынығу iс-шараларын ұйымдастыру;
– клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
– қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға (экс-
курсиялар ұйымдастыру, театр, көрме, концерттерге бару) қатысуға тарту жата-
ды.
Тізбеден көрініп отырғандай, әлеуметтік жұмыскерлер бастапқы,
физиологиялық сипаттағы өмірлік қажеттіліктерді қанағатандыруға қызмет
көрсетеді, психоәлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсынуға тырысады.
Әлеуметтік жұмыскерлер қамқорлығына алған адамдарға кесте бойынша
келеді. Кесте қарттар мен мүгедектердің тілектері ескеріліп жасалады. Оны
меңгеуші бекітеді. Әлеуметтік қызметкердің функционалдық міндеттері
қызметтік нұсқаулықта көрсетілген.
Шетелдік тәжірибеге тоқталатын болсақ, Швецияда қарт адамдардың
әлеуметтік құқықтарын қорғау 1982 жылы қабылданған «Әлеуметтік қамтамасыз
ету туралы» заңында көрініс тапқан. Қарт адамның әлеуметтік көмектерді алуы
негізгі бес қағидаға сүйеніп жүзеге асырылады:
Нормалау қағидасы. Әр азамат нормаға сай қоршаған орта жағдайларында
еңбек етуге және өмір сүруге құқылы.
Адами қажеттіліктердің жаһандылық қағидасы. Адамға қажетті
игіліктердің барлығы назарға алынуы керек.
Өз-өзін анықтау қағидасы. Адамды тұлға ретінде құрметтеу мен жеке ба-
сына қол сұқпау.
Қатысу қағидасы. Егде жастағы адамдар да өздеріне жауапкершілік алып
өздерін бір нәрсеге болса да қажетті екендіктерін сезінгісі келеді.
Ынталандыру қағидасы. Егде жастағыларға олардың мүмкіншіліктеріне
сәйкес тапсырмалар жүктелуі керек [4].
Қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметін коммуналар жүзеге
асырады.
Ұлыбританияның қарттарға қатысты әлеуметтік саясаты үйде тұру
шарттарында толыққанды жағдай қалыптастыруға бағдарланған. Оның басты
себептерінің бірі – интернаттық мекемелер желісінің толық дамымағандығы.
Қарттарға үйде көрсетілетін әлеуметтік және медициналық көмек мемлекеттегі
бүкіл әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың маңызды элементі ретінде
қарастырылады. Мемлекет денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
271
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
министрліктері арқылы қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
Үй шаруашылығын жүргізу қиыншылықтарын «үйде көмек көрсету»
қызметкерлерінің келіп-кетуі жеңілдетеді. Мұнда тұрғылықты жері бойынша
денсаулық сақтау органдарының қызметтері де кіреді: мысалы, учаскелік
мейірбикенің қарт адамға жуынуға көмектесуі, екпе жасау және т.б. Әлеуметтік
жұмыскерлер азық-түлік әкеліп беруге, бақшаға күтім жасауға жәрдемдеседі.
Жалғызбасты қарттарға әлеуметтік көмек көрсетудің белгілі түрлерінің біріне
«әлеуметтік клубтар» мен «әлеуметтік дәмханаларды» жатқызуға болады.
«Қозғалмалы асханалар» қарттардың үйіне қымбат емес түскі ас апарып берумен
айналысады. Қарттармен әңгімелесу, оларға моральдік-психологиялық қолдау
көрсету мақсатында олардың үйіне бару мәселесіне де көп мән беріледі.
Қарттарға үйде көмек көрсету қызметі бөлімшелер арқылы іске асырылады.
Қарттарға күтім көрсететін күндізгі немесе түнгі күтушілердің кезекшілігі үйде
көрсетілетін қызметтердің кең тараған түрлерінің бірі болып табылады.
Францияда қарттарға үйде көмек көрсетудің негізгі екі түрі кең таралған:
«үй көмекшілерінің» қызметтері және қарттарға үйде мейірбикелік күтім жасау.
«Үй көмекшілерінің» қызметі 50 жылдардың ортасында қалыптасты. Олар
азық-түлік сатып алу, ас әзірлеу, тұрғын үйге күтім жасауды өздігінен жүзеге
асырудан қиыншылық көретін қарттарға әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы
қызметтер көрсетуге бағытталған және мемлекеттік сақтандыру жүйесі немесе
жеке меншік сақтандыру компанияларының есебінен қаржыландырылады.
Өз-өзіне қызмет ету мүмкіншілігін жоғалтқан қарттарға «мейірбикелік
күтім» қызметі тағайындалады. Олар дәрігерге дейінгі көмек пен гигиеналық
сипаттағы қызметтерді көрсетеді.
Стационарлық медициналық мекемелерден шығарылған қарттарға
«үй госпиталі» ұйымдастырылуы мүмкін. Мұндай азаматтарға дәрігерлер,
мейірбикелер әлеуметтік жұмыскерлермен бірлесе отырып қызмет көрсетеді.
Финляндияның әлеуметтік қамсыздандыру саласында жоспарлаудың
орталықтанған жүйесі әрекет етеді. Өз-өзіне қарау мүмкіншілігі сақталған
қарттарға пәтерді жинауда көмек көрсетіледі, ал үйден мүлдем шыға алмайтын
азаматтарға азық-түлікпен қамтамасыз ету, тағам даярлау, санитарлық-
гигиеналық қызметтер көрсетіледі.
Үйде көмек көрсету әрекетімен алдын ала арнайы даярлықтан өткен 13
мыңнан астам әлеуметтік жұмыскерлер айналысады. Үйге түскі ас индивидуалды
термостарда жеткізіледі.
Германияда қарттарға әлеуметтік қызмет көрсетуде ерікті ұйымдар, бірінші
кезекте, шіркеулік қайырымдылық одақтар мен Неміс Қызыл Кресті маңызды
рөл ойнайды.
Үйде көмек көрсету қызметтері соңғы жылдары мамандар тобының немесе
А.С. СЕРИКБЕКОВА, К.Ш. КОККОЗЕВА. 1 (69) 2016. Б. 266-273
ISSN 1683-1667
272
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
пәнаралық топтың жұмыс әдісімен бекітілді.
АҚШ-та үйдегі кәсіби көмек қызметтерін сертификатталған жеке
меншік немесе коммерциялық емес Үйдегі көмек агенттігі көрсетеді. Олардың
қызметтерін қаржыландыруды екі федералдық бағдарламалар – Medicare пен
Medicaid жүзеге асырады. Агенттік білікті күтім, физиотерапия, сөздік және
еңбек терапиясы, әлеуметтік жұмыскерлердің, психологтердің, диетологтердің
және т.б кеңес беруімен қатар медициналық және оңалту бағдарламаларын іске
асырады.
L.W. Kaye үйде көмек көрсету жұмысын атқаратын пәнаралық топқа
бағытталған талаптарды тұжырымдады:
– профессионалдарды интеграциялау мен координациялау;
– кәсіби терминдерді қолдану кезінде коммуникациялық баръерлерді жеңу;
– ұжымның әлеуметтік-экономикалық және мәдени айырмашылықтарын
жеңу;
– ұжымда «медиатор» мен «модераторды», лидерді анықтау;
– кәсіби дағдыларды мойындау мен құрметтеу;
– кәсіби иерархия мәселесін ескеру;
– топ
мүшелерінің
қызығушылығын
ескеру
мен
біліктілік
айырмашылықтарын құрметтеу.
Үйде көмек көрсету жүйесіндегі топ жұмысының тәжірибесі қайшылықтар,
бәсекелестік пен әлсіз координация тәуекелімен байланысты. R.W. Buckingham
пікірінше, үйдегі көмек көрсетуді дамыту күтім үйлері мен басқа да баламалы
институттарды қолдануды азайтумен байланыстырылады. АҚШ-та қарттарға
үйде қызмет көрсету көрсетілетін көмек түрлерінің көптігімен сипатталады:
түскі аспен қамту, шомылдыру, жайманы ауыстыру, педикюр жасау, шаш қию, кір
жуу, заттарды тазалау, автокөлікпен қамтамасыз ету, емдік гимнастика. Сонымен
қатар пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, уақытша қолданысқа телефон ұсыну,
мәдени іс-шаралар, бос уақыт пен ойын-сауықты ұйымдастыру қызметтерін де
айта кеткен жөн [5].
Ұзақ мерзімдік көмектің аса маңызды компоненті – үйдегі көмек, қауым
деңгейіндегі көмек. D. Horowitz, D. Shilling үйдегі көмекті қарт адамдардың
қажеттілігін қанағаттандырып, олардың үйде қалуына мүмкіндік беретін
медициналық, әлеуметтік, тәжірибелік қызметтердің жіктемесі ретінде
анықтайды. Үйде көрсетілетін тиімді сауықтыру медицинасы қарттарды
госпиталдау мен институализация қажеттілігін айтарлықтай төмендетуге
қабілетті. G.M. Tapper, M. Popovich мәліметтері бойынша үйде көмек көрсету
қызметтері – бұл науқастанудың немесе зақымданулардың жоғарғы тәуекелі бар,
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
273
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
функциясы бұзылған, терминалды науқастарға және кәсіби қызметкерлердің
қысқа және ұзақ мерзімдік көмегін қажетсінетін барлық пациенттерге үйге
келу арқылы кәсіби көмек көрсету. Үйде көмек көрсету қызметтерінің түрлері:
үйге персоналдың келуі; үйдегі инфузиондық терапия; үйге медициналық
қондырғыларды әкелу; хоспис; патронаждық қызметкерлер қызметі.
Авторлардың пікірінше, үйде көмек көрсету қызметінің базалық
компоненттері: пациент, персонал, қызметтер ақысының экономикалық тетігі
және соңғы нәтиже (J. Mehlman, S.J. Youngner).
Жоғары дамыған индустриалды мемлекет ретінде Жапонияда халықтың
орташа өмір сүру ұзақтығы ерлер үшін – 74,3, әйелдер үшін 79,8 жасты
құрайды. Демографиялық жағдайдың өзгерісі қарттарға әлеуметтік қызмет
көрсету жүйесінің жақсаруына алып келді. Жаңа жүйе 1983 жылы енгізілді. Бұл
қартаюшы қоғамға қызмет көрсету мәселелерін шешудің алғашқы кезеңі болып
табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2008
жылғы 29 желтоқсандағы №114-IV Заңы.
2.
Закон РК от 21 июня 1991г. №692-ХІІ О социальной защищенности пожилых в
РК. ЭБД «Юрист», 2007.
3.
Қазақстан Республикасының СТ ҚР 1457-2005 Мемлекеттік стандарты мен
Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгі ережесі.
4. Корнюшина Р.В. Зарубежный опыт социальной работы: учебное пособие /
Р.В. Корнюшина. – Владивосток: ТИДОТ ДВГУ, 2004.
5. Филд Д. Социальные связи в старости: Результаты Боннского и Берлинско-
го лонгитюдных исследований; Психология старости и старения: Хрестоматия; cост.
О.В. Краснова, А.Г. Лидерс. – М.: Академия, 2003. – С. 218-229.
REFERENCES
1. Arnauly aleumettik qyzmetter turaly Kazakhstan Respublikasynyn 2008 jilgy 29 jel-
toqsandagy 114 IV Zany (in Kaz).
2. Zakon RK ot 21 iyunya 1991, 692 XII O socialnoy zashishennosti pojilyh v RK. EBD
IYRIST, 2007 (in Russ).
3. Kazakhstan Respublicasynyn ST QR 1457, 2005 Memlekettik standarty men Uide
aleumettik qyzmet korsetudin ulgi erejesi (in Kaz).
4. Kornyushina R.B., Zarubezhnyi opyt socialnoy raboty. Uchebnoe posobie,
Vladivostok. TIDOT DVGU, 2004 (in Russ).
5. Fild D., Socialnye svyazi v starosti. Rezultaty Bonnskogo i Berlinskogo longitiudnyh
issledovaniy. Pshichologya starosti i stareniya. Hrestomatiya. sost. O.V. Krasnova, A.G. Lid-
ers. M., Academiya, 2003, 218, 229 (in Russ).
А.С. СЕРИКБЕКОВА, К.Ш. КОККОЗЕВА. 1 (69) 2016. Б. 266-273
ISSN 1683-1667
274
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
ӘОЖ 37.01:316.6
Достарыңызбен бөлісу: |