Қорытынды
Ел есінде сақталатын айтулы оқиға Ұлы Отан соғысына біздің еліміздің өзінен қаншама жауынгер батырларымыз қатысып, елеулі ерліктерімен көзге түсті. Олардың арасында нәзік жандыларымыз да аз болған жоқ-ты. Олардың арасында Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова атты қыршынынан қиылған батырларымыз бүгінде айтылатын тарихи тұлғаларымыз. Ақтөбе облысы Қобда ауданында туылған, жастайынан анасынан айырылып, аз жылдар нағашысының қолында болып, кейін отбасы жағдайына байланысты балалар үйіне тапсырылып, соғысқа да сол жақтан аттанады. Мерген 2-ші Прибалтика майданы, 22-ші армия, 54-ші атқыштар бригадасының ефрейторы. Псков облысындағы Новосокольники темір жол станциясы маңында немістердің тірек пунктін алу кезінде 1944 жылдың 15ші қаңтарында ерлікпен қаза болды. Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 4 маусымында көрсеткен ерлігі үшін ефрейтор Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Әлия Молдағұлова туралы ғылыми жобамды қорғау арқылы мен арыстарымызды мақтан тұтатынымды айтқым келеді. Ақтөбедей киелі жерде туылған Әлия апамыздың рухына тағзым етіп, құрмет көрсету, ерлігін мақтанышпен айту - біз секілді дарынды жас ұрпақтың міндетінде.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. Арыстар тұғыры. (Екінші кітап)./ М.Қ.Қозыбаев.- Алматы: Ғылым, 1998.- 280 б.
2. Әбдәкімов А. Қазақстан тарихы. Астана, 1999.
3. Қозыбаев М.К. История и современность. Алматы, 1991.
4. «Қазақ ССР энциклопедиясы» 12 том.
Достарыңызбен бөлісу: |