«Шығыстың шоқ жұлдызы Әлия Молдағұлова»


Соғыс жылдарындағы Әлия батыр



бет3/5
Дата07.04.2023
өлшемі34,33 Kb.
#80204
1   2   3   4   5
2.Соғыс жылдарындағы Әлия батыр. Әлия соғыс жылдарында аса ауыр оқиғаларды басынан өткереді. Әлияның көзін көрген майдангер жазушы Жекен Жұмахановтың «Майдан дәптерінде» адам өлтіру түгілі тауық өлтіріп көрмеген» қайсар да нәзік қазақ қызының не себепті «көзі жасты, көңілі бос бола тұра шортынан қайтып, белді берік байлап, солдат болғаны» айтылады. Әлиямен арнайы іздеп барып сөйлескен сұхбатында мерген қыз жазушыға жаудың жауған оғынан тас-талқаны шыққан Ленинград туралы, өртеніп, күлі көкке ұшқан балалар үйлері, мектептер, балалар бақшалары туралы, өртеніп жатқан үйлердің бірінен жүгіре шыққан 9-10 жастар шамасындағы Володя деген бала туралы айтып береді. Сол әңгіменің ауанына ойыссақ, Володяны жетегіне алған Әлия дамылсыз жүгіріп келе жатқанда аспан гүрілге толып, бомба сол маңның астан-кестеңін шығарады. Володя қайтыс болады. Володяның сүйегін көтеріп жүрген сол сағаттарда мен қатаң бір мектептен өттім. Сол күні түнде ұйқы көргенім жоқ, қол-аяғы былқ-сылқ етіп, телмірген ай сәулесінде жатқан Володя көз алдымнан кетпей қойды, қаланы кезіп кеттім де, военкомат атаулының бірін тауып алып арыз еттім: «Мені майданға жіберіңіз, жауды көбірек құртатын жұмыс тапсырыңыз» деп жаздым, солай деп айттым, солай деп жыладым. Военкомның алдынан кетпей қойдым, көз алдыма мөп-мөлдір көздері жайнап, Володя тұрып алды, — дейді Әлия. (Ж.Жұмаханов. «Майдан дәптерінен»).
Жақындары Әлия жайлы: Айтқанынан қайтпайтын қайсар қызды военком авиация техникумына жіберді. Сабақты үздік оқыған Әлия, дәрігерлер ұшқыш болуға «жүрегі жарамайды» деп диагноз қойғаннан кейін, снайперлік оқуға ауысады. Әлия мұнда да үздік оқыды. Ол мергендер мектебіне қабылданғанда бар болғаны 16-ақ жаста болыпты… Әлияның жаны соншалықты нәзік, кіршіксіз, бауырмал, достыққа адал, аса кішіпейіл әрі намысқой, өжет, қандай қиындыққа да қасқайып қарсы тұрар ер- жігітке тән мінезі барын ұстаздарының, достарының, көзін көрген жолдастарының естеліктері айғақтайды.
«Лияның бойында балаларда тым сирек кездесетін бір қасиет бар еді: ол әрбір кішігірім нәрседен көпті аңғарып, әрдайым байыпты да байсалды көзқарас танытатын. Жалпы оның ұйымдастырушылық қабілеті зор еді. Адалдығымен, әділдігімен көзге түсетін» — деп жазады Вятск орта мектебінің мұғалімі Елена Зарубина.
«Лияш кіршіксіз адал әрі бауырмал, аяулы жан еді. Оның қасында болған кімде-кім әрқашан достықтың, жолдастықтың не екенін сезініп, оны өзінше сүйеніш тұта алатын. Ол аса кішіпейіл еді. Маған майданнан жазған хаттарында өзінің ерлік істеріне ешқашан мақтанған емес» — деп еске алады ВЛКСМ Орталық Комитеті жанындағы мергендер даярлайтын Орталық әйелдер мектебі саяси бөлімінің бастығы, отставкадағы полковник Екатерина Никифорова.
«Мен соғыстың ақырына дейін болдым және адамдарымыздың өлімге қасқая қарсы шайқасқанын көруіме талай рет тура келді. Сонда да, тап Лиядай өршелене, өжеттене ұрыс салған адамды көрген емеспін» — дейді мергендер мектебіндегі курстасы, ең жақын жауынгер серігі Надежда Матвеева.
Ағылған адам қанының, атқылаған бомбаның астында жүрсе де Әлия туған сіңлісіндей болып кеткен нағашы сіңлісі Сапураға үмітке толы хат жазатын. «Күні ертең жеңіске жетеміз, елге қайтып, сендермен құшақтасамыз» — деген сарындағы хаттары туған жеріне деген сағынышқа, арманға толы еді.
… Әлияның майдан даласында жасаған ерліктерінің барлығы жазылды. Оның «Отан үшін алға!» ұраны нағыз ерліктің ұранындай болып кетті.
«1944 жылдың қаңтар айында немістер бекініп алған Казачиха деревнясына шабуыл басталды. Кеңес жауынгерлері жауға қаһарлы түрде шүйлікті. Қашаннан бергі әдетінше, Лия Молдағұлова өзінің жаужүрек жолдастарының алғы сапында болды.
— Ура! Отан үшін! — деп ұрандаған Молдағұлова жауынгерлерді соңына ертіп, алға ұмтылды. Оның дәл көздеген оғынан 8 неміс солдаты қаза тапты. Траншеяда кескілескен шайқас басталды. Немістер шыдай алмады. Молдағұлова ет қызуымен алға озып, неміс траншеяларына еніп кетті. Блиндаждан неміс офицері шыға келіп, қызды ұстап алды. Жекпе-жек басталды. Күш тең емес еді. Лия фашистік хайуанның тырнағынан сытылып шықты да, неміс офицеріне автоматтан оқ жаудырды. Дәл сонымен қабаттаса мылтық дауысы естілді — фашист Лия Молдағұлованың кеудесіне пистолетпен атып үлгерді» — деп жазылған марапат парағында. Өзінің жаны үзіліп бара жатқанда Әлия немістің 78-інші солдатын жер жастандырып үлгерген еді… Бұл 14 қаңтар күні болатын. Әлия 13 қаңтар күні Сапураға жазған ең соңғы хатын «Сәлем саған, Отаным!» деп бастапты… 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет