Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет41/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55
криминалистік диагностика
(Криминалистическая диагностика) – теориялық білім. К.д. 
міндеттері: топтастырылған, диагностикалық, жағдайлық мəндеттерді шешу.
криминалистік қарутану
(Криминалистическое оружиеведение) – криминалистік 
баллистикадан жəне суық қаруды зерттеуден құрылған, криминалистік техниканың 
саласы. Аталған бағыттардың əрқайсысы объектілердің өз шеңберін зерттеуді жəне соған 
сəйкес оларды анықтау, алу, зерттеу бойынша ұсынымдарды дайындайды.
криминалистік қолжазбатану
(Криминалистическое почерковедение) – криминалистік 
техникада құжаттарды криминалистік зерттеу саласының құрамдас бөлігі. Оның зерттеу 
объектісі жазбаларда жəне қолтаңбаларда бейнеленген адамның қолжазбасы болып, 
идентификациялық жəне идентификациялық емес міндеттерді шешу үшін адамның 
қолжазбасын зерттеу бойынша ұсынымдарды дайындайды.
криминалистік жарылыстану
(Криминалистическое взрывоведение) – криминалистік 
техниканың бағыты, оның зерттеу объектілері: жарылыс құрылғылары, жарылыс заттары, 
жарылыс іздері болады. Жарылыс құрылғыларын қолданумен байланысты объектілерді 
анықтау, бекіту, алу, зерттеу бойынша ұсынымдарды дайындайды.
криминалистік одороголия
(Криминалистическая одорология) – криминалистік 
техникадағы бағыт. Оның зерттеу объектісі иістік іздер болып табылады. Иістік іздерді 
анықтау, бекіт, алу, зерттеу бойынша ұсынымдарды дайындайды.
криминалистік фотография
(Криминалистическая фотография) – дəлелдемелерді 
зерттеуде жəне бекітуде пайдаланылатын ғылыми жағдайлар мен фотографиялық 
əдістемелердің жүйесі.
криминалистік фотография және бейнежазба
(Криминалистическая фотграфия и 
видеозапись) – криминалистік техниканың саласы. Тергеу əрекеттерін жүргізу кезінде 
қолданатын ережелердің жəне соларға негізделген түсіндеру тəсілдерінің əдістерін жəне 
түрлерінің жүйесін құрайды. Осы салада келесі бағыттар: бейнелеу жəне зерттеу түсіруі 
айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет