Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет44/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55
криминалистік әдістеме
(Криминалистік методика) – қылмыстың жеке түрлерін тергеу 
əдістемесі, жеке теория – криминалистиканың бөлімі; қылмыстың алдын–алуға жəне оған 
тергеу жүргізуге жəне ұйымдастыруға ғылыми жағдайлар жəне оның негізінде оларды 
жетілдіруге негізделген ұсыныстар жүйесі. К.ə. жүйесіне жалпы ережелерінен басқа 
жекеше криминалистік əдістемелер кіреді. К.ə. криминалистік техника мен криминалистік 
тактиканың қылмыстың нақты бір түрін тергеудегі міндеттеріне қарап біріктіретін 
криминалистиканың синтездік бөлімі. К.ə. ғылыми жағдайларының жүйесіне – 
қылмыстың криминалистік сипаттамасы, қылмысты тергеуді ұйымдастырудың жалпы 
қағидалары, қылмысты алдын алу жəне тергеу əдістемелерін құрау қағидалары кіреді.
кіші калибр
(Малый калибр) – ұңғылы ату қаруының калибрі. Өлшемі 6,5 мм–ге дейін.
кәсіби этиканы сақтау
(Соблюдение профессиональной этики) – сараптама жүргізу 
барысында, сондай–ақ сот–сараптама қызметінің өзге де аясында пайда болатын барлық 
жағдайларында сот сарапшысының жоғары əлеуметтік мəртебесіне лайықтылығы, сот 
сарапшысының «ғылымды бүркеншік ете отырып сот озбырлығына» қатыстылықты 
принципті түрде болдырмау.
кешенді зерттеу
(Комплексное исследование) – 1. белгілі бір мамандықтың сарапшысы əр 
түрлі əдістерінің жиынтығын пайдалану арқылы жүргізетін сарапшылық зерттеуі; 2. 
бірыңғай мамандықтар шеңберінде əр түрлі əдістік мамандығы бар сарапшылардың 
жүргізетін сарапшылық зерттеуі. 
кешенді сараптама
(Комплексная экспертиза) – сот сараптамаларының əр тектері 
(түрлері) үшін сараптаманың алдына қойылған жақын, шектес сұрақтарды шешу үшін 
жүргізілетін жəне ол бір ғана білім саласы негізінде шешілмейтін сарапшылық зерттеу.
комиссиялық сараптама
(Комиссионная экспертиза) – тергеушінің (соттың) қаулысы 
(ұйғарымы) бойынша бір немесе бірнеше мамандықтағы сарапшылар комиссиясының 
жүргізетін сарапшылық зерттеуі. Комиссиялық сараптама күрделі, соның ішінде көп 
объектілі жəне кешенді зерттеу жүргізу қажеттілігі жағдайында, сондай–ақ сарапшылық 
зерттеудің объективтілік дəрежесін көтеру мақсатында тағайындалады. Сарапшылық 
комиссияның мүшелері қойылған сұрақтар бойынша бірлескен қорытынды береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет