Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет46/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55
көлік құралдарының іздері
(Следы транспортных средств) – протекторлардың, шонақ 
борттарының сыртқы құрылысын бейнелейтін іздер, көлік құралын пайдалану үшін 
қолданылатын заттар. Бұл іздер бойынша бірқатар мəн–жайлардығ соның ішінде көлік 
құралының тобын, маркасын, моделін, жылдамдығын, қозғалыс бағытын, тасымалдаушы 
жүкті анықтауға, нақты көлік құралын идентификациялауға болады.
қару
(Оружие) – тірі организмді жəне басқа да объектілерді қиратып, жоқ етуге 
пайдаланылатын арнайы қару есебінде жасалған құрылғы. Криминалистік тəжірибеде 
мұндай құрылғылар оқ ататын жəне атылмайтын/қылыш, найза/ қару болып екіге бөлінеді. 
қараудың статикалық сатысы
(Статическая стадия осмотра) – қараудың жұмыс жасау 
кезеңі шартты түрде статикалық жəне динамикалық сатыға бөлінеді. Қ.с.с. тергеуші қарау 
кезінде ештеңеге тиіспейді, заттарды табылған сол күйінде орнынан жылжытпай
бағдарлап, шолып жəне түйінді түсіріп, хаттамаға бекітеді.
қорғасыннан жасалған пластина
(Свинцовая пластина) – ұрлық жасауға қолданылатын 
техникалық құрал. 
қолжазудың еркін үлгілері
(Свободные образцы почерка) – сараптама тағайындалып 
отырған адамның – қылмыстық іске еш қатысы жоқ, қылмыстық іс қозғалмай тұрып 
жазған қолжазуы. 
қаумалап қоршау
(Облава) – қылмыскерді ұстап алу үшін оның тұрғылықты не болуы 
мүмкін жерді қаумалап қоршауға алу.
қолжазудың эксперименталды үлгілері
(Экспериментальные образцы почерка) – 
қолжазу үлгілерінің бір түрі. Тергеуші, сот – сараптама тағайындау кезінде қолжазу 
үлгілерін алады.
құпия – жасырын жер 
(Тайник) – іске маңызы бар заттар: қару – жарық, есірткі заттары 
жəне т.б. объектілерді арнайы кұпия орын жасап тергеудегі іздестіру жұмыстарын 
қиындатады. Криминалистикада құпия жасырын орынды анықтауға арналған техникалық 
құрал-жабдықтармен жете-зерттелген əдic-тəсілдер ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет