Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет5/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Глоссарий

сот-наркологиялық сараптама
- адамның денесi мен психикалық жағдайына жəне өзге 
де материалдық объектiлерге, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық, əкiмшiлiк процестерде 
материалдарға зерттеулер жүргiзуден жəне шешiлуi сот наркологиясы саласындағы 
арнайы ғылыми бiлiмдi талап ететiн мəселелер бойынша сот сарапшысының не сот 
сарапшылары комиссиясының қорытынды беруiнен тұратын iс жүргiзу əрекетi; 
сот-психиатриялық сараптама
- адамның денесi мен психикалық жағдайына жəне өзге 
де материалдық объектiлерге, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық, əкiмшiлiк процестерде 
материалдарға зерттеулер жүргiзуден жəне шешiлуi сот психиатриясы саласындағы 
арнайы ғылыми бiлiмдi талап ететiн мəселелер бойынша сот сарапшысының не сот 
сарапшылары комиссиясының қорытынды беруiнен тұратын iс жүргiзу əрекетi;
сот сарапшысы
- қылмыстық iс жүргiзу, азаматтық iс жүргiзу жəне əкiмшiлiк 
заңнамасына сəйкес iстiң нəтижесiне мүдделi емес, арнайы ғылыми бiлiмi бар, 
қылмыстық, азаматтық не əкiмшiлiк процестi жүргiзетiн орган немесе адам сот 
сараптамасын жүргiзудi тапсырған адам; 
сот сарапшысының қорытындысы
- Қазақстан Республикасының қылмыстық iс 
жүргiзу, азаматтық iс жүргiзу, əкiмшiлiк заңнамасында көзделген тəртiппен ресiмделген, 
сот сараптамасын тағайындаған сарапшы (адам) немесе тараптар сот сарапшысының 
алдына қойған мəселелер бойынша ғылыми негiзделген қорытындылар;
үлгiлер
- анық шығу тегi бар, зерттеуге жарамды материалдық əлемнiң объектiлерi 
Кешендi сараптама
- iс үшiн маңызы бар жағдайларды анықтау үшiн əртүрлi бiлiм 
саласының негiзiнде зерттеулер жүргiзу қажет болған кезде тағайындалады жəне оны 
əртүрлi мамандықтағы сарапшылар өз құзыретiнiң шегiнде жүргiзедi. 
Қосымша сараптама 
- қорытынды толық немесе жеткiлiктi түрде айқын болмаған, 
сондай-ақ осының алдындағы зерттеумен байланысты қосымша мəселелердi шешу қажет 
болған жағдайда тағайындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет