Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет9/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Байланысты:
Глоссарий

адамдарға сауал қою
– жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар 
нақты ақпаратты осы ақпарат бар немесе болуы мүмкін сауал қойылған адамның 
сөздерінен жинау; 
анықтамалар алу
– қызығушылық туғызатын ақпарат бар немесе болуы мүмкін тиісті 
жеке немесе заңды тұлғаға ресми сауал жіберу жолымен жедел-іздестіру қызметінің 
міндеттерін шешу үшін маңызы бар нақты ақпарат алу; 
арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасы
– заңмен қорғалатын адамның жеке өміріне 
араласпаушылықты, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарламалары мен почта 
жөнелтілімдері құпиясын, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығына тікелей 
қатысты жедел-іздестіру іс-шарасы;
арнаулы техникалық құралдар
– жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 
ақпаратты табу жəне оны құжаттау үшін арнаулы функциялары, бағдарламалық 
қамтамасыз етуі мен конструкциялық ерекшеліктері бар құрылғылар, аппаратура, 
тетіктер, жабдық; 
 байқау
– жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар құбылыстарды, 
əрекеттерді, оқиғаларды, процестерді көру арқылы əрі өзгеше қабылдау жəне анықтау;
байланыс желілеріндегі жедел іздеу
– телекоммуникациялар желілері жəне почта 
байланысы арналары арқылы берілетін ақпаратта құқыққа қарсы əрекеттің белгілерін табу 
жөніндегі жасырын іс-əрекеттер;
байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге де 
техникалық құралдардан ақпаратты алу 
– ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға, 
сақтауға, іздеуге жəне таратуға арналған, электрлі байланыс желілері, компьютер 
желілері, деректер базалары, телекоммуникациялық жəне ақпараттық жүйелер арқылы 
берілетін ақпаратты арнаулы техникалық құралдармен жасырын алу; 
бақыланатын өнім беру
– еркін өткізуге тыйым салынған не айналымы шектелген, 
сондай-ақ қылмыстық қол сұғу объектілері немесе құралдары болып табылатын нəрсе-
лердің, заттардың жəне өнімдердің берілуіне, сатып алынуына, сатылуына, орын 
ауыстыруына бақылау орнату жолымен қылмыстық əрекеттің белгілері туралы ақпарат 
алу тəсілі; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет