Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет39/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   55
криминалистік жорамал
(Криминалистическая версия) – бұл тергеушінің /сарапшы, 
маман, сот, прокурор, адвокаттың/ тергеудің белгілі бір кездеріндегі туындаған 
жағдайларға, жиналған айғақты дəлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу 
тетігі жəне қылмыстың басқа да мəн–жайлары жөніндегі ой–пікірі. Болжаудың типтік, 
жалпы, жеке жəне т.б. түрлері болады. Тергеуші болжаудың дұрыстығын тексеру үшін 
ревизия, аудит жəне т.б. тексеру шараларын ұйымдастырып, тергеу əрекетінің жоспарын 
құрады.
куәландыру
(Осведетельствование) – іске қатынасы бар кейбір сұрақтары анықтау үшін 
адамның денесін, киген киімін қарап тексеруді қажет ететін тергеу əрекеті. 
Куəландырудың өзі тергеу жəне медициналық болып екі топқа бөлінеді. Тергеу 
куəландырылуы тергеу қарауының бір түрі болғандықтан, куəгерлердің, ал қажет болған 
жағдайда, дəрігердің қатынасуымен өткізіледі. Бұл тергеу əрекетін жүргізу арқылы 
куəландыратын адамның денесінде, киімінде қылмыстың іздері/ дақ, балшық жəне т.б./ , 
не басқа да ерекше белгілердің бар-жоқтығы тексеріліп анықталады. 
көрсетпелерді нақтылау(
Детализация показаний) – жауап алу кезінде қолданылатын 
тактикалық əдістердің бірі. Криминалистикада негізінен бұл əдісті жауап алынатын 
адамның алибиін тексеру үшін қолдануды ұсынады. Тергеуші алиби мен байланысты 
тергеліп отырған іс–жағдайы жөнінде сезікті немесе айыпкерден толық əрі жан–жақты 
түрде жауап алуы қажет.
криминалистиканың 
жалпы 
теориясы
(Общая 
теория 
криминалистики) 
– 
криминалистика ілімінің теориялық жəне методологиялық негіздері, криминалистикалық 
түсініктер, категориялар жəне терминдер. Криминалистиканың бұл бөлімінде төмендегі 
сұрақтар қаралады: криминалистиканың пəндік сипаттамасы, оның маңызы, міндеттері
жүйелі бөлімдері жəне өзі тектес заң ғылымдары арасындағы орны, қылмыскер жөнінде 
сонымен қатар қылмыстың механизмі жəне қылмыстың басқа да мəн–жайы жөнінде 
керекті мəліметтерді, айғақтарды іздеп табу, бекіту, зерттеу үшін пайдаланылатын 
криминалистік тəсілдер мен құрал–саймандар, криминалистік идентификация теориясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет