Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет42/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55
криминалистік есеп
(Криминалистический учет) – криминалистік техниканың саласы,
криминалистік маңызы бар объектілерді немесе мəліметтерді бекіту, жүйелеу бойынша 
ғылыми негізделген жүйені білдіреді. 
криминалистік ізтану
(Криминалистическое следоведение) – криминалистік техниканың 
саласы, өзінде криминалистік трассологияны, материалдарды жəне заттарды 
криминалистік зерттеуді, криминалистік одорологияны, материалдарды жəне заттарды 
криминалистік зерттеуді, криминалистік одорологияны жəне басқа бөлімдерін құрайды. 
Оның зерттеу объектілері кең мағынадағы қылмыстың іздері болады. 


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 23 Барлығы 
30
криминалистік габитоскопия
(Криминалистическая габитоскопия) – криминалистік 
техниканың саласы. Адамның бейнесін зерттеп, адамның бейнесін суреттеу бойынша 
ұсынымдарды дайындайды.
криминалистік трассология
(Криминалистическая трассология) – криминалистік 
техниканың саласы болып табылатын, криминалистік əзтанудың құрамдас бөлігі. 
Трассологияда із пайда болудың механизмі, оның заңдылықтары зерттеліп, іздерді 
анықтау, бекіту, алу, зерттеу бойынша ұсынымдар дайындалады.
криминалистік баллистика
(Криминалистическая баллистика) – криминалистік 
техниканың саласы болып табылатын криминалистік қарутанудың құрамдас бөлігі. К.б. 
атылатын қару–жарақты, оқ–дəріні, ату іздерін зерттеп, атылатын қару–жарақты 
қолданумен байланысты іздерді анықтау, алу, зерттеу, бойынша ұсынымдарды 
дайындайды. 
криминалистік диагностика
(Криминалистическая диагностика) – материалдық 
объектінің жаратылысын жəне күйін анықтау. Диагностикалық зерттеу жолымен, мысалы 
мынадай сұрақтарға жауап алуға болады: іздер қандай қолмен жəне қандай саусақпен 
қалдырылған? Құжатты химиялық реактивтер қолдану белгілері бар ма? Бояғыш зат 
құйылған құжаттың алғашқы жазылған мəтіні қандай болған? Қарудың бекіту 
құрылығында бөтен заттардың іздері бар ма? Зерттеуге түскен зат оқ ататын қару бола 
алады ма? жəне т.б. Криминалистік диагностиканы криминалистік идентификациядан 
ажырата білу керек. К.д. термині 1972 ж. В.А.Сиетковпен ұсынылған.
кастет 
– қорғасыннан немесе темірден қолдың (саусақтардың) қалпына келетіндей етіп 
құйылған (жасалынған), ауыр соққы беру үшін арналған суық қару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет